Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 болим - охрана труда.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.51 Кб
Скачать

2 Автоөзіаударғыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі қауіпті, зиянды өндірістік факторларды азайту шаралаы

Жұмыс барысында туындауы мүмкін адам өмірі мен денсауығына қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша азайту үшін автокөлік кәсіпорындары заңнамамен бекітілген ережелер бойынша жобалануыу қажет және автокөліктерге ТҚК мен Ж жұмыстары арнайы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүргізілуі керек. Дипломдық жобадағы автокөлік кәсіпорыны «Өндірістік объектілерді жобалаудың санитарлық нормалары» СНиП 2-.02-05-2002 және «Құрылыс пен ғимараттардың өрт қауіпсіздігі» СНиП 2.02-05-2002 санитарлық нормалары мен ережелерін сақтай отырып жобаланған.

Автомобиль жөндеу шеберханаларында келесі арнайы талаптарды орындау қажет. Ацетиленді генераторлар төбесі жеңіл жабылған бір қабатты үйде және оның сыртқы қабырғасында орналасуы керек. Өндірістік ғимараттардың едендері саңылаусыз, шұңқырсыз және табалдырықсыз қатты жабылған болу керек, сондай-ақ статерлік дене динамикалық кедергіге қарсы тұратын қышқылдық, майдың әсеріне орнықтылығы болуы керек. Еденде ақшыл жолақтармен жүру шектері белгіленуі керек.

Машиналарды, агрегаттарды немесе бөлшектерді бояу үшін аккумуляторды зарядтау, сондай-ақ газ генераторы, ағаш кесу және жылу аппаратын жөндеу үшін бөлімшелер, дәнекерлеу, ұста, термикалық қаңылтыр мыс цехтарымен, учаскелерімен бір ғимаратта болуы тиіс емес. Ғимараттың ішкі және сыртқы есіктері жақын жерден ашылуы керек. Ғимаратты үрме желден және жедел суықтан сақтандыру үшін сырттан кіретін және шығатын жерлеріне тамбур орналастыру керек. Тамбур есіктері өзі жабылатын құралмен жабдықталуы керек.

Бір жақты қозғалыс кезіндегі автокөліктер үшін жол жүру ені 3,5 м болып белгіленеді, ол екі жақты қозғалыста 6 м. Қақпа ені 3 метрден кем болмауы керек, ал биіктігі 3,5 м.

Құрал-жабдықты дұрыс орналастыру қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік береді. Технологиялық құрал-жабдықтар машиналар мен торабтарды қабылданғаны жөнінде әдістеме технологиялық үрдісте, өндірістік бағдарламаларға құрал-жабдықтың өткізу қабілеттілігіне байланысты жоспарланады. Оларды машина торабы мен материялардың, бөлшектердің қозғалысы жұмысшыларға тиімді және қауіпсіз етіп орналастырады. Машиналар жөндеуді ағымды жүйеде жүргізу үшін өндірістік қондырғыны орналастырған кезде жүру және өту жолдары қарастырылады. Ол адамдарға қызмет көрсетіп, адам мен көліктердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, көліктер мен қондырғыларды тазалауға қолайлы.

Маневрде және сақтауда тұрған стеллаждары мен торцтарының арасындағы өту ені ең кемі 1 м, машина мен сыртқы қақпа арасы 2 м болуы керек. Қабырға мен қондырғы арасы 0,8 болуыкерек, ал олардың арасында өту жолы болмаса, онда олар бір-бірімен 1 м қашықтықта орналасуы керек, ал егер қондырғылар арасы бір жақты көлік өтетін жол болса 3,1 м, екі жақты қозғалыста 4,5 м болуы керек.

Автомобильдерді қабылдау, шашып жинау бойынша жұмыс орындары көлік көтеру құралдарымен жабдықталу керек. Гаражда, басқа да жұмыс үй-жайларында машина мен қондырғылар жанындағы жұмыс орындарында 36В қуатты жарық орнатылуы қажет. Машиналарды жөндеу кезінде ауаға шығатын газды станционарлық газ шығарғыштар арқылы жөндеу ғимаратынан алысқа шығаруды қамтамасыз ету керек.

Технологиялық құрал-жабдықтардың қызмет көрсету кезіндегі ең қауіптісі – кардандық қосылғыштар, сондай-ақ жөндеуден өткен машиналарда сынақтан және сыннан өткізу кезіндегі тораптар қозғалысының өңірлері мен өңделген бөлшектер өңірі. Сол себепті сынақтан өткізу кезінде машина мен құралдың айналатын және қозғалатын бөлшектерін, берілістің барлық түрлерін міндетті түрде қоршау қажет.

Істен шыққан қондырғымен, сондай-ақ арнайы киімсіз, бас киімсіз жұмыс істеуге тыйым салынады.

Жөндеу жұмысы кезінде және машиналарды техникалық тексеруден өткізу кезінде жуу жұмыстары кешенді түрде қарастырылады. Жуу жұмыстары кезінде мертігуге шалдығу себептері: жуу қондырғыларының істен шығуы, электр тогының соғуы, жүк көтергіш қондырғыларды іске қосу ережелерінің бұзылуы, жуғыш заттардан қорғану шараларын қолданбау.

Көптеген мертугілер адам терісін жеп қоятын улы заттармен жұмыс істеген кездегі күйіп қалу салдары (каустикалық сода, тетра этил күкірті, жұмысшылар көбіне істен шыққан көтергіш механизмдерді қолданған кезде жарақаттанады). Машиналардың сыртын жуу суық немесе ыстық сумен, тапаншалардың көмегімен, жабдықталған эстакадаларды немесе жабық жуу қондырғылар жуады.

Жуу эстакадалары мен қарау каналдары екі жақты сатымен жабдықталуы тиіс, сондай-ақ биіктігі 1,2 м эстакадалық жақтаулармен және биіктігі 1,15 м төменгі борт қаптамасымен жабдықталуы тиіс. Машиналардың қауіпсіз кіріп-шығуы үшін эстакадалар 30° бұрыштың алдыңғы және сыртқы аппорельді болуы керек. Үлкен көлемдегі кір және шаң қоқыстарын кетіру үшін түрлі тазалайтын материалдармен металды щеткалар пайдаланылады, щеткалар сабы ағаштан жасалуы керек. Агрегаттарды, тораптар мен бөлшектерді жуу, шашып жинау орнынан бөлек орналасқан арнайы жуу машиналарда жүргізіледі. Ондай машиналар жүктеме транспортерлермен, конвейерлермен жабдықталады. Жуу қондырғысынан бөлшектерді бірдей тастауға болмайды, оларды арнайы ілгіштерге ілу керек. Жууға берілетін ірі және ұсақ бөлшектердің ыдыспен бірге жалпы салмағы 50 кг болу керек.

Барлық жуу қондырғылары сору құралдарымен, желдеткішпен жабдықталуы тиіс.

Каустикалық содадан жасалған жуу қоспасын дайындайтын және жуу машинасын іске қосумен айналысатын жұмысшылар резеңке алжапқышпен, қалғаппен, ал каустикалық соданы кесу кезінде қорғаныс әйнектері бар резеңке бетпердемен қамтамасыз етілуі тиісті. Бөлмелер мен тораптарды жуу үшін бензинді пайдалануға тыйым салынады.

Камералық машиналар бөлшектерін каустикалық сода қоспасымен жуғаннан кейін қолды күйдіруден сақтау үшін бөлшектерді таза ыстық сумен мұқият жуу керек.

Егер жөндеу кезінде жуу машинасы мен камера ішінде адамдар болса, есік немесе перде ашық болуы тиіс, ал желдеткіш будың соруын қамтамасыз етуі керек.