Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответтер билеттің.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
532.72 Кб
Скачать

17. Атмосфераның және жердің жылулық балансы

Ауа температурасы

Ауаның температурасы табиғаттағы ауаның сапасын білдіретін қасиетінің бірі. Көптеген елдерде ауаның температурасы әлемдік температуралық шкаланың градусымен немесе Цельсиймен (0С) көрсетіледі. Бұл шкаланың нөл градусы мұз еритін температураға, ал +100˚ - судың қайнау температурасына сәйкес келеді. Алайда АҚШ-та немесе кейбір елдерде әлі күнге дейін тек тұрмыста ғана емес, сондай-ақ метеоролигияда да Фаренгейт шкаласын (F) қолданады. Бұл шкалада мұздың еру және судың қайнау нүктелері арасындағы интервал 180˚-қа бөлінген, мұздың еру нүктесі +32˚. Осылайша Фаренгейттің бір градусының мәні 5/9˚С, ал Фаренгейт шкаласының нөлі - −17,8˚С-қа тең. Цельсийдің нөлі +32˚F-қа сәйкес келеді, ал +100˚С = +212˚F.

Сондай-ақ теориялық метеорологияда температураның абсолюттік шкаласын (Кельвина шкаласы, К) қолданады. Бұл шкаланың нөлі молекулалардың жылулық қозғалысының толық жойылуын білдіреді, яғни ең төменгі мүмкін температура. Тәжірибеде абсолютті нөл ретінде −273˚С қолданылады. Абсолютті шкала бірлігі мәні Цельсий шкаласы градусына тең. Сондықтан да Цельций шкаласының нөлі 273 абсолютті шкалаға (273К) сай келеді. Абсолютті шкала кезінде барлық температуралар абсолютті нөлден жоғары болады.

Атмосфералық температура өзгерісі (инверсиясы).Атмосферадағы температура өзгерісі (инверсиясы) деп биіктікке көтерілген сайын ауа температурасының өсуіне байланысты өзгеретін метеорологиялық жағдайды айтады. Ауа температурасының биіктеген сайын қалыпты төмендеуі 100 м сайын 0,5 - 0,6С-ты құрайды. Жер бетінің температура инверсиясы оның жылуды қабылдауына байланысты болады. Ол тек жылдың жылы мезгілдеріндегі бұлт жоқ, ашық және желсіз түн мезгілінде ғана байқалады. Мұндай инверсиялардың қуаты көп емес, небары бірнеше метр, ал мөлшері - бірнеше градус.

Қыстың салқын уақытында жер беті температура инверсиясы тек қана түнде емес, сондай-ақ күндіз де байқалады. Олардың қалыңдығы бірнеше жүз метр, ал мөлшері 10 – 15 С және одан да жоғары болады. Әсіресе қыстың күндері, қар болған кезде инверсия қарқындылығы жоғары келеді; бұл жағдайда инверсиялық жағдайлар ұзақтылығы 5 – 7 тәулікке созылады.

18.Атмосфералық ауаны қорғауды басқару

А) Мемлекеттік басқару жүйесі

Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарындағы мемлекеттік басқару деп арнайы мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау ісіндегі нақты шаралардың нәтижелі болу үшін жұмыс ұйымдастыруын айтады.Мемлекеттік басқару жұмысы үш саладан тұрады:

- әлеуметтік-экономикалық жүйе;

- саяси-әкімшілік жүйе;

- мәдениеттік-әлеуметтік жүйе;

Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау саласы бойынша заңдары

Жер "Жер туралы зан", Жер қойнауы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану ", Су "Су кодексі"

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды заңды түрде реттеуді талап ететін мемлекеттік басқару мәселелері. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету «Азаматтар денсаулығын қорғау туралы», Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында бақылаулар «Қылмыстық кодекс», «Әкімшілік кодекс».

Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды ҚР Үкіметі, ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құзыретіне:

1) ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) ауаны қорғау саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу және ҚР президентінің бекітуіне ұсыну;

3) ауаны ластайтын шығарындыларды азайтудың тетігін енгізу;

4) ауаны қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламаны қалыптасытру және жүзеге асыруды қамтамсыз ету;

5) ауаны ластағаны үшін ақы төлеу тәртібін белгілеу және ақы нормативтерін бекіту;