- •1.Атмосфераның химиялық құрамы
- •2Санитарлық-қорғау зонасы
- •3.Ауаның биологиялық ролі
- •4.Өндіріс және атмосфералық ауаның ластануы
- •5 Атмосфера туралы түсінік
- •6.Ластаушы кәсіпорындар үшін зиянды заттардың шекті рауалы шығарындысының мөлшерін белгілеу
- •7.Атмосфера туралы ғылымдар
- •8.Ауаны талдау əдістері жəне ерекшеліктер
- •9)Метерологиялық бақылау әдістері
- •11)Метеорология мен климатология ғылымының даму тарихы бойынша қысқаша түсінік
- •12.Атмосфераның ластануы және оның тірі организмдерге әсері
- •13)Атмосфера құрылымы (стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера,тропосфера)
- •15. Ауа бөлшектерінің қозғалысы
- •16) Қоршаған ортаға әсерді бағалау
- •17. Атмосфераның және жердің жылулық балансы
- •18.Атмосфералық ауаны қорғауды басқару
- •19. Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері
- •20. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
- •21.Атмосферада энергияның пайда болу циклы
- •22.Ауа сынамаларын алу.
- •23.Атмосфера энергетикасының түрлері
- •24.Атмосфералық ауаны ластаушы заттардан тазалауға арналған қондырғылар кешені
- •25. Атмосферада әсер етуші күштер
- •26. Хроматографиялық талдау тəсілдері
- •27Атмосферадағы заттар айналымы
- •1.Су айналымы
- •2.Фосфор айналымы
- •3.Күкірт айналымы
- •4.Көміртек айналымы
- •5.Азот айналымы
- •28Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу
- •29.Әлемдік және аумақтық ластанудың әсері
- •30.Мемлекеттік кадастр ұғымы
- •31.Ауа сапасын үздіксіз бақылаудың әдістері
- •32. Экологиялық аудит
- •33.Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер
- •35.Атмосфералық ауаны ластаушыларды және зиянды заттардың жіктемесі
- •36.Көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды шығару, пайдалану кезінде атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу
- •37.Автокөлік қозғалтқыштарының газдарынан атмосфералық ауаның ластануы
- •38.Қр және дүниежүзі бойынша ең лас және ең таза қалаларға сипаттама
- •Зиянды заттардың үлкен көлемін шығаратын елдер ақш,Қытай,Үндістан,Ресей, Жапония
- •39.Ластаушы заттардың шығу тегі бойынша жіктелуі
- •40.Қазақстан бойынша атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштеріне талдау
- •41.Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау
- •42.Атмосфералық ауаға әсер етуші көздерді мемлекеттік есепке алу
- •43.Ластаушы заттарды атмосфералық ауаға шығаруға және ауаға зиянды әсерлерге лицензия беру
- •44.Атмосфераның ластануын бақылау әдістері
- •45. Атмосферада газ шығарындыларының сейілуі
- •46. Ластаушы заттардың қауіптілік кластары
- •47.Қоршаған ортаның (ауаның) сапасын бағалайтын нормативтер (шрк,шрт,шрш)
- •48.Қоршаған атмосфералық ауаны ластаушы заттардан биотехнологиялық әдістермен тазалау
- •49.Газ шығарындыларын зиянды заттардан тазалау
- •50. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау
43.Ластаушы заттарды атмосфералық ауаға шығаруға және ауаға зиянды әсерлерге лицензия беру
Ластаушы заттарды атмосфералық ауаға шығаруға және ауаға зиянды әсерлерге лицензия беру.
Лицензия деп лауазымды мемлекеттік органдардың кейбір жұмыс түріне беретін рұқсатын айтады.Табиғат пайдалануға берілген лицензия осы құжатты алған азаматтың немесе кәсіпорынның лицензияда көрсетілген табиғат пайдалану ісіне жұмыстарды жүргізуге құқығы барын айқындайды.Лицензия табиғатты пайдалануда маңызды құжат құжаттың бірі, ол Қазақстандық заңды тұлғалар мен азаматтарға, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтарға, халықаралық ұйымдарға беріледі.
Табиғат пайдалануға берілетін лицензияда мынадай мәліметтер болуы керек:
- лицензия иесі туралы деректер;
- қандай табиғат пайдалану түріне берілгендігі, табиғат пайдаланушының мақсаты;
- табиғат пайдаланудың шектері, лицензия пайдалану деңгейі,аумағы;
- табиғат пайдалану объектісінің сипаттамалары және лицензия бітер уақытында болар жағдайы;
- лицензия күшінің мерзімі,басталу уақыты;
- табиғатты пайдалану кезінде өтемақы төлеу реті;
- табиғи ресурстарды пайдалану мөлшері, көлемі, жағдайы;
- лицензия алушының табиғи ортаны қорғау бойынша міндеттері;
- лицензия алушының табиғи ортаны қорғау жұмыстарын қаржыландыру реті мен тәртібі;
Экологиялық жұмыстарға үш бағытта лицензия беру орын алған:
1.өндірістік қалдықтармен жұмыс істеу, сақтау, жинау істеріне;
2.экологиялық төлқұжат дайындау, сертификаттау, аудит жұмыстарын жүргізу;
3.қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына байланысты істер.
Қоршаған атмосфералық ауаны пайдалануға лицензия, ауаға ластаушы шығарындылар тастауға рұқсат түрінде беріледі;
44.Атмосфераның ластануын бақылау әдістері
Атмосфераның ластануын бақылау әдістері
Атмосферадағы қоспаларды талдау үшін газанализатор деп аталатын аспап қолданылады. Газанализаторлар атмосфералық ауаның ластануы туралы мәліметтерді үздіксіз алуға және ластаушы заттардың максималды концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл аспаптың ерекшелігі ауа сынамысын тәулігіне бірнеше рет алсада анықтай алмаған зиянды заттар мөлшерін дәл анықтап береді.
Газанализаторлар анықталатын қоспалар (СО2, N2О) түрлеріне, жұмыс істеу мүмкіндігіне, концентрацияларды өлшеу диапазонына байланысты бөлінеді. Бұл аспаптарда ауадағы қоспалар арнайы реагенттермен әсерлеседі. Қоспалар концентрациясын раекцияға түсу қарқындылығы мен сипатына қарай анықтайды. Аймақтық аспаптық талдау әдістері өндірістік аумақтағы немесе бірнеше өнеркәсіптерде ауаның ластануын бақылаудың автоматты жүйесіне негізделген. Мұндай автоматты бақылау жүйесі байланыс каналдары (телефон желілері) арқылы қоспалардың концентрациясы туралы мәліметтерді үздіксіз алуға мүмкіндік береді. Аймақтың немесе ірі өндірістің әртүрлі жерлерінде орналасқан автоматты газанализатордан түскен мәліметті телефон желілері арқылы орталықтағы индикаторлық таблоға салады, онда ол арнайы бағдарламаның көмегімен өңделінеді. Егер жеке орталықтарда қоспаның концентрациясы жоғары екені анықталса, онда қоспалардың шығу көзі анықталып, шығарындыларды азайту туралы нұсқаулар беріледі.
Ғаламдық мониторингты жүргізу үшін әртүрлі биіктіктерде атмосфераның әртүрлі газдармен (СО2, СО, СН4, NОх) ластануын анықтауға мүмкіндік беретін оптикалық және радиолокациялық аппараттар қолданылады.
Қазіргі кезде барлық елдерде атмосфераның ластануын қашықтан бақылау үшін лазерлерді пайдалануға көп көңіл бөледі. Лазер мен локатор қосындысынберетін аспаптар лидар деп аталады. Олардың көмегімен ауадағы қоспалардың кеңістікте таралуын анықтайды. Лазерлік аэрозольды спектрометрлар қалаларда, және оның сыртындағы аймақтардағы ауаның құрамындағы аэрозолдарды (түтіндер, тұмандар)автоматты режимде зерттеуге арналған.
Дифференциальды сканерлейтін лазерлік қондырғыларды электр станциялары мен өнеркәсіптер мұржаларынан шыққан желмен қозғалып келе жатқан ағыстағы SО2 мөлшерінің проценттік үлесін анықтауға арналған. Барлық жоғарыда келтірілген қоршаған ортаның мониторинг жүйесі мен әдістері табиғи ортаның жағдайы туралы мәлімтерді алуға және талдауға арналған.
