- •1.Атмосфераның химиялық құрамы
- •2Санитарлық-қорғау зонасы
- •3.Ауаның биологиялық ролі
- •4.Өндіріс және атмосфералық ауаның ластануы
- •5 Атмосфера туралы түсінік
- •6.Ластаушы кәсіпорындар үшін зиянды заттардың шекті рауалы шығарындысының мөлшерін белгілеу
- •7.Атмосфера туралы ғылымдар
- •8.Ауаны талдау əдістері жəне ерекшеліктер
- •9)Метерологиялық бақылау әдістері
- •11)Метеорология мен климатология ғылымының даму тарихы бойынша қысқаша түсінік
- •12.Атмосфераның ластануы және оның тірі организмдерге әсері
- •13)Атмосфера құрылымы (стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера,тропосфера)
- •15. Ауа бөлшектерінің қозғалысы
- •16) Қоршаған ортаға әсерді бағалау
- •17. Атмосфераның және жердің жылулық балансы
- •18.Атмосфералық ауаны қорғауды басқару
- •19. Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері
- •20. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
- •21.Атмосферада энергияның пайда болу циклы
- •22.Ауа сынамаларын алу.
- •23.Атмосфера энергетикасының түрлері
- •24.Атмосфералық ауаны ластаушы заттардан тазалауға арналған қондырғылар кешені
- •25. Атмосферада әсер етуші күштер
- •26. Хроматографиялық талдау тəсілдері
- •27Атмосферадағы заттар айналымы
- •1.Су айналымы
- •2.Фосфор айналымы
- •3.Күкірт айналымы
- •4.Көміртек айналымы
- •5.Азот айналымы
- •28Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу
- •29.Әлемдік және аумақтық ластанудың әсері
- •30.Мемлекеттік кадастр ұғымы
- •31.Ауа сапасын үздіксіз бақылаудың әдістері
- •32. Экологиялық аудит
- •33.Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер
- •35.Атмосфералық ауаны ластаушыларды және зиянды заттардың жіктемесі
- •36.Көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды шығару, пайдалану кезінде атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу
- •37.Автокөлік қозғалтқыштарының газдарынан атмосфералық ауаның ластануы
- •38.Қр және дүниежүзі бойынша ең лас және ең таза қалаларға сипаттама
- •Зиянды заттардың үлкен көлемін шығаратын елдер ақш,Қытай,Үндістан,Ресей, Жапония
- •39.Ластаушы заттардың шығу тегі бойынша жіктелуі
- •40.Қазақстан бойынша атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштеріне талдау
- •41.Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау
- •42.Атмосфералық ауаға әсер етуші көздерді мемлекеттік есепке алу
- •43.Ластаушы заттарды атмосфералық ауаға шығаруға және ауаға зиянды әсерлерге лицензия беру
- •44.Атмосфераның ластануын бақылау әдістері
- •45. Атмосферада газ шығарындыларының сейілуі
- •46. Ластаушы заттардың қауіптілік кластары
- •47.Қоршаған ортаның (ауаның) сапасын бағалайтын нормативтер (шрк,шрт,шрш)
- •48.Қоршаған атмосфералық ауаны ластаушы заттардан биотехнологиялық әдістермен тазалау
- •49.Газ шығарындыларын зиянды заттардан тазалау
- •50. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау
12.Атмосфераның ластануы және оның тірі организмдерге әсері
Адам қызметінің нәтижесінде пайда болатын тозаң мен газдардың жалпы мөлшері атмосфераның бүкіл массасымен салыстырғанда өте аз. Таза ауаның шамамен 240000 бөлігіне, ластанған заттың бір бөлігі келеді. Ластанған заттардың көпшілік бөлігі жер бетіне жақын үш километрлік қабатта шоғырланады. Ауаның түрлі заттармен ластануы, бүлінуі алғашқы кезде өнеркәсібі ерте дамыған Европа мен Америка елдерінде басталған.
Әлемнің бірқатар елдерінде қоршаған ортаның ластануы экономиканың және қоғамның одан әрі дамуына, қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығына үлкен мәселе тудырып отыр.
А) Ауа райының өзгеруі: Ауаның ластануы өнеркәсіп зоналарының өсуіне, біздің өмірдің технизациялануы және моторозациялануына байланысты артуы байқалады. Ауаға түсетін заттардың зиянды әсері олардың өзара реакциялары және метеорологиялық жағдайларға байланысты артуы мүмкін. Халық тығыздылығы жоғары және сонымен қатар зауыттар мен фабрикалар шоғырланған аудандарда ауаның ластануы өте тез . Ауа райына байланысты ауаның циркуляциясы шектелген күндері тұмша пайда болады. Тұмша – тұрғын және өндіріс кварталдары үстінде жай көзбен көрінетін атмосфераның ластануы. Ол жылу энергетикасы, өнеркәсіп түтіндерінен және транспорт түрлерінен шыққан газдардан пайда болады.
Ә) Транспорт және адам денсаулығы: Жылына әрбір автокөлік 4 тонна ауа пайдаланып, 800 кг көміртегі оксидін, 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді, 40кг азот оксидін атмосфераға бөліп шығарады. Автокөліктерден бөлінетін газдардың құрамы шамамен 200-дей заттар қоспасынан тұрады. Көліктің моторы әдетте жай айналымда болғанда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектерді көп бөледі, себебі отын толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді.
Б) Өндіріс және адам денсаулығы: Түрлі өнеркәсіптердің (қара және түсті металургия, химия, мұнай-газ) дамуына, пестициттер мен тыңайтқыштарды пайдаланудың арта түсуіне байланысты микроэлементтердің аса мол көлемінің халыққа тигізетін әсері де арта түсті. Микроэлементтер ағзада белгілі мөлшерде ғана болатындықтан, ол көбейген сайын улы заттарға айналады.
Адам организіміне гонадотоксикалық, нейротоксикалық, нефротоксикалық әсер етуінің мүмкіндіктері металдар бойынша келесідей орналастырылады: таллий, кадмий, сынап, күміс, барий, никель, мырыш.
13)Атмосфера құрылымы (стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера,тропосфера)
Атмосфераны зерттеуші мамандардың пікірінше Жер беті қашықтаған сайын атмосфера температурасы әртүрлі бірнеше аймақтардан тұрады.Температураны өзгеруі сипатына байланысты өзара бөлінген өтпелі аймақтардан – паузалардан тұратын бірнеше қабатшаларды бөлуге болады. Оларға тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера жатады.
Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты «тропосфера» деп аталады. Оның жоғарғы шекарасы полюстан 8- 10 км биіктікте, деңгейінен биіктігі – 10-12 км, экваторда -16-18 км, жазға қарағанда қыста төмен. Атмосфераның бұл қабатында барлық атмосфералық ауаның 80%- ы және атмосферада бар су суының 90% - ы орналасқан
Стратосфера атмосфераның 11 ден 50 км аралық биіктікте орналасқан ауа қабаты. Бұл қабаттың төменгі қабатында, 11-25 км-де температураның өзгерісі аз болады да стратосфераның жоғарғы қабатында немесе оны инверциялық қабат деп те атайды, температура -56,5- тен 0,8 С – қа дейін төмендейді.
Атмосфераның стратосфера мен мезосфера аралығындағы аралық қабат стратопауза деп аталады. Ондағы температура тұрақты.
Мезосфера 50 км биіктіктен басталып 80-90 км биіктікке дейін созылып жатыр.Оның температурасы биіктеген сайын орташа тіке градиентпен (0,25- 0,3)/100 м төмендейді.Негізгі энергетикалық процеске сәулелі жылуалмастыру жатады.
Мезопауза мезосфера мен термосфераның арасындағы аралық қабат. Температураның тіке орналасуы бойынша минимум (-90 С шамасынды)
Тенрмосфераның жоғарғы шегі – 800 км шамасында температура 200-300 км биіктікке дейін өсіп, 1500 К шамасында тоқтайды, биіктеген сайын оның осы мәні тұрақты болып қалады десе де болады. Ультракүлгін және рентгенді күн сәулесінің әсерінен және космостық сәулелену нәтижесінде ауаның иондануы жүреді.
14) Атмосфералық ауаның пестицидтермен ластануы,оларды тиімді
тиімді пайдалану әдістері.
Пестицидтердің қоршаған ортада таралуы олардың қолдану әдістеріне байланысты.Ауыл шаруашылығында пестицидтерді арнайы машиналармен бүрку,авиация көлігін пайдаланып,жоғарыдан шашуды көп қолдануына байланысты ауаның ластануы кездеседі.Табиғатта болатын көптеген шаруашылықтардағы зиянды жәндіктермен (шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа) күрес ісінде осы әдіс басты орын алады.Сонымен қатар егістіктерді құрғақ өңдеу және сумен қосып беру арқылы өңдегенде де булану арқылы немесе тозаңдану арқылы ауаға өтеді.Бұл жағдайда ауаның аймақтық ластануы орын алады.Кейбір пестицидтердің қолдануының өз ерекшеліктері бар,олардың қолдану аясын өте қатты бақылану керек. Дұрыс пайдаланған жағдайда олардың қоршаған ортаға әсері көп емес.Бірақ зерттеулер нәтижесінде ұзақ сақталатын пестицидтердің үлкен қашықтықтарға таралатыны анықталған,мысалы:Америкада қолданған ауыр пестицидтердің Антарктидаға дейін жеткен зерттеулермен дәлелденген.Бұл пестицидтер соңғы кезде өте зиянды деп танылып қолданылудан шығарылуда,оның себебі табиғи ортада ұзақ уақыт сақталатындығы және адам, жан-жануарлар организмдерінде ұрпақтан-ұрпаққа өтетін зардаптар қалдыратындығы болып отыр.
Бірақ қолданылатын көптеген пестицидтер атмосфералық ауаға өткенде фотохимиялық ыдырауға ұшырайды,себебі олар атмосферадағы оттек пен озон тотықтандыруына ұшырайды.Бұл қосындылар одан әрі ауадағы су буларымен қосылып,гидролизге ұшырайды.Осы реакциялар арқылы көптеген пестицидтер жылдам ыдырап табиғатқа сіңеді.Ауадағы қосындылар жауын-шашын арқылы басқа сфераларға өтеді. Пестицидтер зияндылығын азайту белгілі зиянкестерге ғана арналған түрлерін шығару орын алған,ал екінші бір бағыт пестицидтер пайдалануды ғылыми жолға қойып,техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.Соңғы кезде зиянкестерге қарсы гармоналды препараттарды қолдану дамып келеді.Пестицидтерді қолдану кезінде оларды ыдыратып,зияндылығын азайтатын заттар қосып,пайдалану жиі кездеседі. Біздің елімізде қолданылатын пестицидтердің тізімі жауапты органдар бақылауында болады. Пестицидтермен жұмыс аса жауапты болғандықтан,қолдану жоблары тиісті құзыретті органдардың келісілуі керек.
