Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответтер билеттің.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
532.72 Кб
Скачать

8.Ауаны талдау əдістері жəне ерекшеліктер

Ластанған ауаны талдаудың ең қиын объектілерінің бірі болып табылады. Ол келесі себептермен түсіндіріледі:

- жұмыс аймағының атмосферасы мен ауасы көп компонентті ластаушылар қоспасы болып табылады (құрамында əр түрлі класты көптеген улы заттар бар);

- зиянды заттектердің концентрациялары іздік мөлшерлердің немесе 104- 107% жəне одан төмен интервалының микроқоспалар деңгейінде болады.

- ластанған ауа ластауыштардың химиялық əсерінен жəне метожағдайлардың тұрақты өзгерісінің есебінен тұрақсыз жүйе болып табылады.

- тұрақсыз микроқоспалардың оңай гидролизденетін жəне реакцияласатын ластауыштардың (мысалы агрессивті биорганикалық газдардың ПАН жəне оның туындылары).

Ауалы ластанудың талдаудың мақсаты ластанған ауаның сандық жəне сапалық құрамы жəне оның өзгерісі туралы толық ақпарат алу болып табылады. Ол ауа ластануының дəрежесін болжау үшін, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізу үшін, гигиеналық жəне токсикологиялық зерттеулер үшін қажет.

9)Метерологиялық бақылау әдістері

Экологиялық бағыттағы оқу орындарынан алған білімді іске асыру үшін бұл құралдарды классификациялау керек. Классификация келесі белгілер бойынша жүргізіледі

Зерттелетін ортаның түрлері бойынша:

  • Атмосферадағы зянды қоспалардың концентрациясын өлшеуге арналған құралдар

  • Су сапасын анықтайтын құралдар

  • Топырақтың және қатты заттектердің күйін зерттейтін құралдар

Ақпарат алу әдістері бойынша:

  • Химиялық

  • Физико химиялық

  • Оптикалық

  • Электрохимиялық

  • Физикалық

  • Радиометрлер және дизометрлер

  • Электромагнитометрлер

  • Масс- спектрографтар

  • Шу өлшегіштер

Қолдану шарттары бойынша:

  • Стационарлы құралдар. Бұл құралдар прецизионды және қызметкерлердің жұмысы мен дайындалуы үшін арнайы жағдайларды талап етеді;

  • Экологиялық бақылаудың тасымалданатын құралдары.Көбінесе олар экспресс талдау құралдары деп аталады және жылжымалы экологиялық зертханада пайдаланылады.

10) Технологиялық процестерді экологизациялау

Технологиялық процестерді экологизация – бұл ең бірінші атмосфераны бүлдіретін зиянды ластаушы заттарды лақтырмайтын тұйық технологиялық циклдарды құру, қалдығы аз және қалдықсыз технологияға өту.

Өнеркәсіптік өндірісті экологизациялау келесі бағыттар бойынша дамуы тиіс:

- технологиялық процестерді жетілдіру;

қоршаған ортаға зиянды қоспалар мен қалдықтар лақтырылыстарын азайтатын жаңа технологияларды іске қосу;

өндірістің және өнеркәсіптік өнімдердің барлық түрлеріне экологиялық экспертизацияны кеңінен енгізу;

улы және қайта пайдаланылмайтын қалдықтарды улы емес және қайта пайдалануға болатын қалдықтармен ауыстыру;

Қоршаған ортаны қорғау құралдары мен қосымша әдістерді кеңінен қолдану.

Қорғаудың қосымша құралдары ретінде әртүрлі газ лақтырылыстарын тазалау жүйесі мен аппараттары қолданылады. Жоғарыда айтылған барлық шараларды қолдану нәтижесінде қоршаған ортаға лақтырылатын зиянды заттар мөлшері азайып, табиғи ресурстар толығымен пайдаланылатын болады.

11)Метеорология мен климатология ғылымының даму тарихы бойынша қысқаша түсінік

Метрология ғылымы практикалық түрде бұрынғы заманда пайда болған. Әр өлшем жүесінің өз ерекшеліктері бар. Ол тек қана заманымен ғана емес, менталитімен де ерешеленеді. Метрологияның күрт дамуына 1875 ж Метрикалық конвенцияның қорытындысы себепші болды.

Қазіргі кезде Метерология физика, химия, т.б жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірбиенің жоғары дәлдігіне сүйенеді.Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 ж Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 ж Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл,Ақтөбе , Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 жылы палата Алматыға көшірілді.Қазақстанның эталон базасын құруға және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар: М.Адайбеков, М.Басаров, А.Садықов, В.М.Кошелев,С.Үмбетов т.б Республиканың метерологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны қолданылады.

17-18 ғасырлары Климат пен оның заңдылықтары туралы бастапқы көзқарастар Ежелгі грекияда қалыптасты. 17-18 ғасырларда арнаулы құралдардың көмегімен жүргізілген метерологиялық бақылаулардың негізінде жазылған алғашқы климаттық деректер пайда болды.