Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответтер билеттің.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
532.72 Кб
Скачать
  • 42.Атмосфералық ауаға әсер етуші көздерді мемлекеттік есепке алу

  • Атмосфералық ауаға әсер етуші көздерді мемлекеттік есепке алу

  • Атмосфералық ауаға зиянды әсер ошақтарының иелері, зиянды заттар мен әсерлер көздері, атмосфераны ластаушы заттардың мөлшері мен құрамы, жағымсыз физикалық әсерлер түрлері мен көлемі мемлекеттік есепте болады.Бұл есептің тәртібі мен оны жүргізетін органдардың тізімін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі айқындайды.Осы есепті жүргізу үшін Мемлекеттік статистикалық үлгі қабылданған. Атмосфералық ауаны ластаушы табиғат пайдаланушылар осы үлгі бойынша мемлекет алдында есеп беруге міндетті.Ауаға зиянды әсерлер көздерін есепке алу ауаға ластаушы зиянды заттардың жағымсыз физикалық әсерлердің және ластау көздерінің тізімін алуға негізделген.

  • Экологиялық кодекстің 72-бабында ауаға зиянды ластаушы заттар мен әсерлер иелері (жеке және заңды тұлғалар) ауаны ластаушы зиянды заттар мен әсерлердің жобалық мөлшерлерін көрсететіні айтылған.Осы зиянды заттармен әсерлерді қоршаған ауаға таратуға нормативтер белгіленген. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бекіткен ереже бойынша ластаушы заттар мен әсерлер көздерерінің иелеріне, олардың арнайы сұраныстарының негізінде ластаушы зиянды заттар мен жағымсыз әсерлерді қоршаған атмосфералық ауаға шығаруға рұқсат беріледі.Кәсіпорындардың зиянды әсеріне, қауіптілік деңгейіне және Республика экономикасындағы алатын орнына байланысты олардың сұраныстары Министрліктің өзінде немесе облыстық басқармада қаралуы мүмкін.Атмосфералық ауаны қорғаудың есебінде ауаға шыққан лас заттар мөлшері, оларды тазарту және пайдалану мәліметтері, қоршаған ортаға зиянды заттарды шығару жөнінде бөлек мәліметтер, ластаушы заттар көздерінің тізімі және олардың жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері,ластауды азайту шараларының орындалуы туралы кәсіпорын жұмыстарының қорытындылары көрсетіледі.Зиянды ластаушы заттарды екі топқа бөліп қарауда кейбір аса зиянды заттармен жұмыс істеу ерекшеліктері көрсетіледі.

  • Бірінші топтағы зиянды заттар көп кездесетін, елді мекендерде жиі орын алған ластаушылар. Оларға қатты заттар,шаң тозаң түріндегі заттар,газ және сұйық (тамшы,тұман, бу) түріндегі заттар жатады.Мысалы: көміртектің қос тотығы (СО2) көмір сутектері т.б.

  • Екінші топқа аса зиянды заттардың тобына айрықша мән беріліп, себебі бұл топқа жататын зиянды заттар әдейі зиянсыздандыру шараларын талап етеді. Мысалы: сынап, кадмий, бензапирин т.б. жатады. Мұндай зиянды заттар орын алған кәсіпорындар аса қауіпті категорияға жатады.Атмосфераға ластаушы заттарды шығаратын көздерді тіркеу, жұмыс нәтижелерін бақылау, кәсіпорын қабылдаған ластануды азайту шараларының орындалуын қадағалайтын үлгі төменгі 1-кестеде көрсетілген.

  • Кесте-1 Атмосфераға ластаушы заттар шығаратын көздер

  • Кесте-2 Ластауды азайту шараларының орындалуы