- •1.Атмосфераның химиялық құрамы
- •2Санитарлық-қорғау зонасы
- •3.Ауаның биологиялық ролі
- •4.Өндіріс және атмосфералық ауаның ластануы
- •5 Атмосфера туралы түсінік
- •6.Ластаушы кәсіпорындар үшін зиянды заттардың шекті рауалы шығарындысының мөлшерін белгілеу
- •7.Атмосфера туралы ғылымдар
- •8.Ауаны талдау əдістері жəне ерекшеліктер
- •9)Метерологиялық бақылау әдістері
- •11)Метеорология мен климатология ғылымының даму тарихы бойынша қысқаша түсінік
- •12.Атмосфераның ластануы және оның тірі организмдерге әсері
- •13)Атмосфера құрылымы (стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера,тропосфера)
- •15. Ауа бөлшектерінің қозғалысы
- •16) Қоршаған ортаға әсерді бағалау
- •17. Атмосфераның және жердің жылулық балансы
- •18.Атмосфералық ауаны қорғауды басқару
- •19. Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері
- •20. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
- •21.Атмосферада энергияның пайда болу циклы
- •22.Ауа сынамаларын алу.
- •23.Атмосфера энергетикасының түрлері
- •24.Атмосфералық ауаны ластаушы заттардан тазалауға арналған қондырғылар кешені
- •25. Атмосферада әсер етуші күштер
- •26. Хроматографиялық талдау тəсілдері
- •27Атмосферадағы заттар айналымы
- •1.Су айналымы
- •2.Фосфор айналымы
- •3.Күкірт айналымы
- •4.Көміртек айналымы
- •5.Азот айналымы
- •28Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу
- •29.Әлемдік және аумақтық ластанудың әсері
- •30.Мемлекеттік кадастр ұғымы
- •31.Ауа сапасын үздіксіз бақылаудың әдістері
- •32. Экологиялық аудит
- •33.Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер
- •35.Атмосфералық ауаны ластаушыларды және зиянды заттардың жіктемесі
- •36.Көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды шығару, пайдалану кезінде атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу
- •37.Автокөлік қозғалтқыштарының газдарынан атмосфералық ауаның ластануы
- •38.Қр және дүниежүзі бойынша ең лас және ең таза қалаларға сипаттама
- •Зиянды заттардың үлкен көлемін шығаратын елдер ақш,Қытай,Үндістан,Ресей, Жапония
- •39.Ластаушы заттардың шығу тегі бойынша жіктелуі
- •40.Қазақстан бойынша атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштеріне талдау
- •41.Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау
- •42.Атмосфералық ауаға әсер етуші көздерді мемлекеттік есепке алу
- •43.Ластаушы заттарды атмосфералық ауаға шығаруға және ауаға зиянды әсерлерге лицензия беру
- •44.Атмосфераның ластануын бақылау әдістері
- •45. Атмосферада газ шығарындыларының сейілуі
- •46. Ластаушы заттардың қауіптілік кластары
- •47.Қоршаған ортаның (ауаның) сапасын бағалайтын нормативтер (шрк,шрт,шрш)
- •48.Қоршаған атмосфералық ауаны ластаушы заттардан биотехнологиялық әдістермен тазалау
- •49.Газ шығарындыларын зиянды заттардан тазалау
- •50. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау
3.Ауаның биологиялық ролі
Атмосфера ластанған жағдацда жаңбыр суына онда еріген азот және күкріт Оксидтері, тұздар қосылып ерітінді түзеді де « қышқыл жаңбыр» немесе « тұзды жаңбыр» жауады, тұмша да орын алады. Күн сәулесі энергиясының 30 % Жердің жоғарғы атмосфералық қабатынан шағылысып, ғарыш кеңістігіне тарайды. Ал оның 70 % жер асты жылуы мен теңіз тасқыны энергияларының қуатынан шамамен 3500 есе артық. Бұл өте көп энергия. Күннің жерге түсетін мол энергиясының бір бөлігі атмосфераға, мұхит пен құрлықтарға сіңеді. Температура төмендеген уақытта осы бөлігі жылу энергиясына айналады. Екінші бөлігі сулардың булануына және олардың айналып, қайта түсуіне шығындалады. Үшінші бөлігі теңіз және атмосфералық ағындарды туғызады. Ал төртінші – бір кішкене ғана бөлігін өсімдіктер бойына сіңіреді. Сөйтіп, жер бетінде ғажайып фотосинтез реакциясы жүреді.
4.Өндіріс және атмосфералық ауаның ластануы
Өнеркәсіп орындарына: химия, металлургия, құрылыс материалдары т.б. жатады.
Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауіптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға IV валентті көміртегі оксиді, IV валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді.
Металлургия өндірістеріндегі ірі күкірт қышқылды цехтар: Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған. Күкірт қышқылды цехтардан ауаға күкіртті газ бөлінетіні белгілі. Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2-3 аптадан, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады. Атмосферадағы ылғалмен әрекеттесіп - каталитикалык, фотохимиялық реакциялардың әсерінен тотығып күкірт қышқылын түзеді. Сөйтіп бұл қосылыстың қауіптілігі арта түседі. Күкіртті қосындылар ауа массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты формаларға ауысады.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер - жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды ұсақтау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді.
5 Атмосфера туралы түсінік
Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos –ауа және phaira-шар деген сөзден алынған. Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабыкшасы. Атмосфера – жерді қоршайтын жұқа газ қабаты, пияздың қабыршақтарына ұқсас бірінің үстінен бірі орналасқан бірнеше сфералық қабаттардан тұрады. Ауа осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. Атмосфераның жалпы массасы 5,51.10/15 тоннаға (500 триллион т) жуық, оның ішінде оттекке 105 триллион тонна, жыл сайын жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01%. Планетедағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда толық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі организмдер арқылы шамамен 2000 жылда өтеді. Оның ішкі беті гидросферамен, жартылай жер бетімен жанасып жатса, ал сыртқы беті космос кеңістігінің жер жақ бөлігімен шектесіп жатыр.
Атмосфера миллиондаған жылдар бұрын пайда болды, барлық тірі организмдер оның тұрақты құрамына әбден бейімделген. Оның газ қабатшалары тірі организмдерді ультракүлгін, рентген және космос сәулелерінен қорғайды. Атмосфера Жерді метеориттердің құлауынан қорғайды.
