Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответтер билеттің.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
532.72 Кб
Скачать

40.Қазақстан бойынша атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштеріне талдау

USAID-тің бағалауынша, Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздыққа аса бейім аймақтарға жатады.Республикада  атмосфераға таралған шығарындылар 2005 жылдан бері бір деңгейде қалып отыр (2,9 млн.тонн), әлемдік дағдарыс орын алып, жекелеген өнім түрлеріне деген сұраныс азайған тұста, яғни 2008 жылдан бастап өндіріс көлемі қысқарды, бұл шығарындылардың төмендеуіне себеп болды.

2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2,2 млн. тоннаны құрады, сонымен 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың деңгейі 4%-ға кеміді

  • 41.Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау

  • Қоршаған табиғи ортаның (ҚТО) сапасын нормалау

Экожүйе жағдайын бағалаудың ең тиімді әдісі – ауа құрамындағы зиянды заттардың шектік рауалды концентрацияын (ШРК) анықтау. Олар қазіргі уақытта қоршаған ортаның сапасының нормативтік негізін құрайды.

Шектік рауалды концентрация деп адам мен басқа да биологиялық объектіге тікелей немесе жанама зиянды әсер етпейтін, концерогенді, аллергенді, тератогенді (адам организміне генетикалық өзгеріс әкелетін) әсері болмайтын, әсер ету кезінде және алдағы уақытта зиянды кері әсері болмайтын ластану.

Атмосфералық ластанудың шектік мөлшерін анықтау кезінде шектік көрсеткіш кағидатын ұстанады. Егер зиянды заттың адам денсаулығына еш зияны болмайтындай концентрациясында иіс байқалса, онда оны мөлшерлеу үшін сезім шегін қолданады.

Алғаш рет ластаушы заттардың шектік рауалды концентрациясы кеңістік дәуір кезінде белгіленген, атмосфералық ауа үшін -1949 жылы енгізілген. Қазіргі кезде 1381 заттың ШРК - сы анықталған. 1 –ші кестеде тұрғын-елді мекендердегі ластаушы заттардың шектік рауалды концентрациялары берілген.

Кесте 1 Қазақстан Республикасы елді мекендері ауасындағы жеке қоспалардың рұқсат етілген шекті шоғырланулары мәні

Қоспаның атауы

ШРК мәні, мг/м3

Қауіптілік

тобы

бір реттік максималды

орташа тәуліктік

Көміртегі оксиды

5,0

3

IV

Азот оксиды

0,4

0,06

III

Азот диоксиды

0,085

0,04

II

Өлшенген заттар

0,5

0,15

III

Фенол

0,01

0,003

II

Формальдегид

0,035

0,003

II

Қорғасын

0,001

0,0003

I

Аммиак

0,2

0,04

4

Күкірт диоксиды

0,5

0,05

III

Күкіртті сутек

0,008

-

II

Хлор

0,1

0,03

II

Фторлы сутек

0,02

0,005

II

Озон

0,16

0,03

I

Хлорлы сутек

0,2

0,1

II

Хром (VI)

-

0,0015

I

Кадмий

0,0003

II

Күшән

0,003

I

Хром

0,0015

I

Мыс

0,002

II

Ластаушы заттардың шектік рауалды мөлшері, сондай-ақ оларды анықтау әдістері уақытша болып табылады және де халықаралық стандарттарға сәйкес техника мен ғылымның дамуына байланысты өзгеруі де мүмкін.

Ластаушы заттардың қауіптілік кластары

Қоршаған ортада артық мөлшерде жинақталған химиялық заттар тірі табиғат пен тұрғындар үшін зиянды салдарларын туғызады.

Зиянды заттар қоспаларының қауіпті қасиеті оның қоршаған ортада тұрақтылығымен, биоаккумуляцияға қабілеттілігімен, әртүрлі биологиялық түрлердің өкілдері үшін улылық шамасымен анықталады.

Организмге әсер ету дәрежесі бойынша зиянды заттар 4 қауіптілік класына бөлінеді:

I – өте қауіпті заттар;

II – тым қауіпті заттар;

III – орташа қауіпті заттар;

IV – қауіптілігі төмен заттар.

Қауіпсіздік көрсеткіштері екі топқа бөлінеді:

Бірінші топқа өте қауіпті көрсеткіштер – ұшатын заттар (немесе олардың туындылары) жатады, олардың суда және майда және де басқаларда ерігіштігі жоғары, мысалы, аэрозолдың дисперстілігі. Мұндай қасиеттер удың организмге тыныс алу кезінде, теріге түскен кезінде және т.б. енуі мүмкіндігін анықтайды.

Екінші топқа нақты қауіпті көрсеткіштер – токсикометрияның көп санды көрсеткіштері немесе олардың туындылары жатады.

Зиянды заттардың қауіптілік класының мөлшері мен көрсеткіштеріне байланысты тәуелділігі 2-ші кестеде берілген.