Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответтер билеттің.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
532.72 Кб
Скачать

3.Күкірт айналымы

Күкірт айналымы. Күкірт ең күшті және көп таралған ауа ортасының ластаушысының бірі. S-айналымының негізгі бұзылуы органикалық заттарды жағумен, күкіртті рудаларды өндірумен, топырақ-күкірт жүйесі циклінің бұзылуымен байланысты. Күкірт бұл кезде атмосфераға улы қосылыс түрінде, диоксид (күкіртті ангидрид) ретінде енеді. 

4.Көміртек айналымы

Атмосферадағы фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің органикалық заттарына еніп, әрі қоректену тізбегіне қатысады. Ағзалардың тыныс алу процесінде СО2 органикалық заттардан босатылады. СО2 негізгі массасы өлі органикалық заттардан редуценттермен (бактериялар, саңырауқұлақтар) бөлінеді.

Көміртегінің шамалы (аз) бөлігі И.В.Вернадскийдің айтуынша, заттар айналымынан «геологияға кетеді» торф, көмір, мұнай, су экожүйелеріндегі карбонаттар түрінде. Көміртегі циклінің негізгі бұзылуы геологиялық құрылымдардан бөлінетін заттарға байланысты.

5.Азот айналымы

Атмосфералық ауаның 78% азот құрайды. Топыраққа азот бірнеше жолдармен келеді. Көбіне аспанда найзағай ойнағанда, жаңбыр суымен келіп қосылады. Жанартаулар атқылағанда 1 шаршы км жерге шамамен 1 тонна азот қосылады. Бірақ ауадағы және топырақтағы бос азотты өсімдіктер пайдалана алмайды. Оны кейбір өте ұсақ организмдер, өсімдік тамырларында өмір сүретін бактериялар, судағы жасыл-көк балдырлар ғана байлап, өсімдіктер пайдаланатын түрге келтіріп отырады. Өте ұсақ организмдер жылына 1 шаршы км жерге 0,2 -0,5 тонна, тамырда өмір сүретін бактериялар 15 тен 40 тоннаға дейін байланған азот қосады. Органикалық қалдықтар шірігенде, ондағы азот нитрат түріне ауысып топыраққа сіңеді. Азоты бар минералды тыңайтқыштар қолданғанда да топыраққа байланған азот қосылады. Өсімдіктер азотты нитрат және нитрит түрінде пайдаланып, қоректік тізбек арқылы адамдарға, жануарларға береді. Организмдер өліп, қалдықтарын ұсақ организмдер мен бактериялар шіріткен соң, азоттың бір бөлігі тұзға айналып топырақта калса, екінші бөлігі молекула түрінде атмосфераға оралады.

28Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу

Мониторинг жүйесін атмосфераның сапасын реттеуге қолданады, өйткені атмосфералық ауаның жай-күйiн байқау, оның жай-күйiн кешендi түрде бағалау мен болжау, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды, ұйымдар мен халықты атмосфералық ауаның сапасы туралы ағымдағы және шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Атмосфералық ауа мониторинг жүйесі келесідей мәліметтерді жинауы, жүйелеуі және талдауы тиіс:

1 – атмосфераның жағдайы туралы;

2 – атмосфераның өзгеру себептерін (әсер ету факторлары мен көздері);

3 – атмосфераға келетін зияндарды, өзгеру мүмкіндігі жағдайын.

Мониторинг жүйесінің өзі қоршаған ортаны басқара алмайды, алайда алынған мәліметтер мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Мониторингті бірнеше топқа бөледі:

  1. ластану масштабы бойынша

  2. бақылау обьектілері бойынша

  3. бақылау әдістері бойынша

Ластану масштабы бойынша: ғаламдық, аймақтық, импактілі, негізгі.

Ғаламдық мониторинг биосферада болып жатқан бүкіл дүниежүзілік процестер мен өзгерістерді қарастырады, сондай өзгеру мүмкін жағдайларды қарастырады.

Аймақтық мониторинг белгілі бір жеке аймақтардағы процестер мен өзгерістерді қарастырады, яғни табиғи немесе антропогенді әсер етуден табиғи биологиялық процестердің және өзгерістерді зерттейді.

Импакты мониторинг зиянды қауіп төндіретін көздерде орналасқан қауіпті аймақтар мен жерлерді бақылайды.

Негізгі мониторинг антропогенді әсер ету болмайтын табиғи таза жерлердің күйін бақылайды (қорықтар).

Бақылау обьектілері бойынша:

1) атмосферада антропогенді өлшеу мониторингі

2) ластану көздері мониторингі

Ауаның жағдайы, жер беті сулары, климаттық өзгерістер, жер бетінің қасиеттері, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жағдайы сапасы мен мөлшері моиторинг кезінде анықталады.

Бақылау әдістері бойынша:

1) авиациялық;

2) спутниктік;

3) геофизикалық;

4) физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштер бойынша мониторинг.

Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторинг басқармасы – бірегей мемлекеттік жүйеде біріккен. Оған қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша бірнеше мекемелер мен кіреді:

- Гидрометеорлогия мен қоршаған орта мониторингі бойынша мекеме;

- Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;

- Денсаулық қорғау министрлігі.