- •1.Атмосфераның химиялық құрамы
- •2Санитарлық-қорғау зонасы
- •3.Ауаның биологиялық ролі
- •4.Өндіріс және атмосфералық ауаның ластануы
- •5 Атмосфера туралы түсінік
- •6.Ластаушы кәсіпорындар үшін зиянды заттардың шекті рауалы шығарындысының мөлшерін белгілеу
- •7.Атмосфера туралы ғылымдар
- •8.Ауаны талдау əдістері жəне ерекшеліктер
- •9)Метерологиялық бақылау әдістері
- •11)Метеорология мен климатология ғылымының даму тарихы бойынша қысқаша түсінік
- •12.Атмосфераның ластануы және оның тірі организмдерге әсері
- •13)Атмосфера құрылымы (стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера,тропосфера)
- •15. Ауа бөлшектерінің қозғалысы
- •16) Қоршаған ортаға әсерді бағалау
- •17. Атмосфераның және жердің жылулық балансы
- •18.Атмосфералық ауаны қорғауды басқару
- •19. Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері
- •20. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
- •21.Атмосферада энергияның пайда болу циклы
- •22.Ауа сынамаларын алу.
- •23.Атмосфера энергетикасының түрлері
- •24.Атмосфералық ауаны ластаушы заттардан тазалауға арналған қондырғылар кешені
- •25. Атмосферада әсер етуші күштер
- •26. Хроматографиялық талдау тəсілдері
- •27Атмосферадағы заттар айналымы
- •1.Су айналымы
- •2.Фосфор айналымы
- •3.Күкірт айналымы
- •4.Көміртек айналымы
- •5.Азот айналымы
- •28Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу
- •29.Әлемдік және аумақтық ластанудың әсері
- •30.Мемлекеттік кадастр ұғымы
- •31.Ауа сапасын үздіксіз бақылаудың әдістері
- •32. Экологиялық аудит
- •33.Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер
- •35.Атмосфералық ауаны ластаушыларды және зиянды заттардың жіктемесі
- •36.Көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды шығару, пайдалану кезінде атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу
- •37.Автокөлік қозғалтқыштарының газдарынан атмосфералық ауаның ластануы
- •38.Қр және дүниежүзі бойынша ең лас және ең таза қалаларға сипаттама
- •Зиянды заттардың үлкен көлемін шығаратын елдер ақш,Қытай,Үндістан,Ресей, Жапония
- •39.Ластаушы заттардың шығу тегі бойынша жіктелуі
- •40.Қазақстан бойынша атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштеріне талдау
- •41.Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау
- •42.Атмосфералық ауаға әсер етуші көздерді мемлекеттік есепке алу
- •43.Ластаушы заттарды атмосфералық ауаға шығаруға және ауаға зиянды әсерлерге лицензия беру
- •44.Атмосфераның ластануын бақылау әдістері
- •45. Атмосферада газ шығарындыларының сейілуі
- •46. Ластаушы заттардың қауіптілік кластары
- •47.Қоршаған ортаның (ауаның) сапасын бағалайтын нормативтер (шрк,шрт,шрш)
- •48.Қоршаған атмосфералық ауаны ластаушы заттардан биотехнологиялық әдістермен тазалау
- •49.Газ шығарындыларын зиянды заттардан тазалау
- •50. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау
1.Атмосфераның химиялық құрамы
Атмосфера — Жердің тұтас ауа қабықшасы. Атмосфера Жерді 3 мың. км. биіктікке дейін қоршаған. Ол газ қоспасы мен ауа тозаңы бөлшектерінен тұрады. Атмосфералық таза ауа құрамында 78,09 % азот, 20,95 % оттегі, 0,9 % аргон, 0,03 % көмірқышқыл газы бар, ал қалған 0,003 % басқа неон, гелий, криптон, ксенон, азот оксиді, метан, сутегі, су булары, озон және т.б. газдардың үлесіне тиеді. Атмосфераның көлемінің 3 % дейін су буларына келеді. Атмосфераның құрамындағы тозаңның көп бөлігі Жердің үстінен көтерілген, бірақ ғарыштық және бактериалдық тозаңда бар.
-
Ауа құрамы
Зат
Белгіленуі
Көлемі бойынша, %
Салмағы бойынша, %
Азот
N2
78,084
75,50
Оттегі
O2
20,9476
23,15
Аргон
Ar
0,934
1,292
Көмірқышқыл газ
CO2
0,0314
0,046
Неон
Ne
0,001818
0,0014
Метан
CH4
0,0002
0,000084
Гелий
He
0,000524
0,000073
Криптон
Kr
0,000114
0,003
Сутегі
H2
0,00005
0,00008
Ксенон
Xe
0,0000087
0,00004
1754 жылы Блэк Джозеф тәжірибе жүзінде ауаның біртұтас зат емес екенін, газдардың қоспасы екенін дәлелдеді.
Құрғақ ауаның молярлық салмағы 28,966 г/моль, теңіз бетіндегі ауаның тығыздығы 1,2 кг/м3. 0 °C-та ауаның суда ерігіштігі — 0,0036 %, 25 °C-та — 0,0023 %.
2Санитарлық-қорғау зонасы
Санитарлық-қорғау зонасы (СҚЗ) – бұл өндірістік ластанулар көздерін тұрмыстық және қоғамдық орындардан тұрғындарды өндірістің зиянды факторлары әсерінен қорғау үшін қолданылатын кеңістікті айтады. Бұл аймақ көлемі 50 м-ден 1000 м-ге дейін өндірістің қауіпті класына, ластану зияндылығына және атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мөлшеріне байланысты болады.
Санитарлық қорғау зонасының шекарасы - санитарлық қорғау зонасының (әрi қарай СҚЗ) немесе кеңiстiктiң жоспарлы проекциясының барынша көп территориясын шектейтiн линия, әсер етушi нормаланатын факторлар оның маңынан тыс жерде белгiленген гигиеналық нормативтен аспайды;
Санитарлық-қорғау зонасы Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген бағдарлама бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейiне үлгi жасаумен және күшi бар стандарттарға сәйкес объектiден шығатын зиянды заттарды есептеу негiзiнде бекiтiледi. Румбалар бойынша (әрi қарай - р) желдiң басым бағытының жиiлiгiн ескере отырып, үлгi жасау нәтижелерi бойынша СҚЗ-ның кеңдiгiн түзету кезiнде р<12,5% болса, бағыт бойынша ластану зонасын қысқартуға рұқсат етiлмейдi.
