Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biofizika_Vosstanovlen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.49 Кб
Скачать

1. Биофизика пәні, мақсаты мен міндеттері, не себептен биофизиканы пәнаралық ғылымға жатқызатынын түсіндіріңіз.

Биофизика дегеніміз әр түрлі сатыдағы биологиялық жүйелерде болып жатқан физикалық және химиялық процестерді зерттейтін ғылым.Соңғы жылдары ғалымдардың назары биофизикаға ауып отыр. Оның басты себебі табиғат заңдарының өлі табиғатқа да, тірі табиғатқа да ортақ екенін білдіретін болса, екінші жағынан физиканың жетістіктері биология мен медицинада кеңінен қолдануында болып отыр. Биофизиканың зерттейтін объектісі биологиялық материалдар, яғни тірі организмдер. Олай болса, физиканың өлі табиғат үшін ашылған заңдарын өзгеріссіз тірі организмге қолдануға болмайды. Оның себебі тірі организм – биологиялық жүйе, үнемі динамикалық қозғалыста болады және гетерогендік әрекетті жүйе болып саналады. Атап айтқанда биологиялық жүйе өзін-өзі басқаратын болғандықтан, бұған тән кейбір қасиеттер өлі табиғатта кездеспейді. Биофизиканың ғылым болып қалыптасуына физика, химия, физиология, математика, биохимия тәрізді ғылымдардың зор ықпалы тиді. Осы ғылымдардың негізінде дүниеге келген биофизиканың өз заңдылықтары, өз әдістері бар. Биофизиканың қалыптасуына ат салушы ғалымдардың бірі Б.Н.Тарусовтың айтуы бойынша «биофизика дегеніміз биологиялық жүйелердің физикалық химиясы және химиялық физикасы» екен.

  1. жылы Стокгольмде өткен бірінші халықаралық биофизикалық конгресте биофизиканы мынадай салаларға бөлу ұсынылды:

молекула биофизикасы. Бұл сала организмді түзетін биологиялық молнкулалардың құрылысы мен физикалық қасиеттерін қарастырады. Сол сияқты биологиялық процестердің кинетикасы мен термодинамикасын қарастырады;

клетка биофизикасы. Бұл сала клетканыңультрақұрылысын, оның физикалық және химиялық ерекшеліктерін және клетканың өтімділігін, биоэлектрлік потенциалын қарастырады; күрделіжүйебиофизикасы (немесебасқаружәнереттеупроцесініңбиофизикасы). Бұл сала организмдегі басқару жүйесінің ішкі байланысын зерттеу және оның моделін жасау, олардың физикалық табиғатын анықтау мәселелерімен айналысады.

Соныменқатар кванттық биофизика, сезіммүшелерініңбиофизикасы, биологиялықүрдістіңкинетикасы, радиациялық биофизика, биологиялықжүйеніңтермодинамикасы, биологиялықжүйеніңэлектрөткізгіштігі, қосымша биофизика дегенсалалары да бар.

Сонымен бифизика организмге деген физикалық факторлар әсерін, иондалған сәуленің биологиялық әсерін (радиобиология), көз оптикасын, қозғалыс, тынысалу, иіс сезу, есіту, қан айналыс органдарының жұмыс әрекетін де қамтиды екен.

Медициналық биофизика – биология ғылымының дамып келе жатқан іргелі саласының бірі, оның негізін білу дәрігер үшін аса қажет. Медициналық биофизика – күрделі жүйелер биофизикасының басты бөлімі. Ол биофизиканың медицина мен фармациядағы мәселелерін басқа ғылымдармен бірлесе отырып мына бағыттарда зерттейді:

  • тірі ағзаның патологиялық механизмін, оның себептерін және емдеудің жаңа тәсілдеріг анықтау;

  • ағзада өтетін прцестерге физикалық тәсілдермен диагностика жасау;

  • адам ағзасына қоршаған ортаның әсерін зерттеу және адам ағзасына емдеу мақсатында физикалық тәсілдермен әсер ету.

Олай болса физиканың, химияның және биологияның негізінде құрылған биофизиканың теориялық негізі – физиология

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]