Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+++ Мет.рек. УМКД -кипма каз 2.04.2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
19.51 Mб
Скачать

13.13 Сур. Даниэли фирмасының қазіргі заманғы доғалы пеші.

1 – пеш ваннасының футеовкаланған төменгі бөлігі; 2 – жұмысшы терезе; 3 – сумен салқындатылмалы жоғары бөлігі; 4 – электродтарды гидравликалық орын ауыстыру механизмі; 5 – электрод ұстағыш; 6 – графиттелген электродтар; 7 – күмбездің отқа төзімді ортаңғы бөлігі; 8 – күмбездің сумен салқындатылмалы шеткі бөлігі; 9 – пештен газды шығаруға арналған құбыр

ДБП-нің қабырғаларының сумен салқындатылмалы футеровкасы. Қабырғаларды жабдықтау үшін негізінен болат пен мыстан жасалған құбырлы және қорапты элементтер қолданылады. Салқындату жүйесінің жағдайын қадағалау мен оған қызмет етуді жеңілдету үшін оны жекелеген элементтерден құрайды. Едәуір ыстық аймақтарда мыстан жасалған, алдын-ала қалыңдығы 50 мм отқа төзімді сылақ қабаты жағылған элементтер орнатылады. Пештердің көбіктенген қождармен жұмыс істеуі пеш қабырғаларын салқындатқыш элементтердің жұмыс істеу мерзімін ұзартуды қамтамасыз ететін қақтың түзілуіне ықпалын тигізеді. Соңғы кездері пеш қабырғаларының құбырлы мыс элементтері кеңінен қолданыс табуда (13.15 сур.). Олардың төзімділігі 8,5-15 мың балқытуға жетеді. Сумен салқындатылмалы элементтерді қолдану отқа төзімді өнімдер шығынын 10-15 есе, графиттелген электродтар шығынын 10-15%-ға кемітті, профилактикалық және капиталдық жөндеу құрамын жеңілдетті және пештің жұмыс қорын 20%-дан аса арттырды.

13.14 Сур. Қазіргі заманғы дбп-нің жалпы көрінісі.

1 – болатты эркерлі шығару саңылауы бар пеш ваннасының төменгі бөлігі; 2 – пеш ваннасының сумен салқындатылмалы жоғарғы бөлігі; 3 – пеш күмбезі; 4 – пештен газды шығаратын құбыр; 5 – жұмысшы терезе; 6 – пеш ваннасын еңкейту механизмі

ДБП-нің сумен салқындатылмаоы күмбезі.Сумен салқындатылмалы күмбездің ойлап табылуы отқа төзімді бөлігін азайтып, оны электродтар айналасындағы орталық аймақпен шектеді (13.16 сур.). Орнатылған құбырлардың басты шығару құбырына қатысты түрлі қадамы. Пеште газдың тігінен , төмен жылдамдықты және біртекті ағымын қалыптастырады, соның есесінен газ шығару жүйесінде қатты бөлшектердің ұсталуы азаяды және пеште шығып жатқан газ бен балқымаған металл арасындағы жылу алмасуды арттырады.

Сумен салқындатылмалы күмбезді қолдану оның жұмыс істеу мерзімін арттырды, онда газ шығарғыш құбыр мен сеппелі және кесекті материалдарды енгізуге арналған ағымқұбырды орналастыруды жеңілдетті. Пеш қабырғалары мен күмбезін салқындатуға жұмсалатын су шығынын 6-9 т/м3∙сағ құрайды. Пеште буландыра салқындату жүйесін қолдану барысында 7 т/сағ құрғақ энергетикалық бу алу мүмкіндігі пайда болды.

Доғалы пештердің меншікті қуатын арттыру үшін рұқсат етілген ток тығыздығын 15-20-дан 25-30 А/см2 дейін арттыру, графиттелген электродтардың механикалық және термиялық беріктігін арттыру және олардың меншікті электр кедергілігін арттыру мақсатында электродтардың сапасын арттыру қажеттілігін туындатты. Графиттелген электродтар өндірудің техникалық сұлбасы 13.17 суретте келтірілген.

Доғалы болат балқыту пештеріндегі өңдеу шығындарының құрамындағы электродтырдың үлесі 8-14%. Энергияның берілуін қарқындатудың есесінен балқыту ұзақтығының шұғыл қысқаруын қамтамасыз ететін жоғары деңгейлі технология электрод шығынын балқыту ұзақтығына пропорционалды , елеулі төмендетуге мүмкіндік берді. электрод шығынын азайту қуатты арттыру кезінде ток күшін кеміту есебінен жүреді, себебі ток күші елеулі дәрежеде электродтардың торецтік шығыны мен кернедуң артуына әсер етеді.