Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Programm_rele.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.52 Кб
Скачать
  1. Автоматтық басқару Жүйесі (АБЖ) түсініктеме. АБЖ құрылымы .

  2. Энергетикадағы АБЖ –ның міндеті.

  3. Автоматизация жүйесіндегі датчиктердің классификациясы.

  4. Температуралық датчиктер және қолдануы

  5. Оптикалық датчиктер артықшылық кемшіліктері

  6. Микроклиматты реттеу жүйесіндегі датчиктер қызметі

  7. Магнитті датчиктер және қолдануы

  8. Өндірісте датчиктеді қолдануы. Миниатюризация.

  9. Электромагниттер автоматикадағы қарапайым орындаушы құралдар.

  10. Автоматикадағы орындаушы құралдар.

  11. . Электромагниттік реле және оның қолдануы

  12. Тиристорларды автоматикадағы орындаушы құралдар ретінде пайдалану

  13. Биполярлық транзисторлармен кілтті схемалар

  14. Өрістік транзисторлармен кілтті схемалардың ерекшеліктері

  15. Сандық логикасының негізгі элементтері

  16. Қадамдық қозғалтқыштар жұмыс принципі

  17. Замануи автоматизациядағы сервожетектерді қолдану.

  18. Күшейткіш схемалармен автоматикадағы орындаушы құралдар.

  19. Электронды реле.

  20. Микропроцессорлы релелік қорғаушы деген не.

) Екінші межелік бақылау

  1. Микропроцессорлардың функционалды құрылымы

  2. Микропроцессорлардың сипаттамасы.

  3. Шина және оның түрлері

  4. Жадыдағы регистрлар адресациясы.

  5. Стек. Стекті басқару.

  6. PC берілістерінің кіріс-шығыс адресі.

  7. Үзу және олардың арнаулары. Үзуді өңдеу.

  8. Компьютер жадысындағы адресация принциптері.

  9. Компьютер магистралын басқару хаттамасы.

  10. Кіріс-шығыс дешифраторлардың түрлері

  11. Өлшеуіш ақпаратты кодттау және дискретизация.

  12. Сандық-аналогтық түрленгіш.

  13. Аналогтық-сандық түрленгіш (АСТ).

  14. Параллель компараторлардағы схемалары.

  15. Разрядтты теңестірумен АСТ.

  16. Интегралдаушы АСТ.

  17. ЭЕМ және датчиктердің келісулері.

  18. Компьютердің интерфейстері және хаттамалары.

  19. Электр Энергетикалық жүйенің құрылымы

  20. Элект энрргетиксында режимдік параметрлері

  21. Бірлік және екілік тоқ түрленгіштері

  22. Бірлік және екілік кернеу түрленгіштері

  23. Электр энергетикасын автоматтандыру проблемалары

1.Автоматтық басқару Жүйесі (абж) түсініктеме. Абж құрылымы

Негізгі ұғымдар мен түсініктемелер. Автоматты басқару жүйелерінің жіктелуі. Автоматты басқару жүйелерінің функционалдық схемасы.

Ғылым мен техниканың дамуы, технологиялық процестердің күрделенуі, шығарылатын өнімдерге қойылатын талаптардың жоғарылауы автоматты басқару жүйелерін құруда қазіргі таңға сай математикалық әдістерді пайдалануды қажет етеді.

Басқару жүйесін құру үшін маман ең алдымен басқарылатын объектінің математикалық моделін тұрғыза білуі керек. Ал бұл есепті экспериментті және аналитикалық жолдармен шешуге болады.

Кез-келген өндірісте технологиялық процестер белгілі-бір мәнде шектетілетін физикалық шамалармен сипатталады. Жабдықтардың жұмысы кезінде ол шамалар белгілі бір деңгейде тұрақтануы, не берілген программа бойынша өзгеріп отыруы тиіс. Кез-келген қондырғыда технологиялық процестің бірқалыпты жүруі белгілі бір ереженің, қызмет алгоритмінің орындалуына байланысты болады. Осы қызмет алгоритмін орындау үшін белгілі бір сыртқы команданы орындайтын қондырғыны, не машинаны басқару объектісі дейді.

Технологиялық процесті жүргізу үшін басқару объектісіне әсер ететін тиімді ықпалды басқару дейді. Егер бұл басқару адамның қатысуынсыз жүзеге асса, оны автоматты, ал адамның қатысуымен болса қолмен басқару деп атайды. Жалпы технологиялық процестер орындалатын барлық өндіріс жабдықтары басқару объектілеріне жатады. Алайда технологиялық процестің өзі де басқару объектісі бола алады. Әр объектіде физикалық шаманың берілген мәнін тұрақтандырып, немесе оны берілген бағытта өзгертіп отыратын басқарғыш құрылғысы болады. Басқарғыш органы арқылы объектіге белгіленген қызмет алгоритмін орындауға мүмкіндік беретін арнайы әсерлер беріліп отырады. Технологиялық процесті берілген қызмет алгоритмі бойынша өткізу мақсатында объектіге сырттан берілетін арнайы нұсқаулар (ережелер) жиынтығын басқару алгоритмі дейді.

Автоматты басқару жүйесі

Технологиялық процеспен немесе өндірістік объектімен басқару жүйесін құрастырғанда, жүйеге кіретін басқару объектісінің, басқарылатын құрылғының және басқа да элементтердің математикалық сипаттамасы болуы қажет. Осы жүйеге кіретін элементтерді автоматты басқару жүйелерінің (АБЖ) буындары деп атаймыз (1-сурет).

Басқару объектісінің тұрақтылығын өзгертетін кіріс айнымалыларды қобалжыту әсерлері деп аталады. Оларға жататын кіріс сигналы басқарушы сигнал u(t), яғни басқарудың мақсатына жету үшін қолданылады. Ары қарай үзбенің сыртқы әсерге реакциясын y(t) деп белгілеп, шығыс сигнал деп атаймыз.

Автоматты басқару жүйелерін сипаттау кезінде сызықты дифференциалдық теңдеулердің символикалық формасы кеңінен қолданылады.

 (3.1)

d/dt=p, di/dti =pi түрлендірулерін қолданып (3.1) теңдеуін келесі түрде жазайық

 (3.2)

 (3.3)

Белгілеулер енгіземіз   ,   ,   . Осы белгілеулердің көмегімен (3.3) теңдеуін келесідей ықшамды түрде жазуға болады:

 . (3.4)

Q(p)-меншікті оператор

R1(p) және R2(p)-қоздыру операторлары

Автоматты жүйелер өзінің арналуына және конструкторлық орындалуына қарай әртүрлі болады. Оларды негізгі екі бөлшектерге бөлуге болады: 1. басқарылатын объект (БО) 2. басқару құрылғы (БҚ) Оларды функционалдық сұлбада келесідей көрсетуге болады:

1.1-сурет. Автоматты жүйелердің функционалды сұлбасы Нұсқамалармен сигналдың өту бағыты көрсетіледі. БО – техникалық (технологиялық) процесті жүзеге асыратын құрылғы немесе құрылғылар жиынтығы. БО жылжитын және жылжымайтын болуы мүмкін. АБЖ жылжитын объектісіне келесілер жатады: кемелер, поездар, ұшқыштар, ракеталар, ғарыштар. Жылжымайтын объект: агрегаттар, механизмдер, технологиялық және энергетикалық процестер, қондырғылар (бу пештері, айнымалы пештері). БҚ (автоматты реттеуіш, жай реттеуіш) белгілі заңға (алгоритмге, бағдарламаға) сәйкес басқарылатын объектіге әсер етіп тұратын, техникалық құрылғыны айтады. Мысал: ұшақтар немесе ракеталардағы автопилоттар, басқарушы ЭЕМ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]