Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhandos_Diplom.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256.78 Кб
Скачать

С урет 2.2 Полигонометриялық жүрістер

2.5 Тахеометриялық түсірістің мәні және тахеометриялық жүрісті жүргізу

Тахеометриялық түсірісте жергілікті жердің топографиялық вертикаль, горизонталь бұрыштарды және арақашықтарды өлшеу арқылы алынады. "Тахеометрия" сөзі гректің жылдам өлшеу деген сөзінен алынған. Оның жылдам өлшеу деп аталатын себебі, бұл түсірісте өлшенетін шамалардың барлығы нүктеде тұрған рейканы аспаптың дүрбісімен бір рет нысаналау, яғни бағытын, арақашықтығы және биіктік өсімшесін анықтау арқылы алынады. Демек, тахеометрлік түсірістің мәні аспаптың нысаналау осінің бір жағдайында горизонталь бұрыш, вертикаль бұрыш және оптикалық қашықтық өлшеуішпен арақашықтықты өлшеу арқылы нүктенің кеңістіктегі координаталарын анықтау.

Тахеометрлік түсірісте жердің топографиялық планы, түсірілетін нүктелердің үш координатасын есептеуге мүмкіндік беретін мәліметтерді жинайтын далалық жұмыстар мен өңдеулер, планды сызу жұмыстары нәтижесінде алынады.

Тахеометрлік түсіріс пунктеріне 1,2,3,4 кластық пландық және биіктік торларының пункттері жатады. Әдетте түсіруге биіктіктері геометриялық не тригонометриялық нивелирлеу тәсілімен анықталған теодолитті жүрістердің пункттері негіз болады.

Жердің рельефі мен заттардың контурларына байланысты негізгі түсіру пункттері арасына тахеометриялық жүріс нүктелері бекітіледі. Тахеометриялық жүрістер түсіру торларын жиілету үшін қажет. Бұл жүрістерде бұрыштар толық есеп алу тәсілімен, ал ара қашықтықтықтар салыстырмалы қателігі 1:400-ден аспайтын дәлдікте қашықтықтықтар өлшеуішпен тура және кері бағытта өлшенеді. Ал биіктік өсімшелері тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықталады. Түсіру пункттерінің жиілігі планның масштабы мен рельефтің күрделілігіне байланысты 1 км аймақты 1:1000 масштабында түсіру үшін пункттер саны 16, 1:2000-12; 1:5000-4 пункттер саны рельефтің ерекшелігіне қарай алынады [6].

3 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу

3.1. Табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу

Жер – адамның өмір сүруіне қолайлы, геологиялық жағдайымен қалыптасқан, қойнауы мен биосферасының сан – алуан байлығымен сипатталатын және еңбекті қолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің рөлін сипаттай отырып XYII ғасырдағы көрнекті ағымның ғалымы У.Петти «Тұтыну құндары мен заттық байлықтарының көзі тек еңбек кана емес. Еңбек – байлықтың атасы, ал жер оның атасы» деген.

Жалпы халықтың масштабта жер ұғымы планета бетін қамтиды. Демек, жалпыға мәлім: жер бетінің басым бөлігі 361,1 млн. км немесе 71,8 % алып жатқан әлем мұхиты астында. Жер көлемі 6% құрлықты қамти отырып 149,1 млн км немесе 29,2 %– ін құрайды. Соның ішінде 3/1 бөлігі таулы жерлер, 20% шөл, 30% орман алып жатыр. Жердің тек 10 %–і ғана ауыл шаруашылық алқаптарына жатады. Жер шектеулі түрде жанаратын ресурстарға жатады. Жерді шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатқызу, оның екі қасиетімен себептеледі:

  1. Жерді дұрыс пайдаланған жағдайда оның өндіргіш қасиеттері ұдайы өндірілуі тиіс.

  2. Жер жылжымайтын мүлік, демек оның жалпы көлемі өзгермейді.

Қазақстан Республикасының жерлерін аймақтарға бөлу ҚР жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жерді аймақтарға бөлудің негізгі мақсаты - жердің мақсатты пайдалануы мен пайдалану мерзімін бөлу арқылы жер аумағын анықтау. Жерді аймақтарға бөлу облыстар, аудандар деңгейінде ұйымдасыруды облыстардың, аудандардың тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады. Жерді аймақтарға бөлу жобасын облыстардың, аудандардың тиісті өкілді органдары бекітеді. Жердің нысаналы мақсатының жіктемесі жерді аймақтарға бөлу жобаларының негізінде әзірленеді және оны облыстардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары бекітеді. Жерді аймақтаудың мақсаты жерді тиісті мақсатта пайдалануға қолайлы немесе қиын болатын немесе шектеу туғызатын аймақтардың өзгешеліктерін анықтау

Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді:

  • орманды дала

  • дала

  • қуаң дала

  • шөлейтті

  • шөлді

  • тау етегі – шөлді – далалық

  • субтропикалық шөлді

  • субтропикалық – тау етегі – шөлді

  • орта азиялық таулы

  • оңтүстік – сібір таулы аймақтар

Аймақтар тізімінде тек қана табиғи шарт және жалпы қоршаған ортаны және де одан арғы макро және микро аймаққа бөлуге арналғаны, әсіресе мамандандырылған ауылшаруашылық өндірісі үшін жерлерді ауылшаруашылық аймақтарға толық бөлуі сипаттап көрсетіледі. Бұл жұмыс Жер кодексінің 8 бабының негізічнде жерге орналастырушы-инженерлермен және кадастровиктермен, әр түрлі профильдегі мамандармен ынтымақтаса отырып өткізіледі.

Областар мен аудандардың шекаралары табиғи аймақтардың шекараларымен сәйкес келмейді. Бірақ оларды шамамен келесі түрде бөлуге болады: алғашқы үш аймақ солтүстік және жартылай орталық облыстарға; 4,5 және 6 аймақтар батыс және жартылай орталық областарға; 7,8 және 9 аймақтар оңтүстік областарға, ал 10 аймақ Шығыс Қазақстан обласына жатады.

Жерді аймақтарға бөлу негізіне табиғи ауылшаруашылық территориялық аймақтарға бөлу жатады. Сондай-ақ, Республикада 8 табиғи-ауылшаруашылық аймақтары және екі таулы областар анықталған. Жердің ауданы келесі жер қорындағы табиғи – ауылшаруашылық аймақтар мен провинцияларының деректер 3.1- кестеде берілген [5].

Кесте 3.1

Жер қорының табиғи- ауылшаруашлық аймақтар мен провинцияларының деректер сипаттамасы

Аттары

ауданы. млн. га

%

1

2

3

Орманды дала аймағы

Солтүстік-Қазақстандық провинциясы

0,6

0,8

Дала аймағы

Батыс-Қазақстандық провинциясы

Солтүстік-Қазақстандық провинциясы

Шығыс- Қазақстандық провинциясы

26,5

9,7

Қуаң дала аймағы

Батыс-Қазақстандық провинциясы

Орталық-Қазақстандық провинциясы

Шығыс- Қазақстандық провинциясы

62,4

22,9

Шөлейтті аймақ

Каспийлік провинциясы

Орталық-Қазақстандық провинциясы

Зайсандық провинциясы

37,2

13,7

Шөлді аймақ

Аралдық – Каспийлік провинциясы

Аралдық – Балхаштық провинциясы

112,1

41,1

Кесте 3.1 жалғасы

Аттары

ауданы. млн. га

%

1

2

3

Тау етегі – шөлді – далалық аймағы

Оңтүстік – Қазақстандық провинциясы

12,3

4,5

Субтропикалық шөлді аймағы

Орта азиялық провинциясы

4,4

1,6

Субтропикалық – тау етегі – шөлді

Орта азиялық провинциясы

35

1,3

Орта азиялық таулы

10,1

3,7

Оңтүстік – сібір таулы аймақтар

3,2

1,2

Барлығы республика бойынша

272,5

100,0

Республиканың ауқымды бөлігін жартылай шөлді және шөлді зоналар алып жатыр (54,8%), оны жер ресурстарын, әсіресе агроөнеркәсіптік комплексте пайдаланылуынан байқаймыз. Бұл жағдай жалпы ауылшарушығының, жер кадастрының, жер мониторингінің жүргізілуіне, барлық жерге орналастыру және зерттеу жұмыстарының технологиясына ерекше әсер етеді.

Ауылшаруышылық алқаптарының пайдаланылуы, оларды қорғау, топырақтың құнарлығын көтеру, және аймақтарда зиянды экологиялық ықпал етуден қорғау анықталған табиғи-климаттық жағдайда ауыл шаруашылықтың мамандандырылған негізде құрылуы керек.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу. Бұл санаттағы жерлерді аймақтарға бөлу ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ерекшілігіне сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мен тиімді пайдалану нәтижесінде жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлудің негізі – табиғи аймақтарды көрсете отырып, табиғи-ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу болып табылады. Ауданның жер қорын табиғи ауыл шаруашылық аймақтарға бөлу – республикалық табиғи аймақтарға бөлу негізінде жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу кезінде келесі жағдайлар есепке алынады:

  • Агроклиматтық жағдайлар;

  • Топырақ және өсімдік қабаты;

  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарының сапалық жағдайы;

  • Ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыру;

  • Жерлерді пайдаланудың негізгі шарттары.

Жергілікті жағдайларға байланысты жер пайдалану сипатына қатысты басқа да факторлар есепке алынуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер құрамында бірнеше аймақтар анықталады. Өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, жер қоры мен ауыл шаруашылығы мақсатына жатпайтын жерлерді ауыл шаруашылық тауар өндірушілерден алмау арқылы жерлерді аймақтарға бөлу.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер аумағы жер қорына қалдырылады. Бұл аумақтарға елді мекен жерлері, табиғи-қорықтық жерлер, ауыл шаруашылығы өндірісіне кірмейтін жерлер жатады.

Қала шетіндегі табиғи жерлер құрамы қалыптастырылып, жерлердің пайдалану тәртібі мен мерзімі белгіленеді [8].

Қала шетіндегі аймақта ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамыту мақсатында аймаққа бөлу жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар құрылыстық дамытуға (қала аумағын үлкейту, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамыту), жасыл аймақтарды, орманды, бау-бақшалық, санитарлы-гигиеналық функцияларды орындаушы жасыл өсімдіктер отырғызылған демалыс орындарын ұлғайтуға арналған.

Қалалар шетіндегі табиғи аймақтар көлемі мен шекаралары мемлекеттік органдар арқылы жерге орналастыру, сәулет және қала құрылысы органдарының бірлескен ұсынысы бойынша қаланың бас жоспарын бекітетін мемлекттік органдар арқылы бекітіледі және өзгертіледі.

Қала сыртындағы аймақтарға ауылдық округтері және аудандар енгізілуі мүмкін. Қала шетіндегі аймаққа енгізілген жерлерді пайдалану тәртібі қала шетіндегі аймақты бекітетін органдар арқылы анықталады.

Астана, Алматы қалаларының табиғи аймақтарына енгізілген жерлерді пайдалану тәртібі, осы қалалардың атқарушы органдарының ұсынысы бойынша, аумағы қала маңы аймағына енетін облыстық атқарушы органының келісімімен, ҚР Үкіметі белгілейді.

Жер қоры, орман, су қорының, өндіріс, көлік және ауыл шаруашылығы мақсатына жатпайтын жерлерді аймақтарға бөлу негізінде ауылға қажетті жерлер көлемі анықталуы мүмкін.