Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhandos_Diplom.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256.78 Кб
Скачать

5.4.2 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру

Жұмыс орнының керекті нормативтік жарық мөлшерімен жарықтануының маңызы өте зор. Бұл талапқа сәйкес жарықталынған жұмыс орны өндірісте жарақаттардың кәсіби аурулардың деңгейін төмендетіп еңбек өнімділігінің 10 – 15 % көтеруге мүмкіндік береді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы» Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті» Қарақия аудандық бөлімшесі» мекемесінде табиғи және жасанды жарықтандырылуы ҚНжЕ 2.04.05-2002 сәйкес ұйымдастырылған.

«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті» Қарақия аудандық бөлімшесі» мекемесінде 4 жарық шамы орнатылған.

Жарықтандыру жарық ағынының жарықталынатын сыртқы бетінің ауданына қатынасын айтады, бұл ұғым төменгі теңдеу арқылы анықталады.

Жарық – жарықтандыру көзіне байланысты екі топқа бөлінеді:

- табиғи жарық;

- жасанды жарық.

Табиғи жарықтың жарықталыну деңгейі «табиғи жарықталыну коффиценті» ұғымымен анықталады.

Жасанды жарық жер сатындағы жұмыс орындары мен жұмыскерлер жасанда жарықпен қамтамасыз етіледі.

Қауіпсіздік ережелердің талабымен жер асты жұмыс орындарында төмендегідей жарықталыну мөлшерлері белгіленген, лк:

- жазық даярлау кен жарлары үшін – 15,

- тік кен қазбалардың кен жарында – 10,

- жазық қазбалардың төменгі едендерінің жазықтығында – 5,

- атылғыш заттардың қоймаларының едендерінің жазықтарында – 30,

- басқа жазық қазбаларда – 2,

- медпункттерде – 0.8 м биіктік денгейінде – 100.

Өндірістік жарықтандыру жүйесі келесі жарықтанулардан тұрады: табиғи, жасанды және аралас. Оқу үрдісімен байланыстысы ғимараттардың жарықтандыру мөлшерлері 5.2. –кестеде келтірілген.

Кесте 5.2

ҚНжЕ 2.04.05-2002 бойынша мекемедегі жарықтандыру мөлшерлері

Мекемедегі жұмыс орны

Жасанды жарықтандыру, лк

Табиғи жарықтандыру коэффициенті, %

жұмыс беттігі

жоғарғы

қабырғалы

500

-

-

300

4

1,5


5.5 Жасанды жарықтандыруды есептеу

Өндірістік жарықты жобалау құжаттарында ҚНжЕ 2.04.05-2002 табиғи және жасанды жарықтандырудың нормаларына сәйкес сандық, ең аз жарықты шамалы және сапалық – көздің шағылысу көрсеткіші және дискомфорт, жарық жыпылықтауының тереңдігі, т.б. көрсеткіштері келтірілген.Өндірістік жарықты жарық көзі мен жарықтандыру жүйесіне байланысты бөлек мөлшерлеу қарастырылған.

Жарықтандыру мөлшерін анықтағанда көру жұмысының дәлдігіне қарай жарықтандыру деңгейін көтеретін бірқатар шарттарды ескеруге тура келеді.

Өндірістік бөлмелерді жиілігі 50 Гц айнымалы токқа қосылған газразрядты шамдармен жарықтандырғанды, олардың жыпылықтау тереңдігін шектеу қажет. Жарықтандыру жүйесіне және орындалатын жұмыстың сипатына байланысты жыпылықтаудың шектік коэффициенті 10-20% аспауы тиіс.

ҚНжЕ 2.04.05-2002 сәйкес жұмыс бөлмесінің жасанды жарықтандырылуы 300 лк, объектінің фонмен шағылысы аз деңгейде анықталатын нысанның ең кіші немесе эквивалентті көлемі 0,5-1мм.

Өндірістік ғимараттар үшін табиғи жарықтандыру коэффициентінің нормаланған (eн) мәні 5.3 -кестеде келтірілген[18].

Кесте 5.3

Өндірістік ғимараттар үшін табиғи жарықтандыру коэффициентінің нормаланған (eн) мәні (ҚНжЕ 2.04.05-2002).

Көру жұмысының

сипаттамасы

Айыру объектісінің ең кіші өлшемі (мм)

Көру жұмысының разряды

Жарықтандыру кезіндегі eн-нің мәні

Қабырға-лық

Төбелік және аралас

Орта дәлдік

0,5 – 1

IV

1,5

4

Өндіріс бөлмесінің индексі келесі формуламен есептеледі:

= (5.1)

мұнда А- өндіріс бөлмесінің ұзындығы;

В - өндіріс бөлмесінің ені;

һ - өндіріс бөлмесінің биіктігі.

Өндіріс бөлмесіндегі шамалар: А-6 м; В-4м; Һ-3,5м.

Өндірістік бөлмесіндегі жасанды жарықтандыруды келесі формула бойынша есептейді:

F= (5.2)

мұнда Е- жарықтықтың берілген минимальды мөлшері;

- қордың коэффициенті;

S-жарық түсетін аудан,м2;

Z- жарықтандыру біркелкіліксіздігінің коэффициенті;

N-жарық шамдарының саны;

Ƞ-жарық ағының қолдану коэффициенті.

Өндіріс бөлмесіндегі шамалар: Е -300 лк; Kз-1,5; Z-1,1; S-24м2; N-4; Ƞ-0,5. Есептеулердің нәтижесі бойынша өндірістік бөлмеде жарық ағыны F=13000 лм ДРЛ-250 жарық лампалары таңдалады. ҚНжЕ 2.04.05-2002 сәйкес жұмыс бөлмесінің жасанды жарықтандырылуы 300 люкс, объектінің фонмен шағылысы аз деңгейде, анықталатын нысанның ең кіші немесе эквивалентті көлемі 0,5-1 мм.