Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhandos_Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256.78 Кб
Скачать

2.4 Мемлекеттік геодезиялық тораптар

Мемлекеттік геодезиялық тораптар жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т.б. көптеген инженерлік есептерді шешудің негізі болып табылады. Сондықтан, геодезиялық тораптарды құрудың дәлдігін қамтамассыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулері тиісті аспаптар мен тәсілдер арқылы жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік геодезиялық тораптарға мыналар жатады:

а) 1,2,3,4 кластың пландық жүйелері, оларға өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, трилатерация, паолиганаметрия әдістерімен құрылады.

ә) І,2,3 және 4 класты биіктік инвенирлік тораптар. Олар геометриялық инвенерлеу әдісімен құрылады.

Геодезиялық жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принципімен; жоғары жүйеден, яғни 1- кластан төменге қарай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау және дәлдігі кемдеу класқа қарай құрылады. I-ші класты жүйе мейлінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодезиялық жүйелердің дамуы мен олардың пунктерінің координаталарын біртұтас жүйеде есептеу үшін негізгі қызмет атқарады [5].

Триангуляция әдісі

Ірі масштабты түсірістердің геодезиялық жоспарлық негізі ретінде Мемлекеттік геодезиялық жүйенің 1,2,3 және 4 кластарының пунктері және 1 және 2 разрядтты геодезиялық жиелендіру тораптары қолданылады. Ашық жане таулы жерлерде ірі масштабты түсіріске түсіріс негізін құруды қамтамассыз ететін жиілікке дейін Мемлекеттік тораптарды полиганаметриялық тәсілдермен жиілендіру мүмкін емес немесе пайдасыз болған жағдайларда 1 және 2 разрядтағы триангуляция) тізбектер, жүйелер, орталық жүйелер және жеке пунктерді қою арқылы) дамытылады.

2 разрядтты триангуляцияның бастапқы пунктері ретінде 1 разрядты триангуляция және полиганометрия пунктері бола алады. 1 және 2 разрядты триангуляцияның әр пункті олардың барлық бұрыштары өлшенген үшбұрыштарын анықтайды.

Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларды барлық бұрыштар мен кейбір базис қабырғаларының ұзындығы өлшенеді. Ұшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі.

Сурет 2.1 Триангуляция тізбектері

1 класс триангуляциясының тұтас жүйесін орасан зор территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан 1 класты жүйені, мүмкіндігінше меридиан және паралель бағытында бірінен-бірі 200 км-ге дейінгі алыс қашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар қатары түрінде құрады. 1 кластық триангуляция қатарының параметрі 800 км –ге дейінгі тұйық

полигонды құрастырады.

2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және 1 класты пунктермен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды.

3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялық жүйелердің одан арғы жүйелендірілуі болып табылады.

Геодезиялық жиілендіру тораптарының жобасы негізінен 1;10000 - 1:25000 масштабтағы карталарда жасалады. Торап жобасында пунктерді орналастыру орындары, олардың түсіріс негіздерін дамытуда пайдалануға ыңғайлы болулары, жерде жақсы көрінетіндігі, таңбалар мен орталықтардың жақсы сақталуы қарастырылады.

Пунктерде сыртқы геодезиялық таңбалардың типтері құрылады турлар және металл пирамидалы штативтер көздеу нысаналары мен үш және төртқырлы металл пирамидалар. Сыртқы таңбалар мықты орналасуы тиіс.

Қалалар, поселкелер және өндірістік алаңдардың территориясында 1 және 2 -разрядтағы геодезиялық тораптарының пунктері инструкцияда жазылған талаптарға сәйкес бекітіледі. 1 және 2 – разрядты триангуляция бұрыштары айналу тәсіл әдістерімен теодолитпен өлшенеді.

Кесте 2.1

Триангуляциялық тораптың сипаттамасы

Триангуляция кластары

Қабырға ұзындығы км

Бұрыш өлшеудің орт.кв.шекті қателік

Үшбұрыштардағы шекті қателік

Базисті қабырға. өлш.салыстр.

шекті.қателік

1

20-25

3,0

1:400000

2

7-20

1,0

4,0

1:300000

3

5-8

1,5

6,0

1:200000

4

2-5

2,0

8,0

1:200000

Аналитикалық торлар

1

2-5

5,0

20,0

1:00000

2

0,5-3

10,0

40,0

1:50000

4 класс триангуляциялық пунктердің биіктік тор есебінде 4 класс тригонометриялық инверлеу 1 разряд триангуляциялық пунктер тор есебінде техникалық нивелирлеу жобаланған.

1 разряд триангуляциялық торда ең ұзын қабырға 2,1 км, ең қысқа қабырға 1 км – ге тең.

Трилатерация әдістері.3 және 4 класты мемлекеттік геодезиялық жүйелер, трилатерация әдісіменде құрылуы мүмкін.

Трилатерация триангуляция тәрізді, барлық қабырғалар ұзындықтары өлшенген ұшбұрыштар жүйесі болып саналады. Ұшбұрыштарды шешу арқылы горизонталь бұрыштарын, ал одан қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядағыдай жүргізеді[5].

Трилатерация жүйесінде қабырғаларының ұзындығы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштерімен өлшенеді. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек: 3класс үшін – 1:1000000, 4 класс үшін 1:40000.

Полигонометрия әдісі

Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер мен полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді. (2.2 -сурет). Егер бір пунктің координаталары және бір қабырғасының дирекциондық бұрышы болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пунктерінің координаталарын есептеп шығаруға болады.

Полигонометриялық жүрістің бұрыштары дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялық жүрістердің қабырғаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық-механикалық қашықтық өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар қолданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген базистен, қосалқы өлшенген геометриялық фигуралар арқылы анықталуы мүмкін. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты полигонометрия:

а) траверстік немесе магистральдық (2.2-сурет), яғни қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы :

ә) параллактикалық полигонометрия, яғни қабырғаларды қысқа базис және праралактиткалық сүйір бұрыш арқылы жанама анықтауға негізделген. (2.2-сурет).

1 класты полигонометрия меридиан және паралель бағытында созылған жүріс түрінде құрылады, олар бірінші класты периметрлі 700-800 км полигонның буындарын құрады, 2 класты полигонометрия 1 класты триангуляция мен полигонометрияның ішінде переметрі 150-180 км-лік тұйық полигон жүйесі ретінде дамиды.

3 және 4 класты полигонометриясы торапты пунктері бар жүрістер жүйесі немесе жоғарғы класты мемлекеттік геодезиялық жүйенің пунктеріне сүйенетін жекелеген жүрістер түрінде құрылады.

Кесте2.2

Полигонометрияның сипаттамасы

Полигонометрия кластары

Қабырғалар саны

Қабырғалар ұзындығы,км

Бұрыш өлшем.кв.қатесі

Ұзындық өлш.салыс.қателік

1

12

8-30

0,4

1:400000

2

6

5-18

1,0

1:200000

3

6

3-10

1,5

1:100000

4

20

0,25-2

2,0

1:40000