- •Ғылыми жетекшінің
- •050903 – Жерге орналастыру
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Anatation
- •Мазмұны
- •1 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмысында жер кадастрының алатын орны
- •1.1Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу кезіндегі жер кадастрының рольі
- •1.2 Қр жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы
- •1.3 Мемлекеттік жер кадастрының нәтижелерінжерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмыстарында пайдаланылуы
- •1.4 Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері, принциптері
- •2 Жерге орналастыру жұмыстарын геодезиялық қамтамасыздандыру
- •2.1 Жерге орналастыру үшін геодезиялық жұмыстардың құрамы
- •2.2 Кадастр үшін геодезиялық жұмыстардың құрамы
- •2.3 Тірек торабы туралы жалпы түсінік және оның түрлері
- •2.4 Мемлекеттік геодезиялық тораптар
- •Сурет 2.1 Триангуляция тізбектері
- •С урет 2.2 Полигонометриялық жүрістер
- •2.5 Тахеометриялық түсірістің мәні және тахеометриялық жүрісті жүргізу
- •3 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.1. Табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.2. Жерді аймақтарға бөлу әдістемесі
- •3.3.1 Жетібай, Құрық кенттеріне нақты дерек
- •3.3.2 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай, Құрық кенттерінің аумағын табиғи - ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің мақсаты
- •3.3.3 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай кентінің аумағын табиғи - ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.3.4 Құрық кентінің кварталдар бойынша тізімі
- •Құрық кентінің кадастрлық кварталдарының құру аймағы
- •3.4 Дипломдық жұмыс тақырыбы саласындағы қорытындалынған нәтижелер
- •3.4.1 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу үшін орындалатын жұмыстардың алатын орны, ерекшеліктері, экономикалық әдістері
- •3.4.2 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің тиімділігі
- •3.4.3 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің мақсаты, әдістемесі
- •3.4.4Жерді аймақтарға бөлудің құқықтық қағидалары және олардың мазмұны
- •4 Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу схемасын дайындау жұмыстарын экономикалық есептеу
- •4.1 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай, Құрық кенттерінің аймақтарға бөлу жұмыстарын орындауға жұмсалған қаражат мөлшерін есептеу
- •4.3 Жерді бағалаудың әдісі
- •5 Еңбекті қорғау
- •5.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •5.2 Ұйымдастыру іс-шаралары
- •5.3 Техникалық іс-шаралар
- •5.3.1 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •5.3.2 Жерге қосу қауіпсіздігі
- •5.4 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар
- •5.4.1 Метерологиялық шарттарды қамтамасыз ету
- •5.4.2 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
- •5.5 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •5.5.1 Шудан қорғау
- •5.5.2 Өртке қарсы іс-шаралар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Қр жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы
Кадастр мәліметтері, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтері, мемлекетпен тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде емес, сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау мақсатында, сондай-ақ, жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын қорғауда қолданады.
Қазақстандағы жер кадастрының мақсаттары мен арналуы оның міндеттерін және мазмұнын анықтайды. Кадастр жүйесінің бірлігі, өз кезегінде қолданатын әдістемелердің бірдейлігін және барлық денгейге сәйкесті тәртіпте жүргізуін, жеке әр жер учаскесінен бастап, жалпы мемлекеттік дәрежеде болғанын қажет етеді. Мемлекетке есеп алудың бірынғай жүйесін ұйымдастыру мемлекеттік жоғарғы басқару органдарының міндеті. Сол органдар жер кадастрының мазмұнын және жүргізу тәртібін белгілейді. Мемлекет жер кадастрының арналуын, міндеттерін, мазмұнын, құрамдық бөліктерін және оны жүргізудің тәртібін анықтайды. Ол жер кадастрлік мәліметтердің, құжаттың мазмұнын, кадастрлық есептің рәсімін, кадастрда жүргізілетін бақылау және кадастрлық жұмыстарды орындауды, ұйымдастыруды белгілейді.
Жер кадастрдың мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік жер кадастрдың объектісі Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер қоры болып саналады. Мемлекеттік жер кадастры осы қордың толық саны және сапалық сипаттамасын беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы дұрыс мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.
Кадастр мәліметтері топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.
Кадастрде әр жер учаскесінің физикалық сипаттамасы келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді: оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелер туралы мәліметтер жер кадастрлық картада көрсетіледі: оның кадастрлық нөмірі, орны, шекарасы, жазулары белгіленеді. Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан денгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлық нөмірі, жеке немесе заңды тұлғаның (жер учаскенің құқықтық субъектісі) аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп сақталады. Бұл мәліметтер меншік түрлері, жер санаттары, аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.
1.3 Мемлекеттік жер кадастрының нәтижелерінжерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмыстарында пайдаланылуы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 152-бабына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры (жер кадастры) Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелерінің құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі [2].
ҚР Жер кодексі суармалы жерлердің мелиоративтік кадастрын да қарастырады, аталған кадастр суармалы жер учаскелерінің мелиоративтік жай-күйі туралы, олардың сапалық сипаттамаларын табиғи және ирригациялық –шаруашылық жағдайлар бойынша бағалау туралы, оларды пайдалануды есепке алу туралы мәліметтердің жүйесін білдіреді.
Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ҚР бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.
Мемлекттік жер кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастрлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар атқару арқылы жүргізіледі. Мемлекттік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс–шараларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрлық іс жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады.
Жерге меншік нысанына, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық есепке алуға жатады.
Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды қамтиды.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелеріне нөмірлер беру мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлудің бірлігі есептік кварталдар болып табылады.
Орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында әрбір жер учаскесіне кадастрлық нөмірлер беріледі.
Кейіннен құқық кадастрында пайдаланылатын есептік кварталдардың шекарасы мен кодтары сәулет және қала құрылысты органдарымен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуоргандарымен келісім бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар айқындайды және тиісті атқарушы органдар бекітеді.
Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін түзу мақсатында облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілген кодтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді [2].
Жер-кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде мыналарды қамтиды:
Базалық, мезгіл-мезгіл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы.
Базалық құжаттамасына келесі құжаттар жатады:
жер-кадастр істері;
жер-кадастр кітабы;
жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
жер-кадастр карталары.
Жер кадастр құжаттамасының құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік жер кадастры қағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру және кадастр ақпаратын пайдалану ҚР Жер кодексінің 158-бабында қарастырылған.
Белгілі бір жер учаскесі туралы мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері осы жер учаскесі есепке алынған орын бойынша үзінді түрінде беріледі.
Жер кадастрының мәліметтерін құжаттау қағазға түсіріліп және электрондық тасығыштарда жүзеге асырылады. Қағазға жазылған мәліметтер мен электрондық тасығыштарда жазылған мәліметтер арасында алшақтықтар болған жағдайда,егер Қазақстан Республикасының өзгеше белгіленбесе, қағазға түсірілген мәліметтер басымдыққа ие болады.
Жер учаскелері туралы кадастр мәліметтері жер-кадастр карталарымен (жоспарлармен) арақатынаста болады.
Жер кадастрының мәліметтерін түзу топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру, түгендеу бойынша, топырақты зерттеу, геоботаникалық, бағалаушылық және өзге де зерттеулер мен іздестірулер жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Жер кадастрының мемлекеттік құпия мен өзге де шектеулерді қамтымайтын мәліметтер баршаға қолжетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Жер кадастрының мәліметтерін мемлекеттік органдарға беру ақысыз негізде осы мақсаттарға көзделген бюджетке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі туралы ереже ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 6-маусымдағы № 710 қаулысымен бекітілген.
Жер кадастры мемлекеттік органдарды, азаматтар мен заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Кадастр жүргізу кезінде координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, бірыңғай түрлендіргіштердің, кодтардың, кіріс және шығыс форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйелерін пайдалануға негізделген ақпараттардың бірыңғай мемлекеттік жүйелерін пайдалануға негізделген ақпараттардың өзара үйлесімділігі қағидасы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу Қазақстан Республикасының Жер ресурстары жөніндегі агенттігіне жүктелген. Агенттік жер кадастрын жүргізуге байланысты келесі функцияларды атқарады:
- жер кадастрын жүргізу, жер-кадастр құжаттамасын толтыру және жариялау мақсаттарында жобалық-іздеушілік, аэроғарыштық, жерге орналастыру, түгендеу бойынша, топырақты зерттеу, геоботаникалық, бағалаушылық жұмыстарды және өзге де зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады;
- өзінің құзыреті шегінде барлық министрліктер, мемлекеттік комитеттер, заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылатын, кадастрды жүргізу үшін қажетті әдістемелік нұсқаларды және нұсқауларды, құжаттардың нормативтері мен стандарттарын белгіленген тәртіп бойынша жасайды және бекітеді;
- жер кадастры мен мониторингі мәліметтерінің негізінде жыл сайын ҚР Үкіметіне және мүдделі министрліктер мен ведомстволарға Қазақстан Республикасындағы жерлердің пайдалануы мен жағдайы туралы мемлекеттік (ұлттық) баяндаманы ұсынады;
-кадастр мәліметтерінің өзге де мемлекеттік кадастрлардың мәліметтерімен үйлесімділігін сақтауды қамтамасыз етеді;
- жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі облыстық және аудандық (қалалық) комиттердің кадастр жүргізуіне бақылау жасайды;
- ҚР аумағында кадастр мәліметтерін алудың, өңдеудің және сақтаудың автоматизацияланған әдістеріне кезеңмен өту бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету;
- жер туралы мәліметтерді жүйелеуді, зерттеуді және сақтауды, сонымен қатар, кадастрдың жариялануға тиіс мәліметтерін басып шығаруды жүзеге асырады;
