- •Ғылыми жетекшінің
- •050903 – Жерге орналастыру
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Anatation
- •Мазмұны
- •1 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмысында жер кадастрының алатын орны
- •1.1Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу кезіндегі жер кадастрының рольі
- •1.2 Қр жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы
- •1.3 Мемлекеттік жер кадастрының нәтижелерінжерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмыстарында пайдаланылуы
- •1.4 Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері, принциптері
- •2 Жерге орналастыру жұмыстарын геодезиялық қамтамасыздандыру
- •2.1 Жерге орналастыру үшін геодезиялық жұмыстардың құрамы
- •2.2 Кадастр үшін геодезиялық жұмыстардың құрамы
- •2.3 Тірек торабы туралы жалпы түсінік және оның түрлері
- •2.4 Мемлекеттік геодезиялық тораптар
- •Сурет 2.1 Триангуляция тізбектері
- •С урет 2.2 Полигонометриялық жүрістер
- •2.5 Тахеометриялық түсірістің мәні және тахеометриялық жүрісті жүргізу
- •3 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.1. Табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.2. Жерді аймақтарға бөлу әдістемесі
- •3.3.1 Жетібай, Құрық кенттеріне нақты дерек
- •3.3.2 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай, Құрық кенттерінің аумағын табиғи - ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің мақсаты
- •3.3.3 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай кентінің аумағын табиғи - ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.3.4 Құрық кентінің кварталдар бойынша тізімі
- •Құрық кентінің кадастрлық кварталдарының құру аймағы
- •3.4 Дипломдық жұмыс тақырыбы саласындағы қорытындалынған нәтижелер
- •3.4.1 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу үшін орындалатын жұмыстардың алатын орны, ерекшеліктері, экономикалық әдістері
- •3.4.2 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің тиімділігі
- •3.4.3 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің мақсаты, әдістемесі
- •3.4.4Жерді аймақтарға бөлудің құқықтық қағидалары және олардың мазмұны
- •4 Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу схемасын дайындау жұмыстарын экономикалық есептеу
- •4.1 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай, Құрық кенттерінің аймақтарға бөлу жұмыстарын орындауға жұмсалған қаражат мөлшерін есептеу
- •4.3 Жерді бағалаудың әдісі
- •5 Еңбекті қорғау
- •5.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •5.2 Ұйымдастыру іс-шаралары
- •5.3 Техникалық іс-шаралар
- •5.3.1 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •5.3.2 Жерге қосу қауіпсіздігі
- •5.4 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар
- •5.4.1 Метерологиялық шарттарды қамтамасыз ету
- •5.4.2 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
- •5.5 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •5.5.1 Шудан қорғау
- •5.5.2 Өртке қарсы іс-шаралар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмысында жер кадастрының алатын орны
1.1Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу кезіндегі жер кадастрының рольі
Мемлекеттік кадастрдың пайда болуымен бірге жер кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау қажеттілігі пайда болады, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды. «Кадастр» сөзі латынның «саріtаstrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Сонымен бір жақты түсінікте жер кадастры – жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кеңірек түсінікте – жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Жер кадастры әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
Жер кеністікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды.
Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байлынысты.
Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлығымен сипатталады.
Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән:
жерді есепке алу;
жердің құрамын баяндау;
жерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады. Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалығы анықталады.
Жер кадастры салық салудың ең бір маңызды құралы. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдың құқық жағының маңызы күшейе түсті. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Қоғамның даму кезендері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілігі пайда болды. Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастры жерді арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам дамуының бір сатысында пайда болып, жетіле берді. Ең алдымен зерттеу, есепке алу, бағалау, алқап түрлері және олардың сапасы бойынша топтастыру әдістерін, тәсілдерін жетілдіре түсті. Жаңа әдістері, құралдардың рәсімі, мазмұны жетілді.
Президентінің «Жер туралы »1995 ж. желтоқсан айында қабылданған заң күші бар жарлығында өзгерістер енгізілген. Мысалы, жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және заңды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналымға қосуға мүмкіндігін беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына құқықтық негіз салынып жерге жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операцияларды жүргізу және т.б.
«Жер туралы» заңның 113-бабына сәйкесті Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі, шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерің бағалануы туралы мәліметтердің, өзге қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
«Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы» 1994 жылғы 24 қаңтардағы және «Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы» 1994 жылғы 5 сәуірдегі қабылданған президент жарлықтары, жаңа жер қатынастарын дамыту, бұрын қабылданған заңдардың шектелген жағдайларын алып тастау, келешектегі заңды процестерге бағыт беру үшін толық мүмкіндік бере алды. Дегенмен жер қатынастарын түбірімен өзгертуге және жерге жеке меншікті заңды түрде мүмкіндік беретін басты шешімдер - жерді нарық айналымына енгізуге, жерге жеке меншіктің жер құқықтық нормаларын тәртіпке келтіретін,жер пайдаланушылар мен жерге жеке меншіктің барлық түрлерін және жер құқықтық қатынастардың барлық субьектілерін өзара реттейтін Қазақстан Республикасның Конститутциясы (1995жыл) мен 1995 жылғы 22 желтоқсандағы заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің «Жер туралы» жарлығында жерге жеке меншіктік сипат алынды.
Сонымен 2000 жылдың басында мемлекет жеке меншігіне 28,9 мың учаскелерді сатты, құны 6017 мың теңге, 3,2 мың учаскені құны 1425,8 млн теңге жер пайдалану құқығына сатты, мемлекет жалгерлікке 3,2 мың учаскені берді, жер учаскелерінің 519-ын аукционда және конкурста 100,1 млн теңге құнына сатты. 357,8 мың гектар аудандағы берілді. Республикамызда шаруа қожалықтарының саны 1991 жылы 2,5 мыңға, 2001 жылы 105,4 мыңға, 2007 жылы 189,7 мыңға дейін өсті [1].
Мемлекеттiк жер кадастры – Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпаратта енгiзiледi. Жер кадастрының құрамдас бөлiгi суармалы жер учаскелерiнiң мелиорациялық жай-күйi, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебi туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жердiң мелиорациялық кадастры болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кадастрлар жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган өздерiне қатысты алғанда мемлекеттiк басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзедi. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерi мемлекеттiк ақпараттық pecуpc болып табылады.
Мемлекеттiк жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастрлық суретке түсiрудi, жобалау-iздестiру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен iздестiрулер, жер мониторингiн, жердi мөлшерлiк және сапалық есепке алу және мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзуге байланысты басқа да жұмыстар атқару арқылы жүргiзiледi [1].
Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерi мемлекеттiк ақпараттық pecуpc болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрының деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекiтiлген жер учаскесi болып табылады.
