- •Ғылыми жетекшінің
- •050903 – Жерге орналастыру
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Anatation
- •Мазмұны
- •1 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмысында жер кадастрының алатын орны
- •1.1Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу кезіндегі жер кадастрының рольі
- •1.2 Қр жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы
- •1.3 Мемлекеттік жер кадастрының нәтижелерінжерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу жұмыстарында пайдаланылуы
- •1.4 Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері, принциптері
- •2 Жерге орналастыру жұмыстарын геодезиялық қамтамасыздандыру
- •2.1 Жерге орналастыру үшін геодезиялық жұмыстардың құрамы
- •2.2 Кадастр үшін геодезиялық жұмыстардың құрамы
- •2.3 Тірек торабы туралы жалпы түсінік және оның түрлері
- •2.4 Мемлекеттік геодезиялық тораптар
- •Сурет 2.1 Триангуляция тізбектері
- •С урет 2.2 Полигонометриялық жүрістер
- •2.5 Тахеометриялық түсірістің мәні және тахеометриялық жүрісті жүргізу
- •3 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.1. Табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.2. Жерді аймақтарға бөлу әдістемесі
- •3.3.1 Жетібай, Құрық кенттеріне нақты дерек
- •3.3.2 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай, Құрық кенттерінің аумағын табиғи - ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің мақсаты
- •3.3.3 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай кентінің аумағын табиғи - ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
- •3.3.4 Құрық кентінің кварталдар бойынша тізімі
- •Құрық кентінің кадастрлық кварталдарының құру аймағы
- •3.4 Дипломдық жұмыс тақырыбы саласындағы қорытындалынған нәтижелер
- •3.4.1 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлу үшін орындалатын жұмыстардың алатын орны, ерекшеліктері, экономикалық әдістері
- •3.4.2 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің тиімділігі
- •3.4.3 Жерді табиғи- ауылшаруашылық аймақтарға бөлудің мақсаты, әдістемесі
- •3.4.4Жерді аймақтарға бөлудің құқықтық қағидалары және олардың мазмұны
- •4 Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу схемасын дайындау жұмыстарын экономикалық есептеу
- •4.1 Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай, Құрық кенттерінің аймақтарға бөлу жұмыстарын орындауға жұмсалған қаражат мөлшерін есептеу
- •4.3 Жерді бағалаудың әдісі
- •5 Еңбекті қорғау
- •5.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •5.2 Ұйымдастыру іс-шаралары
- •5.3 Техникалық іс-шаралар
- •5.3.1 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •5.3.2 Жерге қосу қауіпсіздігі
- •5.4 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар
- •5.4.1 Метерологиялық шарттарды қамтамасыз ету
- •5.4.2 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
- •5.5 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •5.5.1 Шудан қорғау
- •5.5.2 Өртке қарсы іс-шаралар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.3 Жерді бағалаудың әдісі
Нарықтық бағасы бар жерлер - қолданушының (потенциальдық қолданушының) белгілі бір мерзімде тұтынуын қанағаттандыратын жер учаскелері болып табылады.
Жер учскесінің нарықтық бағасы:
нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа және сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелестік қабілетіне(сұраныс пен ұсыныс үрдісіне);
жер учаскесіне икемделген өндірістің басқа факторларынан түскен кірісті қоспағанда, жер учаскесін тиімді түрде белгіленген мерзім ішінде қолдану барысына түскен кірістің мөлшеріне, уақытына;
орналасқан орны мен сыртқы факторлардың ықпал етуіне (сьіртқа ықпал үрдісі) байланысты.
Бағалау кезінде бағалаушы бағалау жөнінде есеп жинақталған мәліметтерді жинақталған құжат ретінде қабылдауы тиіс.Ақпаратты бағалауда пайдаланылатын көлем, ақпарат көзі және ақпаратты қолдану тәртібі бағаланушымен белгіленеді.
Салыстыру барысында сатуды салыстыру, бөлу және бөліп беру әдістері қолданылады. Кіріс кезінде жерді жалға беруді, қалған бөлігі мен пайдалануды капитализациялау қолданылады. Шығын кезіндегі, жер учаскесінің жақсарту және орнын басуды есептеу элементтері қалу және бөлу әдістерінде қолданылады.
Ары қарай аталған әдістердің мазмұны көрсетілген. Бұл ғимараттар, құрылыстар, құрылымдарға арналған жерлердің нарықтық бағасын бағалауға негізделген.
Қорытындылай келсек, Маңғыстау облысында орналасқан Жетібай, Құрық ауылның жерлерін аймаққа бөлу схемасын дайындау үшін орындалған жұмыстардың төлем құнының көрсеткіштері негізгі көрсеткіштерге сай орындалады [17].
5 Еңбекті қорғау
5.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылданған Конститутциясының 24-бабы бойынша «Әр азамат қауіпсіздік және тазалықтың талаптарына сәйкес еңбек етуге құқылы» және 8-бабы бойынша «Өмір сүру құқығы әр адамның табиғи да ажырамас құқығы. Ешкімді өмірден еріксіз айыруға болмайды». Еңбек қызмет етуші және жұмыспен қамтамасыз етушінің арасында келісім шартымен бекітіледі», «Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау» туралы баптары бойынша еңбекті қорғау жүзеге асырылады.
Еңбек қорғау бөлімі өндірістік тәжірибе өткен «Маңғыстау облысы, Қарақия жер қатынастары бөлімі» мекемесінің негізінде орындалған. Мекеме 2 қабаттан тұрады.
Мекемеде еңбек қатынастары ҚР 15.06.2007 жылы қабылданған "Еңбек кодексіне" сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Ресупбликасының қалыптасуы және дамуы барысында еңбек қауіпсіздігі қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының қажетті бөлігі болып табылады.
Халық шаруашылығының барлық саласында еңбек жағдайын жақсарту еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізу, профилактиканы жүзеге асыру, жарақаттануды болдырмау, өндірісті ұйымдастыру шараларын енгізу, өңдеу, инженерлік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және әлеуметтік-экономикалық сипатта болады.
Еңбекті қорғау − әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигиеналық және сауықтыру-профилактикалық шаралар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары, адамның еңбек қабілетін арттыру мен еңбек процессінде адамның денсаулығын сақтаудың біртұтас заңдастырылған актілер жүйесін құрайды. Ол бірқатар өндірістік санитария мен техника қауіпсіздігін құрастырады.
Өндірістік санитария – жұмыс істеушілерге әсер ететін зиянды өндірістік факторларды болдырмауға бағытталған гигиеналық-санитарлық, техникалық шаралар мен құралдары ұйымдастыру жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы – жұмысшыларға әсер ететін өндірістік қауіпті факторларды болдырмауға негізделген техникалық-ұйымдастыру шаралар мен құралдар жүйесі.
Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңы 1992 жылы 22-қаңтарда бекітілген.
Еңбекті қорғау − тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процессінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық гигиеналық және емдеу-алдын алу шараларын білдіреді.
Еңбек қауіпсіздігі – жұмыс істеушілерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері тимейтін еңбек жағдайының күйі [18].
Қауіпті өндірістік фактор – кейбір белгілі жағдайларда жұмыс істеушіге тигізген әсері жарақатқа болмаса, лезде оның денсаулығының басқа түрде төмендеуіне әкеліп соғатын, өндірістік фактор. Жасайтын жағдай-жұмыс істеушіге өзінің еңбектік міндетін атқару, немесе жетекшісінің тапсырмасын орындау кезінде қауыпты өндірістік факторлардың әсерін тигізу оқиғасы.
