Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-04-09 Ә.Н.прак..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194 Кб
Скачать
☆

2.4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижелері:

Еңбек гигиенасы бойынша маман ретінде:

1. МСЭҚ облысындағы нормативті-құқықтық құжаттармен( ҚР ДСМ бұйрықтары, ҚМСЭҚ, СанЕжН) әдістемелік ұсыныстармен жұмысы т.б.

2. Жекелеген нозологиялық формалар және жұмыскерлердін аурушандық динамикасының классы бойынша, құрылыстарын, деңгеіне оперативті бағалауды жүргізу.

3. Өндірістік желдетудің гигиеналық сараптамасын жүргізу.

4. Өндірістік жарықтандырудың гигиеналық сараптамасын жүргізу.

5. Ауадағы шаңның құрамын анықтау.

6. Микроклимат көрсеткіштерін анықтау: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның жылдамдығы және өндірістік жайлардағы жылу сәулеленуінің деңгейі.

7. Өндірістік жайлардағы діріл деңгейін анықтау.

8. Өндірістік жайлардағы шу деңгейін анықтау

9. Әртүрлі өндірістік объектілер ортасынан сынама алу кезінде жолдама құжаттарын толтыру және өлшеулерді жүргізу.

10. Белгіленген уақытта өнеркәсіп бөлімінің жұмыс есебін және жоспарын құрастыру.

11. Тұрғындар арасында гигиеналық біліктілігін арттыру бойынша шаралар жүргізу (дәрістер, семинарлар, сұхбаттасулар).

12. Санитарлық сұрақтар бойынша жоғарғы инстанцияларға шешім жобасын құрастыру немесе мекеме басшылығына ұйғарым жазу.

13. Санитарлық бюллетень толтыру.

14. Тұрғындардың хатымен істеу.

2.5. Тәжірибе өткізудің саясаты (тәжірибені өткізу бойынша барлық талаптар)

Практика базасы мен жетекшілігі

Өндірістік практиканы өту базасы ретінде бекітілген МСЭҚД-нің еңбек гигиенасы жүргізіледі. Өндірістік практиканы өту кезінде студентер практика базасының ішкі тәртіп ережелерін орындауына, барлық ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстарына қатысуына міндетті және практика жетекшісі мен МСЭҚД бөлім меңгерушілеріне тікелей бақылауында болады.

Өндірістік практика жетекшісі практика бағдарламасы орындалуын қадағалайды. Өндірістік практика кестеге сәйкес сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

Студенттің өндірістік практиканы өтуде құқығы:

  1. Практиканың бағдарламасын орындаудағы қажетті ақпараттық мәліметтерді алуға;

  2. Базалық ұйымның ақпараттық, нормативтік-нұсқаулық әдибиеттерді қолдануға және бөлім меңгерушілерінің рұқсатымен ақпараттық қорларды пайдалануға;

  3. Өндірістік практиканың бағдарламасы бойынша базалық ұйымның мамандарынан тұжырымды кеңес алуға.

Студенттер өндірістік практиканы өту кезінде міндетті:

  1. Тәжірибенің оқу бағдарламасын толық орындауға;

  2. Бекітілген үлгіде тәжірибе күнделігін күнделікті толтырып отыруға;

  3. Базалық ұйымның ішкі тәртіптік ережелерін толық сақтап, орындауға;

  4. Базалық ұйымның санитарлық ереже, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау талаптарын оқып, біліп, қатаң сақтауға.

Бақылау түрлері

Практика жетекшісінің күнделікті бақылауы:

Өндірістік практиканың жетекшісінің ағымды бақылауы:

  1. Студенттің қатысуын және жұмыс орнында тәжірибелік ісін бақылайды;

  2. Студенттердің тәжірибелік дағдыларын машықтануын қадағалайды;

  3. Студенттердің практика күнделігін тексереді.

Қорытынды бақылау –дифференцирленген сынақ:

Қорытынды бақылауға рұқсаттама алуы үшін студентте болуы керек:

  1. Практика жетекшісі немесе база ұйымның жетекші маманы күнделікті қолдары қойылған практика күнделігі;

  2. Өндірістік практика жетекшісінің және база ұйым меңгерушісінің қолдары қойылған мінездеме;

  3. Өндірістік практикаға қатысу журналы.