Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-04-09 Ә.Н.прак..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.54 Кб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университетІ» кәсіптік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» (бакалавриат)

Пән: Еңбек гигиена

Кафедра: Коммуналдық және еңбек гигиенаксы

5 курсы

Аға оқытушысы___________ К.Н. Шаяхметова

Ақтөбе 20_ ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 20___ж.

№ __ хаттамасы

Кафедра жетекшісі, м.Ғ.Д., профессор: _________________а.А. Мамырбаев

1. Кіріспе

2.1 Еңбек гигиенасы маманы ретінде өндірістік практика бойынша жұмыс бағдарламасы еңбек гигиенасы бойынша мамандардың дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналған әдістемелік нұсқау негізі болып табылады.

2.2 Тәжірибенің мақсаты Қоғамдық денсаулықты сақтауды ұйымдастыруда, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуде «еңбек гигиенасы» пәнінен өтуде меңгерілген теориялық білімдерді тереңдету, нығайту және тәжірибелік машықтарды игеру.

2. Тәжірибенің міндеттері

  • Студенттерді тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын ұйымдастыру және қамтамасыздандыруына үйрету;

  • Қолайсыз өндірістік факторларға байланысты тұрғындар аурушандығының алдын алу шараларын, мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүзеге асыруына үйрету;

  • өндірістік орта жағдайына байланысты еңбек етуші тұрғындардың денсаулығын зерделеуге, бағалауға және болжауға үйрету;

  • еңбек етуші тұрғындарының денсаулығын сақтау және өндірісті қалпына келтіру мақсатымен санитарлық-гигиеналық, санитарлық-техникалық санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық-алдын-алу шараларын жобалау, ұйымдастыруын және орындауын үйрету;

  • жұқпалы, паразитарлық және әлеуметтік маңыздылығы бар ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

  • жұқпалы аурулар ошақтарында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру;

  • сырқаттанушылықтың оперативті және ретроспективті эпидемиологиялық талдауын жүргізу;

  • денсаулық сақтау жүйелеріндегі емдеу-профилактикалық ұжымдардағы негізөгі медициналық құжаттармен, бұйрықтар мен нұсқаулармен, статистикалық есепке алу және есеп беру құжаттарымен жұмыс істеуге үйрету;

  • балалар және ересек тұрғындардың денсаулық жағдайын көрсететін негізгі денсаулық көрсеткіштерін есепке алуды және қажетті статистикалық мәліметтерді талдауға үйрету;

  • берілген статистикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, әлеуметтік, табиғи-геофизикалық, өндірістік, экономикалық және т.б. факторларды ескере отырып, қоғам денсаулығы бағалау мен талдау жасауға үйрету;

  • денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру және басқару негіздері мен принциптері бойынша, мысал ретінде қала, аудан және ауыл тұрғындарының денсаулықтарын оқу. Әйелдер мен балаларға, өнеркәсіп орындағы жұмысшыларға, медициналық көмек беруді ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктерін оқу.

  • Салауатты өмір салтын ұйымдастыру және насихатттау принциптерін іске асыруды үйрету. Бакалаврларды ақпарат беру орындарында, теледидарларда, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінде, білім беру және тәжірибе беру мекемелерінде немесе тұрғындардың әр түрлі топтарының арасында жүргізілген, жұмыстарға арнайы қатыстыруды қамтамасыз ету;

  • денсаулық сақтау менеджерінің негізгі тәжірибелеріне дағдыландыру;

  • денсаулық сақтау маркетологының негізгі тәжірибелеріне дағдыландыру;

  • емдеу-профилактикалық мекемелерінде басқару шешімдерін қабылдауды үйрету;

  • денсаулық сақтау мекемелерінде қаржылық құжаттармен жұмыс істеуді үйрету;

  • мемлекеттің экономикалық политикасын ескере отырып, денсаулық сақтау мекемелерінің экономикалық өмірін реттейтін негізгі әдістер мен реттеу құралжабдықтарына үйрету;

  • біріккен ұлттық Денсаулық сақтау жүйесінің элементтері және принциптерін аймақтық денсаулық сақтау жүйелеріне қалыптастыра отырып, қолдануды үйрету.