- •5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығына арналған «Кәсіптік оқыту әдістемесі және материалды өңдеу практикумы»пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •2 Сабақтардың теориялық және практикалық бөлімдерін ұйымдастыру мен өткәзудің әдістемелік ерекшеліктері.
- •Билет 3
- •Билет 4
- •Билет 6
- •Билет 7
- •Билет 8
- •Билет 9
- •Билет 10
- •Билет 11
- •Билет 12
- •Билет 13
- •Билет 14
- •Билет 16
- •Билет 17
- •Билет 18
- •Билет 19
Билет 10
Кәсіптік оқыту әдістемесінің даму преспективасы. Кәсіптік білім - білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі болып саналады, сондықтан білім беру жүйесінің жоғарғы деңгейіне орналастырылады. Сонымен, жалпы білім беру жүйесі кәсіптік білім жүйесінің іргетасы болып табылады. Соңғы кезде қосымша кәсіптік білім беру жүйесінің маңызы зор, өйткені нарықтың өзгермелі шарттарына икемді болуы үшін қайта даярлау қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру. Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру кезінде негізгі талаптың бірі – тәжірибе өту мекемелерін таңдап алу. Біздің тәжірибе өтетін мектептер: Жетісай қаласындағы №6 Б.Момышұлы атындағы көп салалы мектеп гимназиясы, № 1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясы, №2 Ш.Уалиханов, № 4 А.Құнанбаев, № 5 А.Байтұрсынов, №3 Ю.Гагарин атындағы орта мектептер. Бұл мектептерде іс-тәжірибені нәтижелі, тиімді, педагогикалық ғылымының соңғы жетістіктерімен үйрететін білікті, маман ұстаздар бар.
Сондай –ақ оны ұйымдастыру кезеңіндегі басты мәселенің бірі – студенттерге тәжірибенің негізгі міндеттерін айқындап талдап жеткізу. Кафедрада жасалған «Бағдарламада» тәжірибе міндеттері атап көрсетілген.
Студенттердің институт қабырғасында алған теориялық білімдерін тереңдету. Осы білімдерін оқушылармен жүргізетін оқу –тәрбие жұмысында қолдана білуге үйрету.
Оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалана білу. Оларды сабақтың жоғары әсерлігіне жету үшін тиімді үйлестіре білуге үйрету.
Студенттерде оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау іскерлігін қалыптастыру.
Оқушыларды ойлау қызметін жандандырудың тәсілдерін зерттеп біліп, оларды қолдана білуге үйрету.
Студенттерді балалар мен жасөспірімдердің психологиясы негізіне сүйене отырып, оқушылармен оқу – тәрбие жұмысын жүргізуге үйрету.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізудің элементтерін қалыптастыруға үйрету.
Студенттердің педагогикалық тәжірибесін өткізу кезеңінде оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын кешенді жүргізуге, оқу мен тәрбие жұмыстарының бірлігін іске асыруға, сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбек сүйгіштікке баулуға, оларға эстетикалық, экологиялық және дене тәрбиесін беруге бірден бір ерекше көңіл бөлінеді.
Студенттердің мектептегі педагогикалық тәжірибесінің «Жұмыс бағдарламасы» кафедра оқытушыларының іс-тәжірибелеріне негізделіп, мемлекеттік стандартқа сәйкес жасалынған. Бұл бағдарлама факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі. Бағдарламада педагогикалық тәжірибенің мақсаты, мазмұны, көлемі мен құжаттар үлгісі, сабақ жоспары, хаттама және талдау үлгісі көрсетілген. Бағдарлама кафедра отырысында талқыланған [7. 10-11 б].
Педагогикалық практиканы педагогика, психология және жеке әдістемелік кафедралар мен бірге факультеттің деканаты ұйымдастырады.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеті студенттердің жалпы теориялық, арнайы, психологиялық-педагогикалық әдістемелік жағынан дайындығы болып табылады.
Педагогикалық практика біртіндеп кезеңмен жүзеге асады.
Педагогикалық практикаға дайындық кезінде факультет басшылары кафедраның меңгерушсімен бірлесе отырып, коллоквиумға арналған тақырыптар және сұрақтарды анықтап, педагогикалық практиканың жоспарын құрып, оның өтілетін мектептерінің тізімін анықтайды.
а) Түрлі қымтырмаларды өңдеу технологиясы
б) Металлды кесу процессінің физикалық қасиеттері. Жоңқа түзу процессі.
