- •5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығына арналған «Кәсіптік оқыту әдістемесі және материалды өңдеу практикумы»пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •2 Сабақтардың теориялық және практикалық бөлімдерін ұйымдастыру мен өткәзудің әдістемелік ерекшеліктері.
- •Билет 3
- •Билет 4
- •Билет 6
- •Билет 7
- •Билет 8
- •Билет 9
- •Билет 10
- •Билет 11
- •Билет 12
- •Билет 13
- •Билет 14
- •Билет 16
- •Билет 17
- •Билет 18
- •Билет 19
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі |
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті |
5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығына арналған «Кәсіптік оқыту әдістемесі және материалды өңдеу практикумы»пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
Билет 1
«Білім беру туралы» ҚР Заңы. Білім туралы заңының негізгі принциптері.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Өтілген сабаққа әдістемелік талдау жасау және қорытындысын шығару.
Оқушылардың орындаған жұмыстарына, кеткен кемшіліктерге талдау жасау, бағаны қою сапасы мен бағаны жариялау.
а) Қол жұмыстарын орындау үшін жұмыс орнының ұйымдастырылуы.
Қол жұмысы барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау Жұмыс барысындағы қауіпті жағдайлар: -инемен, түйрегішпен немесе қайшымен, саусақты, қолды немесе көзді жарақаттап алудан сақтану керек. Жұмыс басталғанда: -инешекте қанша ине, қанша түйрегішбар екенін санау; -құрал-жабдықтарды арнайы бөлінген жерге қою. Жұмыс барысында: -мұқият болу; -саусақты инемен немесе түйрегішпен шаншып алмау үшін оймақ кию; -инені, түйрегішті пайдаланғаннан кейін қайтадан инешекке немесе арнаулы қорапшаға салу; -қайшының ұшын өзіңнен бұрып, оң жаққа қою. Жұмыс соңында: -инешектегі ине мен түйрегішті санау, түгелдеу; -жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымдарды, құрал-саймандар мен аспаптарды арнаулы орындарына жиыстырып қой.
б) Ағашты қол аспаптарымен өңдеу әдістері.
Билет 2
Кәсіптік білім беруде тұлғаның дамуы мен тәрбиесі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда білім мекемелері алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейтесті мәселе. Өйткені, тек білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.
Кәсіптік білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлғаны қалыптастырады. Заман талабы өзгерген сайын арнайы орта оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгерді.
Еліміздегі кәсіптік білімді дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, Білім туралы заңға, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2050» жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады.
