- •3. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •4. 20 Ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •5. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •7. Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
- •8.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күшетір, барысы және негізгі кезеңдері
- •9. Ақпан буржуазиялық- демократиялық революцияcы.
- •10. 1917 ЖҚазан революциясы
- •12 Қазақстан азаматтық қарсы тұру жылдарында. Әскери коммунизм саясаты
- •13. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •1Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •15. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і)
- •16. 1924 Жылғы ұлттық-территориялық межелеу.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қазақстан интеллегнциясына қарсы саяси қуғын-сүргін.
- •25. Мәдениет, білім беру және ғылымда солшыл большевиктік идеялардың орнығуы - қазақтардың рухани қасіреті
- •28.Қазақстан аумағына халықтарды , өндіріс орындарын және мәдениет объетілерін эвакуациялау.
- •29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері
- •31.Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары
- •32. 20 Ғ. 1930-1940 жж Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33 . Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарында
- •35. Қазақстандаңы Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр жағдай.
- •36. 20Ғасыр 50ж ортасындағы Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
- •37 20Ғ 2жарт халыққа білім беру мен ғылымдағы өзгерістер
- •39 Билет. Хрущев жылмығы кезінде Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуыжәне оның «жартыкештік» сипаты
- •40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •49. Кеңес империясы жасақтаған әскери өнеркәсіптік кешеннің қазақ халқына тигізген қасіретті зардабы: Семей полигоны
- •50. Мәдениет пен ғылым.Әкімшіл әміршіл жүйенің күшеюі.
- •51. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың орын алуы.Целиноград оқиғасы
- •52. Кокп-ның әкімшіл-әміршіл басшылық ролі мен Горбачевтың демократияшыл,реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •54.20Ғ 90ж басындағы Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
- •55. 1985-1991 Ж қайта құру кезеңіндегі Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:
- •56.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
- •57.Қайта құру жылдарындағы Ұлттық интеллигенцияның ресми ақталуы және оның жартыкештігі:
- •58. Жаңа қоғамдық бірлестіктер мен партиялардың құрылуы: Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері
- •61.Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67.Қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •70. Экономикалық дағдарыстың алдын алу шаралары: жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, шет елдік инвестицияларды тарту.
- •72. «Нұрлы Жол – болашаққа жол» атты жаңа экономикалық саясат – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы.
- •74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?
- •75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
- •76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79. Қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы. 1997 жыл- Ұлттық бірлік пен жаппай саяси қурғын сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998- ұлттық тарих жылы
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •85. Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •88)Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
- •87) Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі рөлі.
- •89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
- •90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Қазақстандық еуразияшылдық Ба¬тыс¬тан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жы¬лы қабылдаған «Еуропаға жол» бағ¬дарламасы осының айғағы болып табылады.
Нұрсұлтан Әбішұлы философияда «еуразияшылдық ағым» деп аталған осы идеяны жақтаушылардың еңбегімен де жақсы таныс болса керек. «Соңғы еуразияшыл» атанған Л.Н.Гумилевті ол жоғары бағалайтынын көруге болады. Астанадағы Еуразия университетіне Л.Н.Гумилевтің есімінің берілуі де соның көрінісі деп білеміз. 2006 жылдың 26 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Экономика біліміне инновация және ғылым арқылы» атты өзінің дәрісінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Еуразиялық идея теория секілді өткен ғасырда туды. Бірақ, еуразиялық идея тәжірибе жүзінде осы ғасырда жүзеге асады. Еуразияшылдық – ХХ ғасырдың басты идеялардың бірі. Мұны өздеріңіз түсініп, көретін боласыздар. Еуразиялық идеяның Қазақстан инициативасы негізінде орындалған үш басты көрінісі – ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Және бұл үш ұйым мызғымас Орталық, Біріккен Еуразиялық Идеяның тәжірибелік келбеті»
Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үдерісінде. Негізі, идея ұсынғаннан бері, Президенттің белсенді қатысуымен болған идеяның жүзеге аса бастауында бес қадамды ерекшелеуге болады: Бірінші қадам, 1994 жылы Мәскеуде ТМД қатысушыларына Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтеруі; екінші қадам, 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қоюы, кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы; үшінші қадам, 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы; төртінші қадам, 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қоюы; бесінші қадам, 2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қоюы.
90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды. Ал 2015 жылғы 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген құттықтау сөзінде Елбасы: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті.
2016 жылдың 14 қаңтарында Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары — қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласы аясында өткен іс-шара өтті
19ғ-20ғ басында Қазақстан территориясында экспедициялық –зерттеу жұмыстарының жүргізілуі. Ресей империясының экономикасы мен саяси өмір саласына Қазақстанның енуі оның ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуді: оның тарихи өткен-кеткенін ой елегінен өткізіп, табиғи ресурстарын, өндіргіш күштер деңгейін анықтауды қажет етті. Қазақстанды зерттеумен Ресейдің толып жатқан ведомстволары – Ғылым академиясы, Географиялық қоғамы, Тау-кен ведомствосы, Қатынас жолдар министрлігі, Мемлекеттік мүлік министрлігі, Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамы және басқа да ұйымдар айналысты.Белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшин (1797–1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінде еуропалықтарға қазақтардың географиясын, тарихы мен этнографиясын бір жүйеге түсіріп, суреттеп берді. Қазақстанның әр түрлі қалаларында көптеген ғылыми қоғамдар: облыстық статистика комитеттері, географиялық қоғамның бөлімдері, 1887 жылы Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы ашылады. Ғылыми зерттеу орталықтарының бірі Орынбор болды. 1896 жылы «Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция» жұмыс істей бастады. Экспедицияның міндетіне аумақты табиғи-тарихи жағынан зерттеп, суреттеу, жер түрлерін, бұл мәселедегі ауылдар мен болыстардың маңызын, шаруашылық жүргізу, жерді пайдалану тәсілдерін анықтау кірді. Экспедицияның құрамына Ф. А. Щербина, Ә. Бөкейханов, Л. К. Чермак, П. А. Васильев, Н. Ф. Гусев, Н. Белев, В. А. Владимировский, Н. Ф. Дмитриев, қазақ зиялыларының үлкен тобы – Ұ. Базанов, Т. Жалмұхамедов, И. Жақсылықов, И. Құдайқұлов, И. Тілекеев, Г. Саркин, Р. Мәрсеков, Е. Итбаев, М. Бекетаев, М, Шомбалов, Д. Сатыбалдин, Т. Есенқұлов және басқалар кірді. Экспедицияға қатысушылар арасында экономистер, ботаниктер, топырақтанушылар, агрономдар болды. Олар материалдар жинап, Қазақтардың жер пайдалануы жөнінде Ф. А. Щербинаның экспедициясы жинап, өңдеген материалдардың он үш томын басып шығаруға әзірледі.XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге келді. 1870–1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уәлаяты газеті», 1888–1902 жылдарда Омбыда қазақ тілінде «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрды.
Қазақ либералды- демокртаиялық интеллигенциясының қалыптасуы және қызметі.Әлихан Бөкейханов
ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге,оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды.Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы 1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында «Алаш» партиясы құрылды.[4]Саяси күреспен қатар қазақ интелегенциясы ағартушылық қызметті де кеңінен өрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы дәрігерлердің, саясатшылардың, судьялардан, ақын- жазушылардан қаралып, мұның өзі қазақ ғылымының орнығып, алғашқы қадамдар жасауы үшін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Ж. Ақбаев ж.б. қыруар істер тындырды.[5]Мәселен, Ә. Бөкейханов қазақ халқының саяси және құқықтық сана-сезімін қалыптастыру жөнінде көп іс тындырған тамаша саясатшы ғана емес, сонымен қатар ғұлама экономист, әдебиетші және тарихшы болған.Оның қазақ халқының тарихын, әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен мәдениетті зерттеуге арналған монографиялық мәні бар «Қазақтар» атты мақаласы 1910 жылы Петербургте жарияланды. Қазақ интеллегенциясының шығармаларында қоғамның негізгі идеялары, ой- пікірлері мен көзқарастары қарастырылған. Олар өз мақалалары мен кітаптары арқылы өз халқын ғасырлар бойы мүлгіген тіршіліктен оянуға, оны экономикалық және рухани тәуелділіктен азат етуге, өркениетті даму жолын нұсқауға ұмтылды. Қазіргі кезге дейін құнын жоғалтпаған А. Байтұрсыновтың «Маса» және М. Дулатовтың «Оян, қазақ» кітаптары нақ сол мақсатқа арналды. Қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы қозғалыс, әсіресе бірінші орыс революциясы самодержавиені біраз кеңшіліктер жасауға мәжбүр етті. Бастапқыда олар саяси салада булыгиндік Дума құрудан көрінді. І Мемлекеттік Думаның жұмысына қазақтың көзі ашық, зиялылары:Торғай облысынан- А. Қ. Бірімжанов, Уфадан- С.С.Жантөреев, Оралдан-А. К. Кәлменов, Астраханнан- Д. С. Ноян- Түндітов, Ақмоладан- Ш.Қосшығұлов және Семейден Ә. Бөкейхановтар қатысты. 1907 жылғы 20ақпанда ашылған ІІ Мемлекеттік Дума құрамына қазақ халқынан оқыған мына зиялы азаматтар енді: Ақмола облысынан- Ш. Қосшығұлов,Торғайдан- Ғ. Бірімжанов, Семейден- М. Тынышбаев, Сырдариядан- Т.Аллабергенов, Оралдан-Б. Қаратаев, Астраханнан-Б.Құлманов.[6] Қазақ интеллигенция өкілдері Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуымен қазақ халқын сырттан жасалатын күйретуші әсерден қорғайтын қандай да бір заң қабылдауға қол жеткізуді мақсат етті,дегенмен де олардың Думаға қатысуының ең басты нәтижесі, негізінен,оның қазақтың ұлттық бірлігін нығайтуға және олардың саяси деңгейін көтеруге көмектескендігінде болды. Қазақ халқының Ресей империясына ортарлық құлдыққа түскен бүкілкезең ішіндегі азаттық жолындағы күресінің шырқау шыңы 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысы болды. Қазақ халқының тарихында 1916 жылғы оқиғаларда қазақ интеллегенциясының алған орны мен атқарған рөлі туарлы мәселе ең жанға батарлық мәселеге айналды. «Алаш» партиясының негізі болған «буржуазияшыл- ұлтшыл» деп аталатын интеллегенция «қазақ халқының жауы және сатқандары», «барып тұрған контреволюционер», «патша малайлары» және т.б. сияқты ұғымдармен көрсетілді.[7] ХХ ғасырдағы ұлт интелигенциясы тарихында аумалы-төкпелі оқиғалар көп болса да, үш сапалық кезеңі аңғарылады. Олар 10-20 жылдардағы Алаш зиялылығы кезеңі, 50-60 жылдардағы ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның өрістеу кезеңі, 80-90 жылдардағы қоғамның ояну кезеңі. Алаш зиялылығы кезеңінде өркениетті мемлекет құру мәселесі,ұлттың тағдыры болашағы күн тәртібіне қойылды. Бұл жолдағы күресті Ресей шындығындағы құқықтық жолмен жүргізу көзделді. Ашық тартысқа шығуға бодандықтан еңсесі түскен елдің жайы мұрша бермеді. Оқығандардың Ресейдегі түрлі партияға кіруі, ақырында одан күдер үзіп өздерінше саяси партия құруы, әрқилы шаруашылықтық- экономикалық механизмдермен қоғамдық-әлеуметтік шаралармен ел әл- ауқатын жақсартуға қам жасауы, айлық, жылдық учительдік курстарды ашуы, негізгі мықты,бағыты анық газет-журналдар шығаруы- ХХ ғасырдың 10 жылдарындағы жетістіктер. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс Алаш қозғалысына тұтқиылдан соққы болып тиды. 1919 жылдан бастап зиялылар күрес тактикасын өзгертті. Оқу-ағарту, баспасөз саласында жүріп халықтың деңгейін көтеруге тырысты. 1926 жылы мемлекеттік ұлт театрын құрды, 1920-1929 жылдары ғылымның барлық саласы бойынша оқулықтар жазды. Қазақ ән-күйлері нотаға түсіріліп алғашқы киносценарий жазылды, фольклорлық мұралар жинастырылды. Академиялық орталық құрылды. Осы істерге Әлихан, Ахмет, Міржақып,Смағұл, Тұрар, Сұлтанбек, т. б. ұйытқы болды. 20 жылдардың соңы мен 30жылдары ұлт интеллигенциясы жаппай репрессияланды. Алаш зиялылығының тоталитаризм кезеңінде шет елде жалғасып,үмітті өшірмеген уақыты да болған. Бірақ эмиграцияға кеткен қазақ саусақпен санарлықтай. Алғаш шетке кеткен (1918) Мұстафа Шоқай 1941жылы өлтірілді. Сонда жүріп ызбарлы Кеңеске қарсы біраз еңбек жазғанымен, барын бере алмай кетті. Зәки Уәлиди секілді естелік жазуға да ғұмыр бұйырмады. 1922 жылы Қытай асқан Райымжан Мәрсековтің онда немен айналысқаны бізге белгісіз. Бірақ ол да сонда 1937 жылы өлтірілді. Анығы: Мұстафа, Райымжан сынды рухы күшті жандар алаштың келешегі үшін басын бәйгеге тіккені.[8] 50-60 жылдары ғылыми-шығармашыл интеллигенцияның өрісі кеңейді. Мұхтар, Сәбит, Ахмет, Шәкен, Әлкей, Қаныш, Әбілхан т.б соңынан мол шәкірт ерді. Алғаш филиал ретінде құрылған ғылым академиясы іргелі ғылым жасауға ұйытқы болды. Әл-Фараби, Абай құбылысы зерделене бастады. Білімді қаламгер, сауатты оқырман өсіп шықты. Әдебиетшілердің санаткерлердің жаңа толқыны өмірге келді. Жас тұлпар секілді ұйымдар туды. Шенеуніктер мәдениетке ынтық болды.Белгілі жағдайлармен соғыс жылдары ашылған өнер ошақтары мен оқу орындарында ұлт интеллигентері көбейді.[9] Қазақ интеллигенциясының басты сіңірген еңбегі мынада: ол бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдық- патриархаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын көрсетуге ұмтылды. Қорытындылай келе айтарым қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғанындай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллигенция белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интелигенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және сана-сезімге қатынасы туралы мәселе туралы мәселе көтерді.
Қоғамдық-саяси өмірдегі таптық-партиялық принциптің ұлы державалық негізі және салдары. Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. Ал 1921— 1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағынұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы 1923 жылы 17—22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясыОрталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде «ұстамдылыққа» шакырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар мәселесінде ымырашылдыққа жолбермеуге, қазақ кедейлерінің «әлі оянбаган таптық түйсігін» шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл қазақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) байлар табына және олардың меншігіне «қызыл гвардиялық шабуылға» өтуге жасалған даярлықтың көрінісі еді.Орталық пен оның Қазақстандағы өкілдерінің мұндай ұстанымына ашық қарсылық көрсеткен жеке қазақ басшылары аз болған жоқ. Солардың бірі — Смағұл Сәдуақасов қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтармен тым әуестенушіліктің жағымды нәтиже бермейтіндігін, қазақ шаруаларының сол тарихи кезеңде таптық қанаудан емес, жұмыссыздықтан, шаруашылығын жандандыруға қажет қаржыныңжоқтығынан азап шегіп отырғандықтарына, яғни ендігі уақытта елдің революциялық сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж екенін түрлі дәреже-деңгейде дәлелдеуге тырысты.Сондай-ақ С.Сәдуакасов қазақ байларымен күресті төтенше революциялық шаралар арқылы емес, бейбіт әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуді ұсынды. С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, Ы.Мұстанбаев, Ж.Мыңбаев,С.Қожанов сияқты қазақ саяси қайраткерлерінің бұл ортак ұстанымын большевиктік басшылық социалистік құрылысқа қарсы көрсетілген жергілікті ұлтшылдардың қарсылығы ретінде қабылдады. Ал ұлт қайраткерлері болса ендігі уақытта мұндай ұстанымдарының ұлтшылдық пиғылдан емес, жергілікті өмір ерекшеліктерінен туындап отырғандығын, соған байланысты өздерінің шынайы интернационализмұстанымынан ауытқымағандықтарын ылғи да дәлелдеп отыруға мәжбүр болды.
