- •3. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •4. 20 Ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •5. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •7. Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
- •8.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күшетір, барысы және негізгі кезеңдері
- •9. Ақпан буржуазиялық- демократиялық революцияcы.
- •10. 1917 ЖҚазан революциясы
- •12 Қазақстан азаматтық қарсы тұру жылдарында. Әскери коммунизм саясаты
- •1Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •13. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •15. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і)
- •16. 1924 Жылғы ұлттық-территориялық межелеу.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қазақстан интеллегнциясына қарсы саяси қуғын-сүргін.
- •25. Мәдениет, білім беру және ғылымда солшыл большевиктік идеялардың орнығуы - қазақтардың рухани қасіреті
- •28.Қазақстан аумағына халықтарды , өндіріс орындарын және мәдениет объетілерін эвакуациялау.
- •29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері
- •31.Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары
- •32. 20 Ғ. 1930-1940 жж Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33 . Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарында
- •35. Қазақстандаңы Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр жағдай.
- •36. 20Ғасыр 50ж ортасындағы Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
- •37 20Ғ 2жарт халыққа білім беру мен ғылымдағы өзгерістер
- •39 Билет. Хрущев жылмығы кезінде Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуыжәне оның «жартыкештік» сипаты
- •40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •49. Кеңес империясы жасақтаған әскери өнеркәсіптік кешеннің қазақ халқына тигізген қасіретті зардабы: Семей полигоны
- •50. Мәдениет пен ғылым.Әкімшіл әміршіл жүйенің күшеюі.
- •51. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың орын алуы.Целиноград оқиғасы
- •52. Кокп-ның әкімшіл-әміршіл басшылық ролі мен Горбачевтың демократияшыл,реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •54.20Ғ 90ж басындағы Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
- •55. 1985-1991 Ж қайта құру кезеңіндегі Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:
- •56.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
- •57.Қайта құру жылдарындағы Ұлттық интеллигенцияның ресми ақталуы және оның жартыкештігі:
- •58. Жаңа қоғамдық бірлестіктер мен партиялардың құрылуы: Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері
- •61.Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67.Қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •70. Экономикалық дағдарыстың алдын алу шаралары: жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, шет елдік инвестицияларды тарту.
- •72. «Нұрлы Жол – болашаққа жол» атты жаңа экономикалық саясат – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы.
- •74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?
- •75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
- •76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79. Қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы. 1997 жыл- Ұлттық бірлік пен жаппай саяси қурғын сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998- ұлттық тарих жылы
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •85. Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •88)Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
- •87) Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі рөлі.
- •89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
- •90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
5. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
Ұлттық интеллигенция өкілдері қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық болды, экокномика, ауыл шаруашылығы мәселелерін сөз ете отырып, жер мәселесін шешуге ұйытқы болды. Олар қазақтың оқыған зиялы қауымын бір ойдың, бір мақсаттың төңірегіне ұлт-азаттығын алу үшін күресуге жұмылдыра білді. «Алаш» партиясы мен қозғалысы тарихының проблемаларын, сондай-ақ оған қазақ ұлттық интеллигенциясының қатысуын талдап түсіндіруде М. Құл-Мұхаммедтің зерттеулері ерекше манызға ие [29]. Қазақстан тарихындағы «ақтандақтарға» жататын 1929-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың проблемалары алғаш рет Т. Омарбековтің зерттеуінде [30]. жоғары ғылыми баға алды. Оның «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы» ғылыми еңбегінде күштеп ұжымдастыру мен байларды тәркілеу саясатының ауыр салдарлары алғаш рет жан- жақты ашып көрсетілді [31]. М. Қойгелдиевтің Т. Омарбековпен бірлесіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегі шаруалар көтерілісіне, қазақтардың қоныс аударуына және 30-жылдардағы аштық оқиғаларына арналды. Қазақ9 интеллигенциясының қалыптасу процесі соңғы ғасырлар аралығында жеделдей түсті . Ол мезгіл жағынан Ресейдегі азаттық қозғалыспен тұспа-тұс келді және оның ықпалында болды. Әсіресе күшті әсер еткен оқиға 1905-1907 жылғы Ресейдегі тұңғыш революция. Осы оқиғаның әсерінен қазақ қоғамының рухани және саяси өмірінің оянуы, ұлттық сананың сезіле басталуымен көзге түсті.Ал ұлттық сананың оянуы қазақ интеллигенциясының қалыптасуының тікелей нәтижесі болды. Дәл сол тарихи бет бұрыс кезеңінде интеллигенция арасынан топ жарып суырылып шыққан аса талантты ақындар , жазушылар, тарихшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері біршама болды. Олар қоғамдық сана- сезімнің , мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Қазақстанның егемендігі мен тәелсіздігі тарих сахнасынан шеттетілген қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қызметі мен саяси күресін терең зерттеуді қажет етеді. Қазақ зиялыларының күрес тәжірибесін , ел үшін жасаған үлкен қызметін байыпты талдау мен са-раптау.Айналысқа түспеген құжаттармен тарихи деректерді қолдану арқылы тарих ақтаңдақтары ақиқатын көрсету зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі. Қазақ зиялыларының тарихтағы орны мен рөлін көрсету негізінде өткен тарихи кезеңді түсіну мен талдау өзекті мәселесінің басты нысанасы. Қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 80-жылдардың соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру процесі. Сталиндік жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады.
7. Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды. Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.
6. Жәдидшілдік ағартушылық идеялардың Қазақстанға қатысуы. . Жәдидшілдік ағартушылық идеялардың Қазақстанға ықпалы. Жәдидшілдік — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Жәдидшілдіктің ірі өкілдері қатарында И.Гаспралы, Ш.Маржани, А.Ибрагимов, М.Абдурашидханов, М.Бехбуди, А.Фитрат, Ф.Ходжаев, т.б. болды. Ағартушылық сипатта жүрген Жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқақарсы әрекет ретінде бағалады. Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфақалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Олардың арасында Стамбұл, Мысыр, Бағдад оқу орындарының түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орталық Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер және жәдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират әл-мустақим” (“Тура жол”) атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор қаласындағы баспаханаиесі, бай Ұ.Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін және өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тәржіман” газетінің Жәдидшілдік көзқарасына қарсы күрес жүргізді. Жәдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, айдап салып отырды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жәдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы “ұалия”, Орынбордағы “Хусеиния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы“Шабдания” секілді мектеп-медреселер Жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Жәдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды
