- •3. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •4. 20 Ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •5. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •7. Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
- •8.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күшетір, барысы және негізгі кезеңдері
- •9. Ақпан буржуазиялық- демократиялық революцияcы.
- •10. 1917 ЖҚазан революциясы
- •12 Қазақстан азаматтық қарсы тұру жылдарында. Әскери коммунизм саясаты
- •13. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •1Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •15. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і)
- •16. 1924 Жылғы ұлттық-территориялық межелеу.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қазақстан интеллегнциясына қарсы саяси қуғын-сүргін.
- •25. Мәдениет, білім беру және ғылымда солшыл большевиктік идеялардың орнығуы - қазақтардың рухани қасіреті
- •28.Қазақстан аумағына халықтарды , өндіріс орындарын және мәдениет объетілерін эвакуациялау.
- •29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері
- •31.Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары
- •32. 20 Ғ. 1930-1940 жж Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33 . Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарында
- •35. Қазақстандаңы Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр жағдай.
- •36. 20Ғасыр 50ж ортасындағы Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
- •37 20Ғ 2жарт халыққа білім беру мен ғылымдағы өзгерістер
- •39 Билет. Хрущев жылмығы кезінде Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуыжәне оның «жартыкештік» сипаты
- •40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •49. Кеңес империясы жасақтаған әскери өнеркәсіптік кешеннің қазақ халқына тигізген қасіретті зардабы: Семей полигоны
- •50. Мәдениет пен ғылым.Әкімшіл әміршіл жүйенің күшеюі.
- •51. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың орын алуы.Целиноград оқиғасы
- •52. Кокп-ның әкімшіл-әміршіл басшылық ролі мен Горбачевтың демократияшыл,реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •54.20Ғ 90ж басындағы Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
- •55. 1985-1991 Ж қайта құру кезеңіндегі Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:
- •56.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
- •57.Қайта құру жылдарындағы Ұлттық интеллигенцияның ресми ақталуы және оның жартыкештігі:
- •58. Жаңа қоғамдық бірлестіктер мен партиялардың құрылуы: Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері
- •61.Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67.Қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •70. Экономикалық дағдарыстың алдын алу шаралары: жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, шет елдік инвестицияларды тарту.
- •72. «Нұрлы Жол – болашаққа жол» атты жаңа экономикалық саясат – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы.
- •74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?
- •75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
- •76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79. Қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы. 1997 жыл- Ұлттық бірлік пен жаппай саяси қурғын сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998- ұлттық тарих жылы
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •85. Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •88)Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
- •87) Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі рөлі.
- •89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
- •90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы. 1997 жыл- Ұлттық бірлік пен жаппай саяси қурғын сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998- ұлттық тарих жылы
Тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден-ақ Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы қызметінің белгілі саласы әлемнің дамыған мемлекеттерімен, халықаралық саяси, экономикалық ұйымдарымен жан-жақты байланыс орнатуға арналды. Солардың ішінде Америка Құрама Штаттары, Қытай, Еуропа мен Азияның ықпалды елдерімен қатынасқа назар аударылды. Олардың қатарында саяси, экономикалық, мәдени, т. б. салаларға баса назар аударылды. Себебі осындай қатынас республиканың демократиялық өркендеуіне, нарықтық экономикаға өтуіне серпінді де сенімділік тұрғысында ықпал жасайтындығы белгілі еді. 1992 жылы Қазақстанда бірнеше делегация, атап айтқанда, АҚШ Конгресінің Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық комиссиясының делегациясы (1992 ж., сәуір), сенаторлар: Крэнстон (1992 ж., қыркүйек), Сэм Нанн және Ричард Лугар (1992 ж., қараша) болды. 1992 жылы Алматыға Ерекше істер жөніндегі елші Строуб Тэлботт екі жақты мәселелерді шешу мақсатымен екі мәрте келді. 1993 жылдың қазанында Алматыда АҚШ-тың ТМД елдеріне экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған арнайы үйлестірушісі Т. Саймонс болды. Осы мерзімде АҚШ Мелекеттік хатшысы У. Кристофер жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында «Екі жақты салық салуды болдырмауға арналған келісімге» қол қойылды.
Тәуелсіз ҚР-ң алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлкетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру, елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның сыртық саясатының басты міндеттер- оның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарды өркениетті мемлекеттердің қаарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың ерік-жігері тек осындай аса маңызды міндеттерді іске асыруға бағытталды. Республикамыз тәуелсіз алғаннан кейін , егемен мемлекет халықаралық аренаға шықты, 1992 жылы 3 наурызда ҚР Біріккен ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралаық валюта қорының, халықаралық реконструкция және даму банкісінің, дүниежүзілік банктің, нвестицияға кепіолдік беретін көп жақты агенттіктің, инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралаық орталықтары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының мүшесі болды және басқа бірсыпырына кірді. Қазақстан Республикасы:
-Ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді
- барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қаым-қатынас орнықтырады
- территория шекарасы біртұтас, бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды
Саяси қуғын-сүргін құрбандары Президенттің 1997 жылдың 5 сәуірдегі бұйрығынан соң жыл сайын 31 мамырда еске алынады. Сол кезеңде халқымыздың басым бөлігі қасаң да қатаң мемлекеттік саясаттың құрбанына айналды. Миллиондаған совет азаматтары репрессияға ұшырады. Кеңес билігінің бастапқы жылдарында аграрлық, көшпелі ел түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаппай индустрияландыру мен қала санының артуы шаруалардың материальдық ресурсының жойылуына әкеліп соқты. Қазақстан компартиясының көшбасшысы Филипп Голощекин 1927 жылы "Кіші Қазан" төңкерісін жариялады. Бұл ұжымдастыру мен көшпелі қазақтың отырықшылық өмірге бейімделуін танытты. Асыра сілтеу мен халықтың қолындағы малды тартып алып қою салдарынан 1932-33 жылдары Қазақстанда бір жарым миллион адам көз жұмды. 600 мыңға жуық қазақ елін тастап, көшіп кетті. Биліктің мұндай саясаты кей өңірлерде қарулы бас көтеруге әкеп соқты, алайда ол аяусыз басып-жаншылды. Зиялы қауым партия қайраткерлерінің қателігі мен асыра сілтеуін қатты сынға алды. Кеңес билігі азаматтық соғыс жылдарындағы ұлт тәуелсіздігіне белсене қатысқан "Алаш Орда" қозғалысының көптеген қайраткерін тізімге алып отырды. 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Міржақыпов Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сынды 44 "буржуаз ұлтшыл" қамауға алынды. 1930 жылдың қыркүйегінде Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Жақып Ақбаев сынды бірқатар қазақтың қаймағы тағы қамауға алынды (барлығы - 40 адам). Олардың бір бөлігі Ресей территориясына ит жеккенге айдалды. 1937-38 жылдары қазақтың көрнекті қайраткерлерінің барлығы репрессияланды. Сондай-ақ респрессия құрбандары ішінде Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілхайыр Досов, Смағұл Сәдуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров та бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелеріне осы қоғам қайраткерлері мен қазақтың көрнекті азаматтарының аты берілген. Олардың еңбектерін оқушылар, студенттер оқып, ғалымдар зерттейді. Олардың құрметіне мемлекетте мемориалдық кешендер орнатылып, ескерткіштер ашылған. Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937-38 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген. Сотталғандар арасында совет саясатына қарсылық білдірген ұлт оппозициясының көшбасшылары да болды. Мамандардың пікірінше, сол кезеңдегі тарихи мәліметтердің ақтаңдақ тұстары әлі де көп. Кеңес заманында Қазақстан территориясында ірі еңбекпен түзеу лагері - Карлаг жұмыс істеп тұрды. Онда қамалғандар ауылшаруашылығы, индустриальдық өндірістегі ауыр жұмыстарға жегілді. Карлагта бір миллионнан астам тұтқын болған. Сондай-ақ елімізде саяси маңыздағы АЛЖИР - отанын сатқандардың әйелдері тоғытылған Ақмола лагері болды. Ондағылар жан жолдасының саяси қылмысы үшін жазасын өтеді. Осы жылдары көптеген ұлт жаппай Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы күзде жүз мыңдаған корей, түрік, ирандық, күрд және әзірбайжандар елімізге кеп қоныс тепті. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдары елімізге немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары және басқа ұлттар депортацияланды. Олардың жалпы саны 1 миллион 200 мыңды құраған. КСРО-да 1986 жылы өткен шеруге қатысушылар да тәуелсіз Қазақстанда саяси репрессия құрбандары қатарына жатқызылады. Бұл оқиғаның өрбуіне Қазақ КСР ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнынан алынуы және оның орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы түрткі болған. Желтоқсанда елде жаппай наразылық акциясы өтті, бірақ ол аяусыз басып-жаншылды. Қамауға алынғандар саны 8,5 мың адамнан артады. Бұл оқиға мемлекеттің саяси өміріндегі демократияның бастауы боп табылады. Өйткені одан кейінгі бес жылдан соң тәуелсіз Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялады. 1993 жылы Қазақстанда "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды. Оның мақсаты - әділдікті орнату және зардап шеккендердің шығынын өтеу. Қазақстан астанасында 2012 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандары құрметіне ескерткіш орнатылды. Монумент ауыр жылдардағы халықтың шеккен зардабы мен қайғысын еске салады. Жанында әйелдер мен балалардың мүсіндері бар, киіз үйдің бір бөлшегі "Кереге" сипатындағы кешен "Аза тұту қабырғасын" танытады. "Ұжымдастыру аяусыз сынақ болды, ол ауыл өмірінің ғасырлық болмысын қиратты, жеріміздегі мыңдаған жылдар бойғы көшпелі өркениеттен қол үзгізді. Мұның барлығы миллиондаған адамның көз жасына әкеп соқты. Ашаршылық және оның қайғы-қасіретке толы салдары кеңес кезеңіндегі ең ірі гуманитарлық апат боп саналады" деді Қазақстан Президенті Н.Назарбаев осы ескерткіштің ашылуы рәсімінде. Ақмола облысында қазір мемориалдық кешен жұмыс істеп тұр. Оған барғандар осы лагерде көз жұмған мыңдаған тұтқынның тарихымен таныса алады. Кеңес заманының мұрасы мен КСРО-дағы өмір маңындағы айтыс-тартыс бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Кеңес көшбасшыларының рөлі мен олардың заңға қайшы әрекеті маңындағы пікірталас ұдайы әрі қызу талқыланады. Бұл арада тиімді тәсілдің бірі ел тарихының оң тәжірибесінен сабақ алу екенін де баса айта кетелік. "Адам өзінің өткен өміріне құрметпен қарауы керек, әрі ондағы оң әсерлерді алып, бүгініне қажетіне жаратуы тиіс. Ондай артықшылықпен халықаралық аренада әрдайым санасатын болады: қытайлар Маоға лайықты бағасын беруде ел дамуында үлкен жетістіктерге жетіп, әлемдік екінші экономикаға айналып отыр. Ұлттың бірлігі, өз тарихына деген көзқарастағы біртұтастық ары қарай дамудың және бүгінгі мүдделерді сырттан қорғаудың қажетті алғышарттары. Өйткені мемлекеттер бәсекесі мен күресті әлі де ешкім тыйған жоқ. Алайда, егер аяқ-астынан жаңа Сталин мен Шыңғысхандарға заман сұраныс туғызса, онда пікірталасқа қатысушылардан ешкім санасып жатпайды, олар пайда болады" дейді біздің автор, Кембридж университетінің зерттеушісі Шоқан Лаумуллин.
1998 жыл – халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы
Президент шешімімен 1998 жыл Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық тарих жылы болып жарияланды. Зиялы қауым ел халқын осы екі маңызды рухани салаларға назар аударуға шақырды. Кеңестік тоталитарлық жүйедегі интернационалдық тәрбие, кеңестік патриотизм мен отаршылдық тарихи сана күн тәртібінен түсірілді. Тәуелсіздіктің рухани факторларын нығайтудың маңызы артты. Әсіресе, қазақ ұлтының өз тарихындағы нақты орнын ел халқына түсіндіру керек болды.
