Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221.15 Кб
Скачать

72. «Нұрлы Жол – болашаққа жол» атты жаңа экономикалық саясат – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бағыт» атты Жолдауындағы жастарға арналған негізгі 3 бағытқа тоқталғым келеді.

Бірінші – білім мәселесі. Елбасының білім саласына қыруар қаражаттың бөлінетінін және еліміздің беделді 10 ЖОО әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға бағыталғанымызды көрсетеді.

Екінші – ұлтаралық достық. Еліміздің бүгінгі әлемге үлгі болар тұсы бұл – ұлттар арасындағы татулық, осы жағдайларды жастарға ұғындыру керек екені айтылды. Менің ойымша, достық пен келісім болмаған жерде ешқандайда даму болмақ емес.

Үшінші, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард тенге қаражат бөлінетінін жеткізді. Өзімізге белгілі бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың бір жылдың ішінде үштен бірі ажырасып жатыр, әрине бұған көптеген мәселелер ықпал ететіні түсінікті, дегенменде кейбір мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жалпы жас отбасылардың 80% жуығында жеке пәтер жоқтығын ескерсек, Елбасы, Н.Ә.Назарбаев жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін дөп басып айтты. Елбасының биылғы Жолдауында басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Президенттің Жолдауында еліміздің инфрақұрылымының әртүрлі салалары толығымен қамтылған. Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды - энергетикалық, тұрғын – үй жәнет.б. инфрақұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай - ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс – шаралары жайлы атап өтілді.

73) Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару:кедейшілікті еңсеру,халықты еңбекпен қамтуды көтеру,жастарды,студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдармалар,зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы.

тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.

74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?

Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Техникалық және кәсіптік білім

Мақсаты:

Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіргізу.

Міндеттері:

1. Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) мазмұнының құрылымын жаңарту.

2. Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту.

3. ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру.