Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221.15 Кб
Скачать

58. Жаңа қоғамдық бірлестіктер мен партиялардың құрылуы: Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері

Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық «Невада–Семей» қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында «Мемориал» қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті.

1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары пайда болды. Қоғамдық саяси ұйым «Форум» бірнеше студенттік ұйымдар негізінде ұлттық бағытта құрылды. Республикалық студенттер кеңесі олардың әлеуметтік құқығын қорғаумен айналыса бастады. 1990 ж. Қаңтарында «Бірлік» тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды. 1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың пайда болу процесі басталды. Бұл кезде социал–демократия партиясы «Азат» азаматтық демократия қозғалысы сияқты бірлестіктер ұйымдастырыла бастады. 1990 ж. сәуір–мамыр айларында «Алаш» ұлттық партиясы, «Желтоқсан» ұлттық демократия партиясы құрылды. Ол кездегі ұйымдасқан саяси–қоғамдық құрылымдардың негізгі айырмашылығы, оларда Республиканың тәуелсіздігі туралы жаңа ұрандардың пайда болуы.

59.Президенттік институттың енгізілуі және қазақ КСР-нің тұнғыш Президентін сайлау: Аса күрделі тарихи сәтте Қазақ¬стан бас¬шысы тағы да көрегендік танытты. Басты мақсат – елде тұ¬рақ¬тылық пен тыныштықты сақ¬тауға қол жеткіздік. Саяси тұрғыда тәуел¬сіздікке жетудің алғышарты қаланды. Президенттік институт тарихтың сындарлы сәтінде Қазақ¬станның мемлекет ретінде әлемдік қауымдас¬тыққа танылуына жол ашты және тәуелсіз еліміздің сая¬си-мем¬лекет¬тілік келбетін қалып¬тастырды.Мемлекетті басқару жүйесіндегі Прези¬денттің рөлін айқындау үдерісінде 1991 жылғы 16 қазандағы «Қазақ КСР Президен¬тін сайлау туралы» Қазақ КСР-інің заңы мен «Қазақ КСР Президентін сайлауды тағайындау туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысының алатын орны ерек¬ше. Осылайша, Қазақстанның тарихында Прези¬дент¬ті баламалы негізде тікелей бүкілхалықтық сайлауға алғашқы қадам жасалды.Президенттік республиканың қалыпта-суы мен дамуы арқылы қа¬зақ тарихында, тіптен басқа, жаңа да жаңашыл, қазақстан¬дық жол басталды. 1991 жылғы 1 желтоқ¬сан¬да өткен жалпыхалықтық алғаш¬қы сайлауда Н.Назарбаевты дауыс беруші¬лердің 98,78 пайызы қол¬дады. Бұл жарқын жеңіс Қазақ¬стан¬ның бүгінгі күнге дейін жал¬ға¬сып келе жатқан ұлағатты

Салтанатты ұлықтау рәсімі 1991 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Данагөй абыз ақын Шәкір Әбенов халқымыздың атынан Елбасына жүрекжарды батасын берді. Сол күні қазақстандықтар Тұңғыш Пре¬зидентіне елі мен жерінің тағ¬ды¬рын тапсырдыЕгемен елдің мемлекеттік тари¬хи күні – 1991 жылғы 16 желтоқ¬санда «Қазақстан Республикасы¬ның Мемлекеттік Тәуелсіз¬дігі» ту¬ралы конституциялық заңы қа¬был-данды. Президенттік институт¬тың құрылуы, оның елдің қоғам¬дық-саяси жүйесінде ала¬тын орны мен рөлінің нормативтік-құ¬қық¬тық тұрғыда реттелуі заңнамалық негізде қамтамасыз етілді. Бұл ба¬ғыт¬та 1998 жылға дейін жүргізіл¬ген жетілдіру жұмыстары президенттік институтты Қазақстанда тұрақты сипатта орнықтырды. Президенттік институт, Президенттің мемлекет¬тік орган¬дар¬мен өзара қарым-қа-тынасы, билік тар¬мақтары жүйе¬сіндегі Президенттің орны, оның қоғамның пәрменді дамуына тіке¬лей ықпал етуші факторлары бір¬тұтас прези¬дент¬тік басқару жүйесін жасақтады. КСРО Конституциясындағы кеңестік жүйенің ядросы болып табылатын КПСС-тің басшылық және бағдарлаушы рөлі көрсетілген 6-бап алынып тасталды. 1990 жылы КСРО конституциясына көппартия¬лық жүйе енгізу туралы өзгерістер жасал¬ғанына қарамастан, КПСС өзінің доминант¬ты өкілеттігін сақтап қалды. Әлбетте, коммунистік партия мен оның орталық комитеті басшылары жаңадан енгізілген президенттік басқару институтына барынша кедергі жасап бақты. Биліктің ауысу трансформациясы күрделі кезеңді бастан ке¬шір¬ді. Әлбетте сол кездегі жариялылық пен демократияның айшықты рәмізіндей бол¬ған президенттік институт кеңес хал¬қына жат ұғым емес еді. 1990 жылы КСРО-да Президент лауазымы енгізіліп, 15 нау¬рыз айында халық депутаттарының кезектен тыс өткен 3-съезінде М.Горбачев КСРО Президенті болып сайланған болатын. Осыдан кейін-ақ одақтас республика¬лар¬да президенттік институт жоғары билік жүйесі ретінде дендеп ене бастады. Ең алғаш¬қылардың бірі болып Қазақстанда, Қыр¬ғызстанда, Молдовада, Түрікмен¬стан¬да, Өзбекстанда президенттік институт енгізілді. Ал Грузия мен Украинада прези¬дент¬тік институт – 1991

жылы, Белоруссия¬да 1994 жылы

60.Тілдер туралы заңның қабылдануы және оның маңызы: Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңның 4-шi бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» - деп бекітілген. Сонымен бiрге, «Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» - деп көрсетiлген.

Әр халықтың ана тiлi - оның жаны, халқының қайталанбас өзiндiк бейнесі, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi. Қазақ тiлiн зерттеушiлер Мұхтар Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағында, жазушының сөздiк қорында 29.483 сөз бар екенiн, соның iшiнде таза қазақ сөздерiнiң саны - 23.740, қалғаны кiрме сөздер екенiн анықтаған. Салыстыру үшiн айтсақ, А.С.Пушкин шығармаларында 21.197 сөз, ал Шекспир шығармаларында 15.000 сөз бар екенi туралы ғылыми анықталған деректер бар.