Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221.15 Кб
Скачать

52. Кокп-ның әкімшіл-әміршіл басшылық ролі мен Горбачевтың демократияшыл,реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды

53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері

Саясат басшысы Горбачев.Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.

54.20Ғ 90ж басындағы Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.

55. 1985-1991 Ж қайта құру кезеңіндегі Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:

1985 жылы БАҚ-тың даму кезеңіндегі өзгеріске толы жыл болды. М.С.Горбачевтің үкімет басына келуіне байланысты қайта құру саясаты басталды. Қоғамда жариялылық басталып, халық демократияға бет бұрды. Бұл қозғалыс жылдар бойы қалыптасқан тоталитарлық жүйеге, оның идеологиясына наразылықтан туындаған болатын. Бұрынғы бір жүйеге мойынсұнған одақтас мемлекеттер ыдырап, КПСС-тің құлауына әкеп соқты. Бұл өзгерістер алдымен БАҚ-ына әсер етіп, тек қана социалистік қоғамның сойылын cоғатын таеларадио және баспасөз еркіндік алуға ұмтылыс жасай бастады. Дегенмен, бұл тұста бүкілодақтық радио компартияның ХХVII – съезінің шешімдерін насихаттаумен болды. Осы уақытқа сай келген жастар мен студенттердің дүниежүзілік ХII фестивалі, Стахановтық қозғалыстың 50 жылдығы және Қазан төңкерісінің 70 жылдығы тілге тиек болды. Демократияның классикалық теориясы антикалық дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.