Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221.15 Кб
Скачать

44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты

1965-1985 ж.зуспубликаның өнеркәсібі өсті. Оны дамыту үшін 40 млрд. Қаржы жұмсалды. Химия,мұнай саласы 3 есе,машина жасау 5 есе өсті. 70-80- ж.Қаз-да шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп,орындар болды. Тауарлардың 60 пайызға жуық Қаз-ға басқа республикалардан әкелінді. Қаз-нан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1млрд.700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Қаз-ғы өнеркәсіптердің 50 пайызға дейін орталықтағы министірліктерге бағынды. Одақтық министірліктер Қаз-ның әлеуметтік дамуына,ұлттық кадрлары дайындауға көңіл бөлмеді. 70 ж-дан бастап экономика,мәдени-саяси өмірде тоқырау құбылыстары белең алды. 1965-1985 жж Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы,дағдарыс құбылысы. КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді. 60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. 1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.

45. Өнеркәсіп дамуының қарама-қайшылықты сиапты және өндіріс саласында дербестікті шектеу. ҚР өнеркәсібінің шикізаттық сипатының асқынуы Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың т мұнай, 0,1 млн т көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды. Алғашқы бесжылдықта (1928 – 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды. 2-бесжылдықта (1932 – 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. 1933 – 1940жылдары республикада Шымкент қорғасын зауаты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920 – 1932 жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті. Өнеркәсіп өнімін қарқынды дамытудың іргетасы қаланып, оның көлемі 70%-ға өсті. Бесжылдықта (1951 – 1955) өнеркәсіп өнімі 82%-ға артты, халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар темір кентасын, болат, көмір, электр энергиясын, машиналар мен механизмдер, өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын өндіру қарқынды жүргізілді.

Республика өнеркәсіп інің тиімділігі әлемдік стандартқа сай емес. Айталық, Қазақстанда 1 доллар ЖІӨ шығару үшін 2,8 кВт-сағ қуат жұмсалса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0,2 – 1,2 кВт-сағ шамасында. Мұның басты себебі: көптеген кәсіпорындар шикізатты бастапқы өңдеумен ғана айналысады, ал шикізатты ақырғы өнімге дейін өңдейтін кәсіпорындар аз. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі озық технологиялар да жоқтың қасы. Сонымен қатар өнеркәсіптің біраз салаларында негізгі құрал-жабдықтар ескірген (50%-дан астам). Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің ЖІӨ-дегі үлесі 2004 жылы 30%-дан асты, яғни ақшаға шаққандағы көлемі 3000 млрд. теңгеден астам болды, ал өнеркәсіптің негізгі қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 30 мың теңге шамасында. Негізгі қызметтен алынған табыс 402,2 млрд. теңгені құрады және өнеркәсіптің пайдалылық деңгейі 23%-ға жетті. 21 ғасырдың басынан Қазақстан өнеркәсіпін әртараптандыру үдерісі жүргізіле бастады. Нәтижесінде ақпараттық технология, биотехнология, ядролық технология, автомобиль құрастыру сияқты өндірістің жаңа бағыттары пайда болып, әлемдік бәселестікке төтеп беретін өнім түрлерін кластерлеу ісі жолға қойылды. Қазақстан өнеркәсіпін 2015 жылға дейін жаңа индустриялық инновациялар даму өрісіне шығару, сөйтіп, өнеркәсіп салаларын әртараптандыру жолымен келешекте оның шикізаттық бағыттағы даму үрдісінен сервистік-технологиялық экономика үлгісіне көшу көзделіп отыр. [1]

46. 20 ғасыр 60 жылдардың ортасы-70жылдардың басындағы әкімшілк басқарудың нәтижесінде аграрлық салада қарама-қайшылытарына тереңдеуі. ХХ ғ. 60 жылдардың ортасы – 70 жылдардың басындағы әкімшілік басқарудың нәтижесінде аграрлық салада қарама-қайшылықтардың тереңдеуі. . 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын. “Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетт Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік құнын ақтамады. Зиянмен жұмыс істейтін шаруашылықтардың саны артты. Егер 1970 жылы ондай шаруашылықтардың үлес саны совхоздардың 26%-ін, колхоздардың 4%-ін қамтыса, 1985 жылы совхоздардың 53% , колхоздардың 49% зиянмен жұмыс істеді. Ауыл, село еңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді, адамдар көбінесе ақшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды. Еңбекте ақы төлеу оның өнімділігінің өсуінен басып озды. Республиканың жергілікті жерлеріндегі ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігін арттыру бағытындағы кейбір ізденістер басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-ші жылдардың басында жүргізілген сансыз көп қайта құрулар, эксперименттер, бағаның, интеграция мен мамандандырудың жаңа түрлерін және т.б. енгізу ауыл шаруашылығының берекесін кетірді. Одан болдырған ауыл шаруашылығы қатаң әкімшілік бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарысқа ұшырады. Істің жағдайын жаңа шешімдер қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулі нәтиже бермеді. ХХ ғ. 70 және 80 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы едәуір өсті. 70-жылдардың І-ші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа еңбек ақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 жылы колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33%-ке көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, еңбек ақы төлеудегі теңгермешілік және т.б. халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. құнсыздану 20%-ке өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды. Халық санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек, 11-ші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады. Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процесстер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің “қалдықтық принциптері” қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді. Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикадағы жағдайды одан әрі қиындата түсті. 80-ші жылдардың ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.

47. 20ғ 60-70 жылдары 2жартысындағы Еңбекақыны бөлудегі теңгермешілдік және халықтық негізгі бөлігінің материалды жағдайының төменндеуі