- •3. Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •4. 20 Ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •5. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •7. Ресейдің 1 және 2 мемлекеттік думаларына қазақстардың қатысуы.
- •8.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күшетір, барысы және негізгі кезеңдері
- •9. Ақпан буржуазиялық- демократиялық революцияcы.
- •10. 1917 ЖҚазан революциясы
- •12 Қазақстан азаматтық қарсы тұру жылдарында. Әскери коммунизм саясаты
- •13. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •1Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •15. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы( Қазақ акср-і, Қазақ кср-і)
- •16. 1924 Жылғы ұлттық-территориялық межелеу.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •21. Бай шаруашылықтарды тәркілеу және оның саяси – экономикалық салдарлары.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қазақстан интеллегнциясына қарсы саяси қуғын-сүргін.
- •25. Мәдениет, білім беру және ғылымда солшыл большевиктік идеялардың орнығуы - қазақтардың рухани қасіреті
- •28.Қазақстан аумағына халықтарды , өндіріс орындарын және мәдениет объетілерін эвакуациялау.
- •29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері
- •31.Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары
- •32. 20 Ғ. 1930-1940 жж Саяси сенімсіздік және Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33 . Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарында
- •35. Қазақстандаңы Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр жағдай.
- •36. 20Ғасыр 50ж ортасындағы Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
- •37 20Ғ 2жарт халыққа білім беру мен ғылымдағы өзгерістер
- •39 Билет. Хрущев жылмығы кезінде Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуыжәне оның «жартыкештік» сипаты
- •40 Билет. Н.С.Хрущевтің реформалары. Партиялық-мемлекеттік басқару
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •49. Кеңес империясы жасақтаған әскери өнеркәсіптік кешеннің қазақ халқына тигізген қасіретті зардабы: Семей полигоны
- •50. Мәдениет пен ғылым.Әкімшіл әміршіл жүйенің күшеюі.
- •51. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың орын алуы.Целиноград оқиғасы
- •52. Кокп-ның әкімшіл-әміршіл басшылық ролі мен Горбачевтың демократияшыл,реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •54.20Ғ 90ж басындағы Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпоррындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
- •55. 1985-1991 Ж қайта құру кезеңіндегі Жариялық пен демократиялық насхаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер:
- •56.1986 Жылдағы Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
- •57.Қайта құру жылдарындағы Ұлттық интеллигенцияның ресми ақталуы және оның жартыкештігі:
- •58. Жаңа қоғамдық бірлестіктер мен партиялардың құрылуы: Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері
- •61.Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67.Қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •70. Экономикалық дағдарыстың алдын алу шаралары: жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, шет елдік инвестицияларды тарту.
- •72. «Нұрлы Жол – болашаққа жол» атты жаңа экономикалық саясат – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы.
- •74) Қазіргі заманғы білім беру мен ғылымды инновациялық негізде дамыту стратегиясы?
- •75. Егемендік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
- •76. Қр қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •77. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы кәсіподақтар мен үкіметтік емес, жастар ұйымдарының құрылуы және дамуы.
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79. Қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •82. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық тарихтағы «ақтандақтардың» жойылуы. 1997 жыл- Ұлттық бірлік пен жаппай саяси қурғын сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1998- ұлттық тарих жылы
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •85. Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •88)Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
- •87) Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі рөлі.
- •89.Қр пРезиденті н.А.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея.
- •90. Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- қазақстандық халық тарихындағы елеулі кезең.
36. 20Ғасыр 50ж ортасындағы Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқытарын шектеуге бағытталған партиялқ бақылаудың кұшеюі.
Адам мен адамзат құқықтары институтын дамытудағы сапалы серпіліс ХХ ғасырдың екінші жартысында көбінесе тоталитарлық режимдердің қайғылы тәжірибесіне реакция ретінде болды. Қалыптасқан азаматтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар каталогы елеулі кеңейеді. Оларға жаңа «құқықтар ұрпағы»: қолайлы қоршаған ортаға, ақпаратқа және т.б. Осы кезеңде адам мен азамат құқықтары институтын дамытудағы жетекші рөлді оның негіз құраушы құжаттарында ресімделген халықаралық құқық иеленеді: Жалпыға ортақ адам құқықтарының декларациясы (1948ж.), Біріккен Ұлттар Ұйымымен қабылданған, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт, және азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт (1966ж.), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Хельсинки қорытынды актісі (1975ж.) қосылады.Олар және адам құқықтары жөніндегі кейінгі халықаралық құжаттар адам мен адамзат құқықтары каталогының масштабты стандартын және қатысушы-мемлекеттердің конституциялық құқығымен қабылданған осы құқықтарды қамтамасыз ету кепілдіктерін құрады.Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, аса маңызды алғашқы халықаралық-құқықтық құжат 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы болып табылады. Осы құжатқа Бастама бөлімде былай мәлімделген: «Бас Ассамблея осы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын оны орындауға барлық халықтар және барлық мемлекеттер әрбір адам мен қоғамның әрбір органы осы Декларацияны үнемі ескеріп, ағарту және білім беру жолымен осы құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуге және ұлттық пен халықаралық прогресті шаралар жолымен олардың Ұйымға мүше мемлекеттер халықтарының арасында да, сондай-ақ олардың юрисдикциясында болатын халықтардың арасында жалпыға ортақ және тиімді танылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге ұмтылатындай етіп жариялайды» Адам құқытарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілердің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституцияның адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты.
37 20Ғ 2жарт халыққа білім беру мен ғылымдағы өзгерістер
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.] Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 — 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгінеки,Қожа Ахмет Иасауи, т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 — 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды: 1) қадим мектептері — мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер; 2) орыс-қазақ мектептері; 3) жәдит мектептері — әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер. Қазақстанда 19 ғ-дың 50 — 60-жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Мұндағы мұғалімдердің көпшілігі Мысыр, Бағдад, Стамбұл және Қазан, Орынбор, Уфақалаларында оқып, тәрбие алған молдалар болған. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу күз, қыс айларында жүргізілді.Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды.1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептері ашылды. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалары енгізілгеннен кейін және қоныс аударып келуші шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты зайырлы мектептердің қатары көбейді. Олардағы оқу бағдарламаларын генерал-губернатордың өзі белгілеп, Халық ағарту министрлігімен келісіп алып отырды. Қазақтардың балалары орыс поселкелері мен казак станицалары жанындағы мектептерде тегін немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға құқықты болды.1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды.1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім және қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды.XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары білім алуына жол бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың Ұлттық сана-сезімі тезірек оянады деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерін ашудың басты идеологта- рының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын: «Бізге тиімді болатын бір жағдай бар. Ол — бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып тұратын болуы. Ол — орысша жазғанда да аяқ алып жүргізгісіз қыруар қате жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептері ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ.
38 Сталиндік «жеке басқа табыну» Кеңес өкіметінің 1924 – 1953 жылдардағы басшысы, 15 Республикадан тұрған. Одақты жеке дара билеген Сталин қазақ халқына өте ауыр қасірет әкелгені тарихтан мәлім. Кезінде, Лениннің өзі Сталиннің кемшіліктері туралы «Өсиеттер» атты хаттарында жазған болатын. Сондай – ақ, Сталин жайлы Н.С.Хрущев ХХ съезде баяндама жасап, Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерлеп, былай деген болатын: «Біз Сталиннің тұсында орын алған, басқалардың пікірлерімен бүтіндей санаспау, оның нұсқауларына қайшы келетіндердің барлығына өзіне тән күдікшілікпен және қаталдықпен, дөрекі күшпен қысым жасаған тап осыған ұқсас әрекеттердің қандайының болса да қайта туу мүмкіндіктеріне жол бермеу үшін, бұл мәселені мұхият зерттеуге және дұрыс қорытындылауға тиіспіз…»
Сталин билік еткен жылдары қандай қателіктер жасады десек, онда біріншіден, ол Ленин бастап кеткен жаңа экономиялық саясат бағдарламасын, жер – су реформаларын аяқсыз қалдырып, оның орнына бай-кулактарды, орташыларды, қазақ зиялыларын қудалау басталды.
Жер – су реформасының мақсаты, қазақтарға жерлерін қайтару болатын, бірақ бұл саясат аяғына дейін орындалмады. Себебі, 1920 жылдардың аяғына қарай ұжымдастыру науқаны басталып кеткен болатын. Бұл Сталиндік социализмнің ең сауатсыз тәжірбиесінің бірі болатын. Бұл тәжірбиені Қазақстанда іске асырушы сол кездегі Қазақ өлкелік партия ұйымының басшысы, шаш ал десе бас алатын – Голощекин ( 1925 – 1933 ж. ) болатын. Билікке келген Голощекин, елімізде «Кіші Қазан» төңкерісін жасады. Мұны Сталиннің басшылығымен болған «Сталиндік социализмнің Қазақстандағы голощекиндік социализмі» деп атасақ та болады. Голощекиннің бұл саясатына көрнекті қоғам қайраткерлері С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н. Нұрмақов т.б. қарсылықтарын білдіріп, мұны қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде бағалады. Голощекин, өзін қолдамайтындар және қарсы болғандарға «Оңшыл коммунистер», «Қазақ ұлтшылдары», — деген айдар тақты. Кейіннен бұларға «жікшілдер тобы» деген айып тағылып, қуғын – сүргін басталып та кетті.
Ленин, ұжымдастыруды асықпай, біртіндеп, бірнеше ондаған жылдарда іске асыру қажет деп жоспарлаған, ал Сталин ұжымдастыруды 4 – 5 жылдың көлемінде орындауға тапсырма берді. Ал, Голощекин бастаған топ: «2 – 3 жылдың көлемінде орындаймыз», — деп міндеттеме қабылдаған.
Олар жеке шаруа қожалықтарын тезірек ірі шаруашылықтарға біріктірсек, соғырлым шаруашылықты тез өркендетеміз деп есептеді. Сол себепті, бүкіл елді бірнеше аймаққа бөліп, әрқайсысына ұжымдастырудың басталу және аяқталу уақытын белгілеп берді.
Сондықтан, жергілікті «шолақ белсенділер» ұжымдастыруды ерекше қарқынмен жүргізді. «Қазақстанды ұжымдарға біріктіреміз және отырықшыландырамыз», — деген Сталиндік социализмнің тәжірибесі сәтсіз аяқталып, үлкен қасіретке әкелді. Бұл қасірет моңғол, жоңғар шапқыншылығының қасіретінен де асып түсті.Сталин, Голощекин жіберген қателіктерін басқаларға жабу арқылы «халық жауларын» іздеу науқанын жүргізіп, халықтың толқуын басуға тырысты. Ол өз нәтижесін берді де. «Оңшыл оппортунистер» деген айыпқа енді «буржуазииялық ұлтшылдар» деген айып тағылып, бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағып, олар 1928 жылы қамауға алынды. Олардың арасында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов және басқалар бар еді.Құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов. Ж.Ақбаев және басқалары бар ұлттық зиялылардың екінші тобы (40 адамдай) 1930 жылдың қыркүйек – қазанында қамауға алынды. Бұлардың барлығы дерлік 1937 – 1938 жылдардағы қанды қасаптан құтыла алмай, жазықсыз жазаланды.Елде сталиндік: «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі», — деген теориясы үстемдік ете бастады. Алғашқылардың бірі болып жазаланған, кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ж.Аймауытов еді. Оған, 1930 жылдың 4 сәуірінде ату жазасына үкім шығарды, кейін үкім өзгертіліп 10 жыл қамауға ауыстырылды. 1935 жылы 5 қазанда Ресейдің түкпіріндегі Соловки лагерінде қайтыс болды.Міне, осылай қазақ зиялыларының көзін жою басталып кеткен болатын.Қазақстан лагерлер өлкесіне айналып: «Карлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» т.б. ондаған лагерлер құрылды.Сталиндік социализм кезінде 101 мың қазақстандық «ГУЛАГ» – қа жабылып, оның 27 мыңы атылды.Қазақстан партия ұйымында «меңдешевшілік» , «қожановшылық», «сейфуллиншілдік» деп аталатын айдарлар да тағылып, партия ұйымдарын қудалау жүргізілген болатын. Олар, негізінен троцкийшілердің оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болды немесе соларға жаны ашыды деп айыпталды.1937 – 1938 жылдардағы саяси қуғын – сүргін саясатынан кеңес өкіметін орнату жолында коммунистік идеяның салтанат құру жолында аянбай күрескендер де құтыла алмады. Мысалы: 1917 жылдан партия мүшесі, Қазақстан өлкелік Партия ұйымының 1933 жылдан басшысы болған Л.И.Мирзоян да қуғын – сүргін құрбаны болды.Сталиндік социализмнің екінші қателігі – халықтар депортациясы. Кеңестік халықтарды күштеп ата – мекенінен көшіру жоспарлы және құпия түрде іске асырылды. Сталиндік шешімдер Одақтас Республикалардың Ата заңдарындағы азаматтардың ұлтына, жеке басына қарамай, тұрғын үйлеріне ешкімнің қол сұғуына болмайтындығы туралы берілген кепілдіктерін өрескел бұзып отырды.Алғашқы жер аударылуға ұшыраған Украинаның шекаралық аймағын мекендеген поляктар болды. 1936 жылдың 28 сәуірінде оларды Қазақстанға жер аудару туралы қаулы қабылданды.1937 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға 95903 Корейлер жер аударылды. Осы жылдың соңында Корейлермен қатар Оңтүстік шекара аймағынан курдтер, ассириялықтар, ирандықтар және түріктер көшірілді. Шекара аймағын мекендеген бұл халықтар «сенімсіздер» қатарына жатқызылды.Барлық күштеп жер аударылған халықтардың арасындағы ірі ұлттық топ – немістер болды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін екі айдан соң, 28 тамызда Қазақстанға 361 мың Поволжье немістері жер аударылды. 1941 – 1942 жылдары 1,5 миллионға жуық немістер жер аударылып, соның жартысынан астамы Қазақстанға көшірілді. Сонымен бірге жер аудару Латвия, Литва, Эстония, Молдовия халықтарына жүргізіліп, олардың басым бөлігі Қазақстанға күштеп көшірілген болатын. Барлық жер аударылғандардың азаматтық құқығына шектеу қойылды. Олар шахталарда, құрылыста, қорғаныс өнеркәсіптерінде, ағаш даярлау ормандарында т.б. жерлерде лагерлердегі тұтқындар сияқты ұсталды.Халықтарды күштеп жер аудару Ұлы Отан соғысы жылдарында жалғасын тапты. «сенімсіз» халықтар деп Солтүстік Кавказ бен Қырым аймағындағы аз ұлттарды жаппай жазалау басталды. Яғни, 1943 жылдың қазан айында қарашайларды, Қырым татарларын, ал 1944 жылы курділер, түріктер, шешендер, ингуштар, балқарларды жер аудару туралы қаулы шықты. Олардың негізгі бөлігі Қазақстанға әкелінді.Сонымен, 1930 – 1940 жылдардағы халыққа, оның ішінде жеке ұлттарға қарсы бағытталған қуғын – сүргін, осы кезеңдегі жүргізілген сталиндік саясаттың құрамдас бөлігі болды. Мұндай заңсыздықтар адам құқығын аяққа басу, яғни халықтарды күштеп жер аудару, кейбір ұлттық мемлекеттік автономиялық құрылымдарды жою, көп жағдайда, Сталиннің субьективтік шешімімен жүзеге асырылып отырды.
Сталиндік социализмнің келесі өрескел әрекеті және қателігі – орыстандыру саясаты. 1928 жылы Қазақстанда қолданыста болған араб әрпі латын әріпімен ауыстырылды. Бұл саясатына А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары қарсы шықты. Олар, бұл саясаттың түпкі астары қандай саяси – иделогиялық мақсат көздейтінін жақсы түсінді.
Латын жазуына көшу, уақытша көзбояушылық шара екенін, бәрі – бір түптің түбінде орыстандырудың кілті болған орыс алфавитіне түсіретінін, олар сезді.
Ең қауіпті де, зиянды нәрсе, мың жылдан астам уақыт бойы қолданыста болған, тарихы мен ой – санасы, рухани қазына көздері, өнер туындылары араб жазуымен қалыптасқан, әрі халықтың тарихи жадын қорландырып келген жазу мәдениетінен айыру – қазақ халқын қатты қансыратты.
Нәтижесінде, араб жазуымен жазылған ата – баба мұрасын, рухани байлығын игеруге мүмкіндік болмай қалды.1920 – 1930 жылдары араб әрпімен шыққан басылымдарды пайдаланғандар «пантюркист», «панисламист», деп жарияланып , қудалауға ұшырады. Ақыры 1940 жылы орыс алфавитін ендірумен аяқталды.Сөйтіп, жүздеген жылдар бойы патшалық Ресей ендіре алмаған орыс алфавитін, Сталин бастаған топ 10 – 12 жылдың ішінде енгізді.
Хрущев жылдарында
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық коодақмитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
