Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221.15 Кб
Скачать

28.Қазақстан аумағына халықтарды , өндіріс орындарын және мәдениет объетілерін эвакуациялау.

. Өндіріс орындарының және адамдардың басым көп бөлігі Уралға, Сібірге қарай, ал 1941 жылы бір бөлігі Волга бойына көшірілді. Волга бойына көшірілгендер келесі 1942 жылы немістер өз шабуылдарын осы бағытта жүргізгенде қайтадан эвакуациялануға мәжбүр болды. Қазақстанға 1941–1942 жылдары 300-ден астам завод көшірілді, олардың 142-сі ірі өндіріс орындары болды. Бұл заводтардың көбісі кейін Қазақстан жеріндегі ірі өндіріс орындарының негізін қалады. 1941–1942 жылдары Кеңес армиясы шегініп жатқанда Қазақстанға 532,5 мың адам КСРО-ның батыс аймақтарынан көшіріліп әкелінді. Бұған қоса көшіп келген заводтар мен фабрикалардың 50 мың маман-жұмысшылары мен инженер-техникалық қызметкерлері келді. Бұлардан бөлек Қазақстанға 970 мың адам күштеп көшірілгенін ескерсек, соғыстың алғашқы жылдары Қазақстандағы демографиялық жағдайдың қиын болғанын көруге болады.

1941 жылдың 23 шілдесінде эвакуацияланғандар туралы мәлімет беретін анықтама бюросы ашылды және эвакуацияланғандардың көп болуына байланысты облыстағы эвакуацияланғандарды тіркеп, орналастырып жұмысқа тұрғызу жұмысымен айналысатын облыстық кеңестің атқару комитеті жанынан эвакуацияланған халықты қабылдау бөлім құрылды

Қызылордаға эвакуацияланғандардың 39 пайызы 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жастағы балалар болды. Олардың 5284-і, яғни көшіп келгендердің 18 пайызы 7–16 жас аралығында мектеп жасындағылар болды.

29.Халық шаруашалығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.

30.Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдан далаларындағы әскери қимылдары мен партизандық қозғалыстардағы ерліктері

Генерал майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен 316 атқыштар дивизиясы

1075 атқыштар дивизиясы 1941 ж 28 танк жюшыллар тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді.

219 атқыштар полкі 1941 ж 24 маусымда Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті.

Ленинград шайқасы

48 дивизиясы, 310 атқыштар дивизиясы , атқыштар дивизиясы , 314 дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, өмір жолын салуға қатысты.

Сталинград шайқасы

17-гвардиялық танк полкі

19-гвардиялық атты әскер полкі

74-теңіз атқыштар бригадасы

129-миномет полкі

156- жеке көпір құрылысы батальоны

116-атқыштар дивизиясы 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып,түгел қаза тапты.Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе ‘’Шығыстың 11 батырының төбесі’’ деп аталады.

17 –гвардиялық танк полкі Қазақстандық подполковник Т.С Позолотин басқарған полкі ерекше көзге түсті.

КСРО-ның жау қолында қалған аймақтарында соғыстың алғашқы күндерінен бастап партизандар қозғалысы пайда болды.

Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3.5 мың адам болды . Соның ішінде Қ.Қайсенов

31.Қазақстандықтар-Ұлы отан соғысының батырлары

НҰРКЕН ƏБДІРОВ Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алған

қазақстандықтардың бірі – əскери ұшқыш Нұркен Əбдіров. Ол1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған.

1942 жылы шабуылдаушы ұшқыш Нұркен Əбдіров майданға жіберіледі. Алғашқы əуе шайқасына 23 қазанда қатысып, екі айға жетер-жетпес уақыт ішінде 16 рет əскери-əуе жорығына араласты, жаудың 12 танкісін, 28 автомашинасын жəне т.б. техникаларын,

50-ге тарта солдаты мен офицерін жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда Ростов облысы Боков ауданындағы Коньков хуторына шоғырланған жау танкілері мен автомашиналарына жасалған шабуылға қатысты. Шабуыл кезінде Нұркен

Əбдіровтің ұшағы отқа оранды. Осыдан кейін ол ұшағын бұрып əкеліп, жау танкілерінің

шоғырына соғады. Нұркен Əбдіровке əскери міндетін атқару кезінде көрсеткен мұндай

өшпес ерлігі үшін 1943 жылы 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

ПАВЛОВ ИВАН ФОМИЧ Павлов Иван Фомич 1922 жылы Қостанай облысының

Меңдіқара ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Чкалов атындағы əскери-əуе ұшқыштары мектебін, 1949 жылы М.В. Фрунзе атындағы Əскери академияны бітірді. 1942 жылдың желтоқсан айынан Ұлы Отан соғысына аттанды. Жауынгерлік

ұшу сапарына 200-ден астам рет шығып, өзі жаудың 3 ұшағын қиратты. 1944 жəне 1945 жылдары екі рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соғыстан кейін авиация

полкін басқарды. Павлов 1950 жылы қызмет барысында қаза тапты. 2 рет «Ленин» орденімен, т.б. көптеген ордендермен жəне медальдармен марапатталды. Қостанай қаласының орталық алаңына Павловтың қола мүсіні орнатылған.

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ Момышұлы Бауыржан (1910 – 1982) – жазушы,даңқты жауынгер, гвардияполковнигі,панфиловшы,Кеңес Одағының Батыры (1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995). Мектепті бітірген соңсоғысқа дейін мұғалім, ауатком хатшысы, милиция бастығы болып қызмет істеген.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығыменАлматыда жасақталған 316-шы атқыштар (8-гвар-диялық) дивизиясы құрамында майданға аттана-ды. Батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдарында осы гвардиялық дивизияны басқарады. 1950 жылы Кеңес Əскері Бас штабының

жанындағы Жоғары əскери академияны бітіріп, əскери академияда сабақ береді жəне тұрақты əскери қызмет атқарады. СҰЛТАН БАЙМАҒАМБЕТОВ

Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы Қостанай облысы Əулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылында туылған.1940 жылы əскер қатарына алынып, 1941 жылдың

маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына аттанды.Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-

Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. Өзі де 4 рет жараланған. 1943 жылы 25шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып

тұншықтырып, ерлікпен қаза тапты.1944 жылы 21 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі

Төралқасының шешімімен Сұлтан Баймағамбетовке КеңесОдағының Батыры атағы берілді.