Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221.15 Кб
Скачать

19. Ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.

Кіші қазан саясаты

1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады, Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топақ бөлінді, 1 Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту, 2 Елді шикізат аймағына айналдыру, Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2 Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру, Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды, Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады - деп күйінішпен жазады Садуақасов, Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді, Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес, Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстары ескерілмеді, Голощекин, Құрамысов бұларды - Сәдуақасов пен Мыңбаев және сыбайластары жергілікті ұлтшылдық көрініс деп бағалады, Кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептед

іБольшевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің YІ Пленумында 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды.

20. Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері мен жолдары туралы айтыстар. Қазақстандағы индустрияландырудың отаршылдық мазмұны.

Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.

Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.

Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.

Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т.б. деп санады.

Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс жүрді.

1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында “әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екен