- •Балалардағы жедел ішек инфекциясының құрылымы мен аурушаңдық эпидемиологиясы
- •2. Балалардағы жедел ішек инфекциясының алдын алудағы мейірбикенің рөлі.
- •3. Зерттеу материалы мен әдістері
- •Заманауи жағдайда жедел ішек инфекциясының эпидемиологиялық ерекшелігінің анықталуы
- •Әлемдегі жедел ішек инфекциясының аурушаңдығы.
- •Бактериалды жедел ішек инфекциясы эпидемиологиялық ерекшелігінің анықталуы
- •Жедел ішек инфекциясының вирусты этиологиясының анықталу ерекшелігі
- •Қазақстанда жедел вирусты ішек инфекциясының эпидемиялық анықталу процесі
- •Балалардағы жедел ішек инфекциясының жиі асқыну түрлері
- •2. Балалардағы жедел ішек инфекциясының алдын алудағы мейірбикенің рөлі.
- •2.1. Мейірбике- жедел ішек инфекцияларының алдын алудың басты негізі
- •10 Правил для профилактики оки (острых кишечных инфекций)
- •3. Зерттеу материалы мен әдістері
- •3.1. Аурулардың жалпы сипаттамасы және зерттеу материалы.
- •3.2. Зерттеу әдістері.
Қазақстанда жедел вирусты ішек инфекциясының эпидемиялық анықталу процесі
Қазақстан балалар ауруы бойынша ішек инфекциясы ЖРВИ-дан кейін екінші орында тұрады.
Балалардағы ішек инфекциясының жиі анықталатын түрі диарея болып табылады.Бұл ауру соншалықты қауіпті емес, бірақ диареяның алып келетін салдары қайтымсыз болуы мүмкін.
Әлемде жыл сайын диарея инфекциясымен 5 жасқа дейінгі балалардың 70% құрайтын 1,5 млрдтан аса адам ауырады. Сонымен қатар жыл сайын 2 млн бала диареядан қайтыс болады.
Қазақстанда 2010 жылы 5 жасқа дейінгі балалар арасында жедел ішек инфекциясы бойынша 11257 жағдай тіркелген.
Қазақстан – жалпы интоксикация белгілерімен, асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен және дегидратациямен жүретін жіті вирусты ауру- ротовирустар немесе ішек инфекциясы бойынша орта деңгейдегі аймаққа жатады. Педиатр дәрігерлерді диараеяның кең таралуы мазалайды.
Ішек инфекциясының аурушаңдық деңгейі ересектерден қарағанда 3 есе жоғары.
Ротовируспен бір жасқа дейінгі балалар және иммуннодефицитпен зардап шегетін адамдар көбірек шалдығады. 70 аурушаңдық жағдай күз-қыс айларында кездеседі. Негізгі себебі болып гигиеналық жағдайдың төмендігі. Екіншілік бактериалды инфекцияның шығуы ротовирусты инфекцияда жиі кездеседі(дизентерия, сальмонеллез, эшерихиоз).
Ерте жастағы балаларда инфекцияның негізігі берілу жолы – тұрмыстық жолмен, үлкен жастағы балалрда – тағам және су арқылы жүреді. Республикалық санэпидстанцияның көрсеткіштері бойынша Қазақстанда тағам арқылы берілетін инфекция басым, ал су арқылы берілу жолы 3 орында тұр.
Диарея тез дамиды және балалардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Өйткені сусыздану және өмірлік маңызды элементтердің шығынына алып келеді.
Ішек инфекциясының қауіптілігі бірінші кезекте балада сусыздану дамиды.Бұл жиі құсумен және іш өтімсіздігіне байланысты.
Сусызданудың жеңіл түрінде ерте анықталған аталған белгілер онша байқалмайды. Ауыр түрінде тәулігіне жиі 10 ретке дейін іш өтумен, жиі құсумен жүреді, бала су ішпейді, тәбеті болмайды. Мамандардың анықтауы бойынша бала ұйқышыл болады, іші тартылған,температурасы қалыптыдан төмен болады.
Балада диарея болғанда негізгі емдік шара сұйықтық деңгейін толтыру ға бағытталады, яғни регидротация және диетотерапия. Диареяда ағзаны қалпына келтіру үшін тұзды су қолданылады: қайнаған су, шай, күріш сорпасы, арнайы глюкоза-тұзды ерітінді.
Регидротация жасағанда қолдану уақыты мен дозасына мән беру керек. Мысалы,егер баланың салмағы 4кг болса сұйықтықтың мөлшері 42 милилитр сағатына беру керек.Егер баланың салмағы 10кг болса сұйықтықтың көлемі 83 милилитрге көтеріледі. 6сағат ішінде 5 ккг-дық салмақтағы балаға 250 мл, 10кг-дық балаға 500 мл, 25 кг-дық балаға 1250 мл болады деп педиатр бекіткен. Егер балада екінші деңгейдегі сусыздану болса сағатына сұйықтық мөлшері 66-дан 300 мл-ге дейін беріледі, 6 сағатта – 400-ден 2000 мл-ге дейін сұйықтық дене салмағына байланысты.
Қазіргі таңда Қазақстанда емшек жасындағы және ерте жастағы балаларды, соның ішінде жедел ішек инфекциясын емдеуде тамақтандыруды қолдау өзекті мәселе.
Гигиеналық мәселе мен кезеңге байланысты қандай да бір ішек дисфункциясы қосылғанда айтылған мәселелер артады.
Отандық балалар тамақтандыру өнімдерін жасауда және балалардағы ішек ауруларын алдын алуда, ерте диагностикада педиатрлар мемлекет өз қолдауына алады деген үмітте.
http://www.zakon.kz/179792-kishechnye-infekcii-stojat-na-vtorom.html
