Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ғылыми жоба зерттеу бөлімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
522.25 Кб
Скачать

Қарағанды конфеттерінің ертеңгі көрінісі

Қарағанды кондитерлік фабрикасының экспорттық әлуеті кейінгі жылдары 30 пайызға артты.Кәсіпорын өнімінің басым бөлігін Ресейдің шекаралас аймақтары тұтынады. Бір ғана Челябі облысына Тобыл өңірінен айына жүз тоннадан астам тәтті түрлері жіберіледі.

Челябі қаласының ірі сауда орталықтарында Қазақстан кәмпиттері деген мынандай жазулар жиі көзге шалынады. Біздің кондитерлік өнімдер дүкеннің бүтін бір бөлігін алып жатыр. тәтті құмар Ресей тұрғындарының бірі - Дина Засекина. Оның айтуынша, Қазақстан кәмпиттері дәмі және безендірілу жағынан ерекше.

Диана Засекина, Челябі қаласының тұрғыны:

- Отбасымызбен ұзақ жылдардан бері тек қазақстандық тәттілерді тұтынамыз. Біздің кішкентай баламыз да банан, лимон салындысы бар карамель, шоколодты кәмпиттерді жақсы көреді. Жалпы қай өнімдерін алсаң да дәмді.

Челябі қаласындағы бір ғана сауда қоймасына  аптасына 36 тонна кондитер өнімдері жеткізіледі. Бұл жерден Владивостоктан бастап Калининградқа дейін Ресейдің 20 шақты өңіріне таратылады. Сұраныс жоғары, сондықтан биыл Қазақстан кәмпиттерін импорттауды 1,5 есеге көбейтпек ойлары бар.

Наталья Мялицина, сауда компаниясының бөлім басшысы (Челябі):

- Қостанай кондитерлік фабрикасымен көп жылдан бері әріптестік байланыстамыз. Осы кәсіпорын шығаратын өнімдердің 20-дан астам түрі біздің сауда маркасымен сатылатындығын мақтан етеміз.

Челябі облысы Қазақстанмен тауар айналымы бойынша Ресейдің өзге өңірлерінен көш ілгері. Ақшаға шаққанда былтыр ол 1 млрд 400 миллион АҚШ долларына жеткен.

Татьяна Машарова, экономикалық даму министрлігінің басқарма басшысы (Челябі):

- Негізінен екіжақты сауда-саттықта металлургиялық және азық-түлік өнімдерінің үлесі басым. Ал импорт пен экспорттың арақатынасын айтар болсақ, бұл жерде Қазақстан алда тұр.

Кондитерлік фабрикаға келсек, қостанайлық кәсіпорын жақын болашақта экспорт көлемін тағы 30 пайызға арттыруды көздеп отыр. Мұнда жақында бисквит цехының ашылуы оған толық мүмкіндік береді.

Қарағанды конфеттерінің болашағы

Биыл Қарағандыда жалпы құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын 43 шақырым көлік жолы жөнделеді. Бұл жөнінде облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абайділдә САНАУБАРОВ мәлім етті.

Осы жылы 27 нысанды жөндеу жоспарланып отыр. Мұның ішіне құны 100 млн. теңге тұратын Приканальная көшесінің құрылысы және сомасы 779,7 млн. теңгені құрайтын Гоголь көшесінің күрделі жөндеу жұмысы енгізілді. Сонымен қатар, құны 2 млрд. 923 млн. теңге көлемінде 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі Октябрь ауданында атқарылады. Атап айтқанда, Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау станциясының 21 нысанында жөндеу жұмыстары орындалады. Көпшілікті алаңдатқан Гоголь көшесін жөндеу мәселесі шешімін табады. Мұнда тротуарларды ауыстыру, жол қозғалысын реттеу құралдарын ретке келтіріп, толық жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған. Сондай-ақ, «Қарағанды конфеттері» ЖШС фабрикасы маңындағы теміржол өтпесінің мәселесін шешуге, жолдарды кеңейтуге уәде берді.