Компания жайлы
Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.
1978-1979 жылдары цехтардың жұмыскерлеріне арналған асхана, дәрігерлік санитарлық бөлім, кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары бар әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы жүреді. 1992 жылы мемлекеттік кәсіпорын «Рахат» акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, «Рахат» сауда белгісі болып тіркеледі. 2001 жылы Шымкент қаласында еншілес кәсіпорын ашылып, алғашқы өнімдері өндіріле бастайды. 2007-2009 жылдары Кельн қаласындағы (Германия) ISM кондитер және бисквит өнімдерінің Халықаралық арнайы көрмесіне қатысады.
«Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.
Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған.
Марапаттар
2001 жылы
«Рахат» ААҚ «Жылдың үздік салық төлеушісі» құрметті атағын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министірлігінің марапаттау Белгісіне, «Жыл таңдауы» республикалық байқауы барысында «Казахстанский» шоколады «Жылдың № 1 шококлады» Құрметті атағына ие болады.
2002 жылы
Компания өнімі «Қазақстан мақтанышы» Құрметті атағын және «Тәттілер ─ 2002» көрмесінің марапаттау белгісін алады. Компания өнімі «Қырғыстан ─ 2002» Халықаралық көрме-жәрмеңкесінде алтын медаль жеңіп алады.
2003 жылы
«Қазақстанның іскер адамы - 2003» Үкіметтік байқау барысында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы жоғары сапалы өнімі үшін жүлде беріледі.
2004 жылы
Компания өнімі «Тәттілер - 2004» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен дипломға ие болады.
2005 жылы
Компания өнімі «Тәттілер - 2005» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленеді.
2006 жылы
«Алтын сапа» республикалық байқауында компания екінші орынға ие болады.
2007 жылы
Компания өнімі «Тәттілер - 2007» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленіп, «Мінсіз» сапалық халық белгісін алады.
2008 жылы
Компания өнімі «Тәттілер - 2008» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленіп, «Мінсіз» сапалық халық белгісін алды.
2010 жылы
Компания өнімдері «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық белгісін алды. Компания «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында бірінші орынға ие болады. Мәскеу қаласында өткен «Продэкспо 2010» көрмесіндегі «Үздік өнім-2010» конкурсында компания өнімдері диплом мен алтын медаль алады.
2011 жылы
Компания өнімдері «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық белгісін алды.Алматы қаласындағы «Тәттілер-2011» ХIII Қазақстан Халықаралық көрмесі. «Халық таңдауы» тұтынушылар дәм сараптамасы бойынша бас жүлде. Диплом - «Халық таңдауы» Тұтынушылар дәм сараптамасына қатысушыға.
