Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бітібаева Қ. Қазақ әдібиетін о.ә..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
559.34 Кб
Скачать

Іі тарау. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру

Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры – көркем мәтінді оқу мен талдау жұмысы. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу – әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызметі, мақсаты. Оқу мен талдау – бір ананың егіз баласындай, жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білу, яғни, әр баланың қабілеті, дарыны, ой – өрісіне байланысты жүреді. Көркем туындыны кім қабылдайды, ол туралы қандай пікірде болады, ол әр оқушының өзіне байлансыты жүзеге асады.

Әдебиет пәні мұғалімінің әдебиетті оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы – осы көркем туындыны оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу оның ең бір тиімді жолы - үнемі оқушы пікірін, ойын тындау, онымен есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарлап, таныстыру емес, алдын ала жүйелі сабаақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту. Бұл тапсырма төменгі сыныптан, яғни, 5-сыныптан басталып жүйелі жүрып отыруы керек. Мысалы, 5 – сыныптан Абайдын «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келуге тапсырма алады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірін, ойын айту – аса күрделі мәселе (әсіресе, төменгі сынып оқушылары үшін). Жалпы бұл жерде айта кететін жағдай - қай шығарма болсын, мұғалім бар баланың ол туралы ойын біліп үлгере алмайды. Сондай – ақ, бар балада өзі оқыған туынды туралы сезімі, әсерін сол қалпында жеткізеді деу де қиын дүние. «Күз» өленің өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек – нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады (сабаққа дейінгі тапсырмалар):

1.Өленді асықпай, әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бінеше рет оқысаң, тіпті жақсы.

Күз суреті берілетін сөздерге назар аудар.

53

"Күздегі" адамдар іс – әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін еске сақта.

4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл – күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.

Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі.Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әр бұл жұмыста мұғалімнің басшылық –

" көсемдік" орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оның ұйымдастаруы, ойластыруы арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады, бір мақсатты көздейді. Ол қандай мақсат? Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып – білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.

Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау қабілетін дамыту. Ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерті, көркемдік – эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін, т.б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.

Талдау кезінде мұғалім оқушылардың сол көркем туынды туралы сезіміне, жүрек лүпіліне, ойына біршама ене алады. Ол үшін қойылатын сұрақ, тапсырма, мазмұны нақты, әрі басты мақсатты ашатындай берілуі тиіс. ХІ сынып талдау арқылы оқушы қабылдауың, пікірін ашудың бір жолы – жазбаша жұмыстар жүргізу. Соның ішінде шығарма – талдау, шығарма – сырласу, шығарма - пікірлердің маңызы зор. Мысалы, М.Мағауиннің " Бір атаның балалары" атты еңбегін оқып болған соң, шағын ғана шығарма толғаныс жаздыруға болады (талдауға дейін). " Маған Ертай мен Нартайдың қазасы қалай әсер етті?" немесе "Балалар қазасы. Ол туралы ойлаңсаң..."т.с.с

Оқушы жазушы шығармасын тілге тиек ете отырып, талдауды осыдан бастауына болады. Мұғалім әр баланың сезіміне бойлай

54

отырып, сол сезімдер арқылы, оқушының қабылдауы арқылы оларды әдеби талдауға жұмылдырады, талдау белсенділігіне ықпал жасайды. Осыдан шығатын қорытынды: әдеби талдауды мұғалім ең алдымен үйлесімді ұйымдастырғаны жөн. Жоғарыда сөз болған " Күз" өлеңіне талдауды мынадай сұрақтармен жүргізуге болады.

-" Күз" суреттері неге өздерің айтып жатқандай, "түсі суық сұр бұлт", "дымқыл тұман...", "жапырағынан айырылған қурайлар" арқылы беріледі?

-Қалай ойлайсың, "Күзді" сипаттау үшін, кедей өмірі не үшін суреттелінген?

-3. Өлең неге жабыраңқы көңіл – күймен, ақынның көңілсіз үнімен жазылған? Осы арқылы өлеңдегі ақын мақсатын, ойын ашыпп бере аласың ба?

Кей жағдайларда оқушы әсері, сезім – күйін байқау сұрақтары мен талдау сұрақтары ұштастырылып беріледі (жоғарыда екеуінің бөлек құрастырылған үлгісі берілді). Бірақ мақсат – біреу. Екі сұрақ бір – бірінен туындап, бір – бірін толықтырып отыр. Оқытудың ілеспелі (последовательность), жүйелік принциптері әдеби шығармаларды оқу, талдауда ерекше орын алады. Мысал ретінде 5-сыныптағы Ә. Сәрсенбаевтың "Алтын күз" өлеңін талдау, сұрақ – тапсырмаларының үлгісін берейік (оқушы сезімін байқау, әрі талдау мәселелері бірге қарастырылып отыр).

Күзді сипаттайтын бейнелі сөздер, сөз тіркестеріне назар аударындар. Абайдың «Күз» өлеңіндегі бейнелі сөздері мен Әбу ақынның күзді суреттейтін сөздерін мына үлгіде теріп жазындар:

Абай

Сұр бұлт, түсі суық... Тартқан, жасыл барқыт... Алтын күз, сұрғылт.

Әбу

55

Адамдар, жан – жануарлар іс – әрекетін де салыстырындар:

Абай

«Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай...»

Әбу

«Байлықтың жасаушысы мен еңбекші». «Майға бөгіп өрісте мал»

Ескерту: Талдау осы үлгіде жүргізіледі, өздері толтырады. Екі өлеңдегі екі ақынның көңіл – күйін, сондай – ақ өз көңіл – күйінді де саралап көр.

Мына үлгіні басшылыққа ал.

Ақындар

Ақын

көңіл - күйі

Өлеңдегі адамдардың

көңіл - күйі

Өз көңіл - күйін

Абай

Көңілсіз, жабырқанқы кедейлерге жаны ашиды

Тіршілік иесінің бәрі бүрсең қағып, пана іздейді, сұрықсыз, көңілсіз күйде.

Жаның ашиды, кәрілерді аяйсын, өзін де тоңғандай әсер аласың

Әбу

Көңілді, шаттық, қуаныш, мақтаныш бар.

Адамдардың бәрі де бақытты, қуанышты.

Көңіл – күйің көтеріңкі, алтын күздің ішінде сайран салғандай, сен де тойғандай боласын.

Е с к е р т у: Бұл сұрақтардың бәріне жауапты жазбаша беру міндетті түрде емес, үлгісін көрсете отырып, ауызша жүргізуге де болады.

Оқушының көркем туындыны қабылдауын, талдауын, пікірін айта білу дағдыларын дамытуда қосымша материал пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқуға беру алдыңда Джек Лондонның «Ақ азуы» туралы әңгіме қозғау. Немесе 11 – сыныпта жазушының алғашқы әңгімелерін оқуға ұсыну алдыңда Т.Жұртбаевтың «Бесігінді түзе» портрет – эссесіндегі материалдарды

56

(яғни, «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат» әңгімелерінің өмір шындығынан алынғандығы) қосымша оқуға беру, ол туралы арнайы әңгіме қозғаудың маңызы ерекше.

Сын – зерттеу еңбектерінен көркем туынды туралы жақсы пікірлерді оқып беріп, (көрнекілік ретінде жазып қоюға болады, немесе оқуға берілгелі отырған шығарманы күйтабақтан тыңдату, бар болса) немесе ол туралы салынған сурет, иллюстрациялармен таныстыру да тиімді болмақ. Бұлардың барлығы оқушылардың сезімен әсер етіп, ой туғызады, көркем туындыны қабылдау үдерісіне, сөз жоқ, игі ықпал етеді. Сондай – ақ қарама – қарсы пікірлер, не эпизодтарды, оқиғаларды да сәтті пайдалана білудің тиімділігі зор. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер бейнесін оқу, талдау барысында осындай тәсілдерді көп пайдалануға болады. Бөжей бейнесіне талдау жасау барысында оқушыларға оның да рулық – патриархалдық қоғамның бір өкілі екенін дәлелдеу үшін, сол туралы оқушыларға ой салу мақсатында Бөжейге қатысты Абайдың бірнеше пікірін мысалға келтірген дұрыс.

1. "Бөжейді іштей жоқтап, оған іштей тілектес болып жүрген Абай оны халық ұлы деп жоқтай ма, әлде әкесінен жапа шегуші деп қана жоқтай ма?-деген оқушыны ойлантатын сұрақ – жауапқа жетелеу үшін Бөжейдің Кәмшат өлімі туралы мына сөзін мысалға келтіруге болады "Сыншыға сылтау таба алмай отырған Құнанбай ғой. Қаршадай қыз өлді деп сауын айтып, ас беруші ме ем? Тіпті берсем де, басым сырықтан арылар ма еді?" Кінәласа, құн тілесін енді менен. Бірақ, тек әлі жетсе алып көрсін! – деп Бөжей бір – ақ томырылды". (эпопеядан үзінді 1-кітап).

Құнанбайдың Кәмшат жайын естіп – біліп, Абай наразылығына байланысты айтылған: "Менің балам адамзат шаласы емес, өштескен қасқырдың күшігіндей көрінгені ғой. Көрге бірге кетітін жаулық десеңші мынаны, аузына осы тірі жүрген ұрпағымнан қайсысы түссе де, шайнап тастағалы, көзге шұқып, жоқ еткелі тұр ғой мынау. Жалғыз – ақ тәуекел тостым, күттім артын" деген сөздері мен Ұлжанның Бөжей туралы мына пікірлерін қатар алып қарастыру - тиімді тәсіл. Қарқаралыға аттанып бара жатқан Абайға анасы былай дейді: "Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін...

57

"Күндестің күні күндес" дегендей, сен білмей – ақ қой. Бөжейді көрген жерінде сәлемінді түзу бер. Кім тентек, кім мақұл, қайдан білесін? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол!". Немесе, әйелдер бейнесін оқу барысында: "Қалай ойлайсыңдар, Ұлжан бақытты ана ма?" деген сұрақ қоя отырып, оңын да феодалдық қоғамдағы әйелдер теңсіздігін басынан мол кешкен әйел екендігін дәлелдеу мақсатында, әрі оқушының ол туралы ойына қозғау салу үшін Ұлжанның өз сөздерін мысалға алуға болады. Мысалы, 1 – кітапта сақаға таласқан Смағұлға ара түсіп, шаптыға келген Айғызды Абай жаратпай, сол жайында апасына тіл қатқанда, Ұлжан "Балам – ай, күндестің аты – күндес те! Қу жараны жалап жазған боламыз да. Әйтпесе, менің де қай сырымды біліпсін!" – дейді.

"Тайғақта" бөлімінде қажыға аттанып бара жатқан Құнанбаймен қоштаса отырып, оған деген өкпе - назын жасырып қалады. Ол эпопеяда былай беріледі: "Мырза, мынадай сапарыңа күнә түгіл, наз ертсем, оным білместік болар еді. Әйел еркекке ене бауырындағы құлындай жарасып жүріп те, не шеттеп, тайталасып жүріп те сүйеніп өседі. Ерден әйел жамандық та алады, қасиет те алады. Мінім болсын, өзгем болсын, бір жағы өзіңнен еді, ұзақ дәурен кешіп келіп, бүгін сен ырзалық айтып аттансаң болады.Сенімен енді кеп кінәласам ба, мырза!" – деді.Ұзақ өмірде күйеуінен кешкен көп реніші есінде тұрса да, ашпады." Ділдә қандай кейіпкер, ол туралы пікірің?" деген сұраққа оқушылар бірден оның кемшіліктерін теріп ала жөнеліп, "ұнамсыз" топқа жатқызады. Сол кезде мұғалім Әбіштің анасы Ділдә туралы мына бір ойын кітаптан оқып, оқушыларды жауапқа жетелегені дұрыс. Петербордан келген Әбіш қайтыс болған әжесі Ұлжанға құран оқыта барады.Сол кезде Ділдә ананы жоқтап, ұзақ жылайды."Ділдәнің зарында Әбіштей сезімтал бала үшін, өмірдің көп реніші, күйініші де танылады.Ол әділетсіз тірлікте үнемі жазықсыз жапа шеккен жандай көрінеді" – дейді автор (156 – бет, 3- кітап).

Міне, осындай бір – біріне кереғар оқиғалардан мысалдар ала отырып, оқушы ойына қозғау салып, дұрыс бағыт беруге болады.Осындай жұмыстардан кейін оқушының Ділдә туралы бір жақты пікірі өзгеріп, оны "ұнамсыз" бейне деп қатал айыптағаннан гөрі,

58

Ділдәнің сол "ұнамсыздығына" кінәлі - өз ортасы, қалыңмал, бас бостандықтың жоқтғы екендігін аңғарады. Оқушылардың оқырман ретіндегі пікірін, ойын айта білуге жетелеудің жолы көп, оны жоғарыда да ескерттік.Сондай тиімді жолдардың бірі - көркем туынды туралы бірнеше ғалымдар пікірін қатар қоя отырып, ойландыру. Абайдың табиғат лирикасы туралы (10- сынып), М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, т.б. ғалымдар пікірін келтіріп:" Осы пікірдің қайсысы өзіңе ерекше ұнады, қайсысы бағалы деп ойлайсың?!...деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың ойлау белсенділіктеріне әсер етудің тиімділігі бар. Бұл жұмысты мына үлгіде жүргізуге болады (жазбаша да, ауызша да, мұғалі қалауы бойынша):

М.Әуезов

"Абай Құнанбаев"

Қ.Жұмалиев

"ХІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті" (Абай бөлімі)

Х.Сүйіншіәлиев

"Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңі" (Абай бөлімі)

Кімнің пікірі, қай пікір ерекше ұнайды?

Өз пікірін туралы сөз қозға.

Е с к е р т у: Ғалымдар пікірін мұғалім өзі оқып береді немесе жазып, алдарына тастайды. Қалған екі бағанды оқушы өзі толтырады (не ауызша, не жазбаша, мұғалім қалауы бойынша).

Осындай тәсілдер оқушылардың көркем туындыны қабылдау, түсіну, талдау, қабілеттерін дамытды. Әсіресе, өзіндік ойы, пікірін жетілдіруде де өте тиімді. Көркем шығарманы талдау жолдары, ең алдымен сол шығарманың өзіндік ерекшелігіне, мұғалімнің алдына қойған оқу, тәрбие мақсатына, оқушылардың ой өрісі, талғамы, білік – дағдысы,біліміне байланысты. Оқушылардың өзіндік қабылдауы, пікірлерін бір арнаға бұрады, оны ғылыми негізге икемдеуге талдаудың, әрі сол талдаудың,тиімді жолдарын ізденудің маңызы ереке. Әдеби талдау суреткердің сол көркем шығарма негізіндегі идеяның проблематикасынан, көтерген мәселесінен туындауы керек. Мысалы, Абайдың табиғат лирикаларына жазған өлеңдері көп.

59

Барлығында да бір мәселе – табиғат, адам тіршілігі, немесе ұлы жазушы М.О.Әуезовтың " Еңлік - Кебек", "Қарагөз" трагедияларындағы басты мәселе – махаббат, жастар бостандығы, ескі әдет – салт құрсауы. Талдауды осы мәселелерді ашу айналасында жүргізе отырып, шығарманың басқа да компоненттеріне назар аударған жөн. Мысалы, "Абай жолы" эпопеясындағы Айғыз ұнамсыз бейне деп талданады. Ал, шындығында, Айғыз көп тоқалдың - "жас иістің" бірі емес пе? Кей – кейде бауырындағы Кәмшаттын қарсыласқанына қарамай, Бөжей ауылына жөнелтіп жатқанда, "сұлу" да "айбынды" кей – кейде Құнанбайды арқа тұта тіпті Ұлжанды да місе тұтпай кететін сол Айғыз жер бауырлап жатып қалмады ма?! Сондықтан Айғыздың ұнамсыз іс – әрекеттерін ғана теріп талдап осы эпизоттан аттап өтуге бола ма? Бұдан шығатын қорытынды көркем шығарманы талдаудың аса маңызды, әрі күрделі үдеріс екендігінде.

Талдау әрі жүйелі, әрі тұтас, көркем шығарманың барлық нәрі, дәнін аша алатынай, нанымды да ғылыми мазмұнда жүргізілуі керек. Әр нәрсенің басын шолу, тіл көркемдігін талдаймын деп, ұзақ туындылар (әсіресе, романдар) ішінен эпитет, теңеу іздестіру пайдалы ма, жоқ па, мұғалім соны ойластырғаны жөн. Талдау жұмысы ұзын-сонар ежіктеу, шығарманың әр бетінен, немесе әр жерінен үзіп-жұлып мысалдар келтіру емес, тұжырымды түрде, нақты сұрақтар арқылы, негізгі мәселелер айналасында тұтастай әрі нақты мысалдармен дәлелдене отырып жүргізілуі керек. Мектепте әдеби талдаудың үш жолы бұрыннан – ақ тәжірибеде кеңінен пайдаланып келеді. Олар:

а) автор ізімен талдау, бұны тұтастай толық талдау дейді;

ә) кейіпкерлерге талдау жасау;

б) тақырыпты проблемалық талдау;

Көпшілік мұғалімдер аралас талдауды (осы үш талдау элементі түйіскен) тиімді деп табады. Дегенмен, осы талдаулардың қайсысына сүйенеді, қайсысын тиіді деп табады, оны әр мұғалім өзінше шешеді. Мұғалім өзі талдағалы отырған көркем шығарма ерекшелігіне, көлеміне, жанрына, оқушыларына байланысты талдау түрлерін тандап алады. Бір шығарманы автор ізімен талдаса, екінші шығарманы образды талдау түрімен жүргізеді. Немесе көлемді

60

шығармаларға аралас талдауды қолдануы мүмкін. Талдаудың қай түрі болсын ол ең алдымен алаға қонымды, қиындық келтірмейтіндей дәрежеде жүргізілуі керек. Бұл жерде мұғалім даралап оқыту талаптарын ұмытпағаны жөн.