- •Қ.О.Бітібаева қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2 – (1-кітап)
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 25 – 5
- •I тарау Нәтижеге бағытталған білім беру және әдебиет пәнін оқытудың өзекті мәселелері
- •Әдебиетті оқыту – ғылым, шығармашылық үдерісті оқыту әдістері
- •Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді, оқыту технологияларын таңдау жолдары
- •Көркем шығарманы оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
- •Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері
- •Іі тарау. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары
- •Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары
- •Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары
- •Абай-Құнанбай (Әмір – Үмітей оқиғасына байланысты)
- •«Абай жолындағы» абай бейнесін проблемалап оқыту
- •Эпикалық шығармаларды оқыту
- •М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопесын оқыту
- •Абай, феодалдық қоғам және құнанбайлар
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 2-кітап:
- •Абай бейнесі (3-4 кітаптар бойынша)
- •Әңгіме жанрын оқыту
- •«Кек жолында»
- •Мысал жанрын оқыту
- •Ертегілерді оқыту
- •Мұғалім баяндауының үлгі-жоспары. Әдіс-тәсілдер
- •Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту
- •Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері
- •Шоқанның демократтық көзқарасы Дәйекті пікір дәлелдеме
- •Батырлар жырларын, лиро-эпикалық жырларды оқыту
- •«Құлагер» поэмасы. Сюжеті, композициясы, поэтикалық компоненттері
- •Поэманы талдауға қойылатын сұрақтар жүйесі
- •Драмалық шығармаларды оқыту
- •М.О.Әуезов-драматург,аудармашы
- •Ііі тарау ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту жазушы өмірбаянын
- •Сәкен Сейфуллин (үзінді)
- •С. Мұқанов, ә.Марғұлан еңбектері
- •Шолу тақырыптарын оқыту
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
- •Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту
- •Тапсырма мына үлгіде орындалады:
- •Абайдың уытты сатирасы
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
- •Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары
- •Үй тапсырмаларының түрлері
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 1-кітап
- •Әбіш – Абай
- •Оқушыларды тіл мәдениетіне, ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне баулу
- •Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары
- •Ы.Алтынсарин: Үсенге мінездеме(ауызша)
- •Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
- •Бақтығұлдың тағдыры (м. Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы», 8-сынып)
- •М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы»
- •Шығарма, оған қойылатын талаптар, шығарманың негізгі түрлері
- •Шығарма жазуда басшылыққа ал:
- •Оқушыларды шығарма жазуға даярлау
- •Әдебиет сабағындағы көрнекілік
- •Көрнекілік түрлері
- •Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
- •М.Әуезов. «Абай жолы». Әйелдер бейнесі
- •Абай бейнесі. 1-кітап
- •IV тарау сыныптан тыс жұмыстар сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
- •Ақын-жазушыларға байланысты мынадай кештер өткізуге болады:
- •Әдеби конференциялар
- •Сыныптан тыс оқулар
- •Сыныптан тыс оқу сабақтары
- •Төменде сабақтан тыс уақытта оқуды қалай ұйымдастыруға болады, соның үлгісі ұсынылып отыр
- •Сабақтан тыс уақытта шетел әдебиетімен таныстыру
- •Әдебиетті тереңдетіп оқыту мәселелері
- •Абай «Жаз»
- •Сабақ үлгілері мен түрлері
- •Әдебиет пәнінің маңызы мен негізгі міндеттері. Абайдың табиғат лирикасы.
- •Абайдың суреткepлік шебеpлігі
- •Абай, әбіш және толық адам
- •Конструкторлық жoбалау технологиясы
- •Vііі шумақ
- •Vіі шумақ
- •«Сегіз аяқ» үлкен бір белдей әрі мол, әрі бір жағынан көркем, келісті шыққан, зор шығарма.
- •Дебат үлгісіндегі тапсырма
- •Жоба, Үлгісі:
- •А. Құнанбаев. Қара сөздер
- •Мемуарлық құжаттармен орындалатын іздендіру тапсырмалары
- •Өзіңді-өзің таны, өз біліміңді өзің сарала
- •Сауалнама-интревью
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту
Публицистикалық шығармалар оқу бағдарламасында аз берілген. Әрине, әр ақын-жазушыны оқытқанда, мұғалім өз қалауы бойынша олардың осы жанрдағы еңбектерін оқуға ұсына алады. Мысалы, Ы.Алтынсариннің оқу-білім жайындағы мақалаларын, С.Торайғыровтың «Қазақ кітаптары жайында» атты мақаласын, М.Дулатовтың мақалаларын, эпистолярлық жанрдың бір түрі – естелік-мақалаларды, хаттарды ұсынуға болады. Ғылыми мақалалардан Ш.Уәлиханов еңбектері бағдарламада көрсетілген. Ал әдеби-сын мақалаларды, әсіресе, М.Әуезовті (оның Абайтану ғылымының негізін салушы екенін) Абай шығармаларын оқытқанда, қосымша материал ретінде ұсынып, оқытуға болады. Сабақтың ғылымилығын арттыруда, білімді тереңдетіп беруге, әсіресе, сын-зерттеу еңбектерінің орны ерекше. Хаттардың да маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр шертеді, оқырман қауымға беймәлім мәселелерге назар аудартады, суреткердің жеке өмірлері, қоғамдық іс-әрекеттері, көркем туындыларын қалай жазғаны, оған не итермелегені, т.б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Мысалы, Алтынсариннің орыс зиялыларына жазған хаттарынан оның білім беру, ағарту саласындағы ауыр өмірін, сол жолдағы кедергілер, қуаныш-ренішін; Шоқанның орыс достарына жазған хаттарынан оның дала тағыларымен күресі, патшалық самодержавие шенеуніктерінен көрген әділетсіздігі, тіпті қала берсе, демократтық, ағартушылық, гуманистік бет бейнесі туралы біле түсеміз.
Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері
7-сыныпта Ұлы Отан соғысының құрбаны, жалынды, әрі патриот-публицист Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хаты» оқуға, талдауға ұсынылған. Хаттарды оқытуда мына мәселелерге көңіл бөлген жөн:
129
Жанрлық, композициялық ерекшелігін аңғарту (басқа шығармаларымен салыстыра отырып ).
Хаты арқылы хан иесінің көғңіл күйінің көңіл күйіне назар аударту. Мысалы, «Шығыс ұлына хат » аса көтеріңкі көңіл-күймен асқақ сеніммен, халқына, бүкіл Шығыс ұлына арнау мәнінде жазылған. Хаттың ерекшелігі – жалынды үніңде, Шығыс ұлымен сырласу сипатында.
Хаттың мазмұнын меңгерту айналасында төмендегідей жұмыс жүргізу керек:
а) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, оқи отырып, түсінік беру, ең басты түйінді мәселелерге көңіл бөлгізу. Бұл жұмыста мұғалімнің алдын ала жазып әкелген кесте-плакатын пайдалануға болады.
Үлгі:
Мына нәрселерге көңіл бөл:
Хаттың қанда майдан кезінде Шығыс ұлына арналып жазылуы, Шығыс ұлымен сырласа жазылуы. Хат жаз, яғни, «Шығыс ұлына» деп хат жазу себебі – Бейсеенәлінің ерліктері, оны командирдің «Шығыс ұлы» деуі.
«Отан деген – бір-ақ сөз ». оған төнген қауіп.
Ана аманаты. «Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз!» - деген солдат анты.
«Елім-ай» әні – ер анты, ер серті. Ол фашистерді құртуға, аттануға шақырады.
Кішкене бөбек, артта өсіп келе жатқан жас буын. Оның жауынгерлерге әл-қуат беруі, үміт нұрын себуі.
Шығыс ұлы – Тарғын, Қобыланды, Махамбет, Абайлар ұрпағы.
Қазақ халқы – «намысқой», «Өлімнен ұят ұят күшті » дейтін халық.
Панфиловшы 28 батыр ерлігі – Шығыс ұлына үлгі. Шабуылға шығу, жеңіс шабуылына шығу.
ә) тақырыптың түйінді мәселелері жазылған бұл көрнекілікті басшылыққа ала отырып, мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, сұрақтар қоя отырып, ізінше мазмұндату жұмыстарын жүргізу;
б) өз беттерімен оқуға, ойлана отырып, іштей оқуға жағдай жасау. бұл жұмыста оқушы көрнекіліктегі дараланып көрсетілген
130
тақырыптың түйінді дәнін хаттан тауып, белгілеп отырады.
В) қайталап, дауыстап оқыту. Оқу барысында негізгі мәселелерге тоқтап, мазмұндай отыру, түсіндіру, сұрақ-жауап тәсілін пайдалану.
Г) оқушы қалауы бойынша өздеріне ұнаған жерлерін жаттап алуға ұсыну.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Хат кімдерге арналған? Шығыс ұлы кім?
«Дәу қараның» ерлігі туралы не жазылған?
Оны неге «Шығыс ұлы» дейді жауынгерлер?
Ана, Отан аманаты туралы не айтылған?
«Елім-ай» әнінің мәні неде?хат иесі жауынгерлерді сол әнді айтуға неге шақырады?
Хатта жауынгерлер басынан кешірген ауыр күндер туралы не айтылған?
Досына қандай талап қояды?
Жаман солдат болуға құқығымыз жоқ!, - дейді. Осы сһздің мағынасын түсіндір.
Хатта қазақтың қандай қасиетті ұлдарының аты аталған? Хат иесі олардың есімін неге келтірген?
«Өлімнен ұят күшті» деген халық мақалы арқылы халық иесі не айтпаққшы болған?
«Мықты бол, Шығыс ұлы» дейді, осы сөздің мәнін түсіндір.
Мазмұнын меңгерту жұмысынан кейін идеялық проблематикасы, тіл ерекшелігіне, жанрлық ерекшелігіне талдау жасау.
Мұғалім әңгімесі, түсінігі мына мәселелерді қамтуы керек:
Баубек Бұлқышев туралы әңгімелеу, оның жалынды серкесөз шебері, патриот болғандығын айту. Оның жазушы Мұқан Иманжановпен ерекше достығын үлгі ету. Соғыстағы ерлігіне тоқталу. Басқа да шығармаларына қысқаша шолу жасау. Бұл кіріспе әңгімеде оқушыларды қызықтыру үшін фотосуреттер (Баубек туралы) , деректер, қосымша материалдарды пайдаланудың тиімділігі зор.
«Шығыс ұлына хаттың» жанрлық ерекшелігіне еске алып, әрі мұндай шығармалардың балаларға бірінші рет беріліп отыруы
131
себепті, әдеби-теориялық ұғым беру ( эпистоярлық жанр туралы ).
3. Пікірлесу, әңгімелесу әдісі арқылы оқушыларды хаттың негізгі идеясы, ойына үңілдіру.
Әңгімелеу сұрақтары:
Қалай ойлайсыңдар, Баубек хатының маңызы, мәні неде? Не айтпақшы болған?
Айтар ойын, мақсатын неге хат арқылы берген? Неге осы жанрды таңдап алған?
Хатты қандай көңіл-күймен жазған? Оның хат идеясын ашуда маңызы, рөлі бар ма?
Хат арқылы Баубекке мәінездеме бер.
4. Хаттың көркем тіліне, стиліне, тәрбиелік мәніне тоқталу.
Пікірлесу сұрақтары, кітаппен жұмыс:
Көріп отырғандарындай, хат сырласу ретінде, арнау ретінде жазылған. Осы көркемдік тәсілді автор не себепті һ, қандай артықшылығына бола таңдаған?
Хаттан көтеріңкі леппен шақыру, үндеу мәнінде жазылған жалынды сөздерді табу, олардың пайдалану орнын, стильдік маңызын дәлелдеу.
Халық мақал-мәтелдерін тауып, олардың хаттағы маіызы, пайдалану мақсаты туралы пікір айту.
Жауынгерлердің ерлігі, патриотизмі, серті, болашаққа сенімі қандай сөздер арқылы берілген? ( мәтіннен үзінді алады)
Баубек бейнесін ашатын, хат иесінің кім екенін танытатын сһздерді, ойларды тап.
Лепті сөйлемдерді тауып, оның маңызына, хат идеясын ашудағы орынан тоқтал.
Патриотизмге, оптимизге толы хат жолдарына үңіл. Хат иесін романтик деп айтуға болады ма? Болса, оны дәлелде. ( хаттан үзінді алады )
Публицистикалық шығармаларды, әсіресе, хаттарды оқытуда оқушылардың көғңл-күйі, сезіміне әсер ету ерекше назарға алынады. Осы хат олардың Отансүйгіштік сезіміне, қазақ жауынгерлерінің
132
ерлігін, мақтан ету сезіміне, батырлық, ерлікті мұрат етулеріне, хат иесіне деген құрмет сезімдеріне әсер етеді. Хатты талқылау алдына соғыс кезіндегі әндерді тыңдау немесе соғыс туралы фильмдерден қысқаша үзінділер көрсетудің маңызы ерекше (мысалы, «Жеңіс парады» немесе «Төлеген Тоқтаров» фильмдерінен, т.б ). Бір-біріне хат жаздыру, ерлік, батырлық туралы, не сол Баубек Бұлқышев жайында немесе осы хаттан алған әсері туралы сырласу, арнау хаттарын жазғызуға болады. Өздеріне ұнаған жерлерін жатқа айтқыза білу де тиімді әдіс. Публицистикалық шығармаларды жоғарғы сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, С.Торайғыров, М.Дулатов, т.б. ақын-жазушылардың маңызды мәселерді көтерген мақалалары мен хаттарын сыныпта, сыныптан тыс уақытта оқытудың маңызы зор.
Хаттарды көбіне сыныптан тыс уақытта белгілі бір мақсатты көздей оқыту керек. Мысалы, Ш.Уалихановтың, Ф.Достоевскиймен, т.б. жазысқан хаттарын бергенде, мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:
Ш.Уалихановтың саяси көзқарасын саралау.
Декократтық, ағартушылық бағыттағы іс-әрекеттеріне назар аудару.
Гуманизмі, адамнершілік тұлғасы, зиялылығын сараптау.
Оқушыларды тезис-жоспар, жауаптарының тезистерін жасауға, үзінді, дәйектеме ала отырып, оны жауаптарына тиімді пайдалана білуге баулу. Оны мынадай кестелік тапсырмалар түрінде орындатуға болады:
Үлгі:
