Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бітібаева Қ. Қазақ әдібиетін о.ә..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
559.34 Кб
Скачать

Ы.Алтынсарин: Үсенге мінездеме(ауызша)

1. Кіріспе сөзі.

Ыбырай атамыздың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде екі баланың басынан өткендері айтылған. Олар- Асан мен Үсен.

2. Негізгі ой мен кіріспе арасындағы байланыс.

Асан- бай баласы, Үсен – жарлы баласы. Ел көшіп кеткенде, Асан не істерін білмей, жылай бастайды. Ал Үсен жыламай, дереу іс-әрекетке көшеді.

3.Негізгі ойды аяқтау.

Еңбекке үйренген кедей баласы үсен өте тапқыр болып суреттеледі. Ол малдың ізі, тезегі арқылы көш қайда кетті, соны табады. Жұрттан ине, пышақ, қыл тауып алады. Қарны ашқан Асанды тамақтандырады. Ептілігі сондай- үйрек ұстайды, балық аулайды, от жаға біледі.

  1. Негізгі ойдың шарықтау шегі

Көшті таба алмай, дағдарған кезде молаға тап болады. Әкесінің айтқандары есіне түседі, мола бар жерде су болатынын, ал сулы жерде ел қонатынын аңғарады. Үсеннің ақылдылығы мен еңбекқорлығының арқасында олар жұртты табады.

Ойды анықтау

Қорытынды.

Егер Үсен болмаса, Асан далада қалар еді. Әңгімеде Үсен байсалды, ақылды әрі өте епті, еңбекпен шыныққан, тапқыр болып бейнеленеді. Оның бұлай болуы- жасынан еңбекке жақындығынан. Үсен- бәрімізге үлгі. Ол маған өте ұнады.

Сондай-ақ, мұғалім осы әңгіменің мазмұнын жүйелі баяндау үшін оқушы жауабына мынадай нұсқау- көмек береді:

  • Ең алдымен, Асан кім, Үсен кім, кімнің балалары? Соны айт(кедей баласы деген сөздің орнына әңгімедегідей жарлы баласы деген сөзді қолдану).

  • Жұртта қалу себебін мазмұнда, екеуінің диалогын мәтінге жуық айтып бер.

Үсен көшкен жұрттан керек деп, қандай заттар алушы еді? Соны баянда.

Көштің ізін қалай табушы еді? Осы жердегі Асан мен Үсеннің іс-

әрекетін, диалогтарын еске түсір. Үсен қарны ашқан Асанды қалай тамақтандырады?

247

  1. Үйректі ұстауын еске түсір.

  2. Үсеннің тапқырлығын, ептілігін айтып бер.

  3. Отты қалай жаққанын, алабұғаны ұстау тәсілін ұмытпа.

Үсен молаға тап болғанда, есіне кімнің сөзі, не арқылы түсуші еді?

Әкесінің сөзін мәтінге жуық айтып бер. Үсендердің қырға шыққан кездегі ауыл сипатын, ауыл көрінісін әңгімеде суреттегендей айтып беруге тырыс. «Жібектей жыпырлаған көкорай шалғын» деген сияқты әдемі сөздерді пайдалан. Елді тауып, қуанышқа кенелулерін баянда.

Әрине, бұл көмек- нұсқау балаларды дағдыландыру, үйреті кездерінде, сондай-ақ күрделі тақырыптарда беріледі. Әсіресе, бұл көмектің білімі орташадан нашарларға тиімділігі, маңызы ерекше. Үнемі осындай нұсқау беріп отыру балалардың өзіндік ойлауын, ынтасын, белсенділігін тежейді, тіпті еркін сөйлеуіне де, ойын еркін жеткізуіне де нұқсан келтіреді.

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Оқушылардың тілін ұстартуға арналған жазбаша жұмыстардың түрі көп. Жазбаша жұмыстар сауаттылық үшін де, алған білімдерін тексеруде де қолайлы болып келеді. Жазбаша жұмыстар оқушыларды ойлау еңбегін дағдыландырады, қосымша материалдарды пайдалану машықтарын жетілдіреді. Себебі, балалардың жазбаша жұмыстарды орындау кезінде асықпай ойлауға, ойланып жазуға уақыты, мүмкіндігі көп болады, ауызекі сөйлеуде ондай жағдайлар бола бермейді. Ауызша сөйлегенге қарағанда, балалар жазба жұмыстарында небір айшықты, шебер сөздерді пайдалана алады, тіл кестесінің бедерлі түсуі үшін ізденеді, жазғандарын мұқият оқып, қайта түзеуге мүмкіндік алады. Жалпы жазба жұмыстары тіл дамытумен қатар, балаларды ойлай білуге, ізденіске жетелейді. 5-7-сыныптардағы жазба жұмыстарының ең ауқымдысы- мазмұндама. Мазмұндама мынадай бірнеше түрге бөлінеді:

248

  1. Мәтінге жуық жазылған мазмұндама. Мұнда оқиға эпизод, диалог, монлог, баяндау , суреттеу сияқты элементтер сақталынып жазылады.

  2. Ең басты оөиғаларды ғана теріп жазатын мазмұндама.

  3. Бір оқиғаның айналасында ғана жазылатын мазмұндама.

  4. Шығармашылық бағыттағы мазмұндама. Оны жазған кезде

оқушылар тек оқиғаны, болған істі ғана көркем мазмұндай бермейді, әңгімені өз жағынан баяндайды, дәйектемелер алады, өз пікірі, сезіміне ерік бере алады. Мұғалім нұсқауымен кейбір сөздердің синонимін, баламасын тауып жазады. Мысалы, жоғарыда сөз болып кеткен «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі бойынша егегр мұғалім сөздердің синонимін тауып, мазмұндамасына пайдалану туралы ақыл-кеңес береді: «айғай салып (ойбай салып деуге болады), «бір мезгілде»(бір уақытта) деп, «онымен ісі болмай» (онымен жұмысы болмай), «сүрлеу»(жол) деп, т.с.с.

Мазмұндаманың түрлері мұғалімнің оқу-тәрбие мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Егер, мұғалім көркем туындының бас кейіпкеріне ерекше назар аударса, онда «Үсен Асанды қалай еліне жеткізеді?» немесе «Үсеннің тапқырлығы» деген тақырыптарда кейіпкер іс-әрекетін баяндайтын мінездемеге жақын түрін жаздырады. Ал оқушылар әңгіме мазмұнын қалай меңгергенін білгісі келсе, «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыпты алып, сол бойынша тұжырымды, қысқа мазмұндама жаздыру да аса тиімді. Себебі, бала ең негізгісін, ең керектісін бөліп ала білуге дағдыланады, мұның өзі оқушы білімін тиянақтайды, ойын ұғынықты етіп жазуға ж--етелейді.

Шығармашылық бағыттағы мазмұндамаларды 8-9-сыныптарда да жүргізу тиімді. Әсіресе, шешендік қақтығыстар, Сырым, Қазыбек би, жыраулар мұраларына байланысты мазмұндама оқушыларды шешендікке, көркем сөйлеуге баулиды. Осы тақырыптарға жаздыратын мазмұндама күрделі болып келеді, себебі, олардан

249

шешендік сөздердің дәнін сақтау, сұлбасын нақты беру талап етіледі. Бала жұмысын жеңілдету мақсатында, әрі шешендік оралымдардың, ұтымды, тапқыр сөздердің оқушы жадында жақсы қалуы үшін мұғалім үлестірме көмектер де таратады. Бұл үлестірме көмектерде мазмұндамаға міндетті түрде пайдаланатын шешендік оралымдар, жекелеген образды сөздер беріледі(жазып отырған тақырыптарында бар). Мысалы, жиреншенің қағбақ айтты деген: «Сұраған сен ақымақ па, сұратқан хан ақымақ па?» сияқты сөздерінің құрылысын бұзбай, сол қалпында беруге үйрету- бала тілін дамытуда болсын, дүниетанымын танытуда аса тиімді.

Жоспардың бірнеше түрі бар. Ал бұл түрлер мұғалім мақсатына байланысты. Сюжеттік жоспар көркем туындының оқиғасына құрылса, бейнелік жоспар бас кейіпкер іс- әрекетіне құрылады. Композициялық жоспар көркем туындының құрылысын басшылыққа алады. Сондай-ақ, көркем туындының идеялық бағыты, негізгі мәселесі айналасында да жоспар құрылады. Бұл жоспардың күрделі түріне жатады. Төменде оған бірер мысал беріледі.