- •Қ.О.Бітібаева қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2 – (1-кітап)
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 25 – 5
- •I тарау Нәтижеге бағытталған білім беру және әдебиет пәнін оқытудың өзекті мәселелері
- •Әдебиетті оқыту – ғылым, шығармашылық үдерісті оқыту әдістері
- •Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді, оқыту технологияларын таңдау жолдары
- •Көркем шығарманы оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
- •Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері
- •Іі тарау. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары
- •Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары
- •Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары
- •Абай-Құнанбай (Әмір – Үмітей оқиғасына байланысты)
- •«Абай жолындағы» абай бейнесін проблемалап оқыту
- •Эпикалық шығармаларды оқыту
- •М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопесын оқыту
- •Абай, феодалдық қоғам және құнанбайлар
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 2-кітап:
- •Абай бейнесі (3-4 кітаптар бойынша)
- •Әңгіме жанрын оқыту
- •«Кек жолында»
- •Мысал жанрын оқыту
- •Ертегілерді оқыту
- •Мұғалім баяндауының үлгі-жоспары. Әдіс-тәсілдер
- •Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту
- •Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері
- •Шоқанның демократтық көзқарасы Дәйекті пікір дәлелдеме
- •Батырлар жырларын, лиро-эпикалық жырларды оқыту
- •«Құлагер» поэмасы. Сюжеті, композициясы, поэтикалық компоненттері
- •Поэманы талдауға қойылатын сұрақтар жүйесі
- •Драмалық шығармаларды оқыту
- •М.О.Әуезов-драматург,аудармашы
- •Ііі тарау ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту жазушы өмірбаянын
- •Сәкен Сейфуллин (үзінді)
- •С. Мұқанов, ә.Марғұлан еңбектері
- •Шолу тақырыптарын оқыту
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
- •Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту
- •Тапсырма мына үлгіде орындалады:
- •Абайдың уытты сатирасы
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
- •Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары
- •Үй тапсырмаларының түрлері
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 1-кітап
- •Әбіш – Абай
- •Оқушыларды тіл мәдениетіне, ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне баулу
- •Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары
- •Ы.Алтынсарин: Үсенге мінездеме(ауызша)
- •Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
- •Бақтығұлдың тағдыры (м. Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы», 8-сынып)
- •М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы»
- •Шығарма, оған қойылатын талаптар, шығарманың негізгі түрлері
- •Шығарма жазуда басшылыққа ал:
- •Оқушыларды шығарма жазуға даярлау
- •Әдебиет сабағындағы көрнекілік
- •Көрнекілік түрлері
- •Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
- •М.Әуезов. «Абай жолы». Әйелдер бейнесі
- •Абай бейнесі. 1-кітап
- •IV тарау сыныптан тыс жұмыстар сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
- •Ақын-жазушыларға байланысты мынадай кештер өткізуге болады:
- •Әдеби конференциялар
- •Сыныптан тыс оқулар
- •Сыныптан тыс оқу сабақтары
- •Төменде сабақтан тыс уақытта оқуды қалай ұйымдастыруға болады, соның үлгісі ұсынылып отыр
- •Сабақтан тыс уақытта шетел әдебиетімен таныстыру
- •Әдебиетті тереңдетіп оқыту мәселелері
- •Абай «Жаз»
- •Сабақ үлгілері мен түрлері
- •Әдебиет пәнінің маңызы мен негізгі міндеттері. Абайдың табиғат лирикасы.
- •Абайдың суреткepлік шебеpлігі
- •Абай, әбіш және толық адам
- •Конструкторлық жoбалау технологиясы
- •Vііі шумақ
- •Vіі шумақ
- •«Сегіз аяқ» үлкен бір белдей әрі мол, әрі бір жағынан көркем, келісті шыққан, зор шығарма.
- •Дебат үлгісіндегі тапсырма
- •Жоба, Үлгісі:
- •А. Құнанбаев. Қара сөздер
- •Мемуарлық құжаттармен орындалатын іздендіру тапсырмалары
- •Өзіңді-өзің таны, өз біліміңді өзің сарала
- •Сауалнама-интревью
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары
Үй тапсырмасы бірнеше мақсатта беріледі:
а) сыныпта алған білімдерін бекіту;
ә) сыныпта алған білімдерін қосымша материалдар арқылы байыту, молайту;
б) шығармашылық бағыттағы тапсырмалар арқылы қабілеті, дарыны, талантын дамыту, оған әсер ету;
в) алдын ала берілетін тапсырмалар арқылы оқушыларды жаңа сабаққа дайындау ( мысалы, М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерін бастамас бұрын, алдын ала оның бірнеше шығармасын оқып келу тапсырылады).
Үй тапсырмасының қандай түрі болсын, мұғалім даралап (дифференциалды) оқыту принциптерін басшылыққа алуы тиіс.
Мысалы, бір тақырып айналасында берілетін тапсырма әр түрлі болуы мүмкін. І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын талдау барысында қабілеті жоғары оқушыларға: Құлагер аттың сынын (Күреңбай сыншы берген) Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлағымен» салыстыру, сол бойынша «Қай ақын жүйрік атты шебер сипаттай білген?» деген өзекті сұрақ айналасында пікір таласына дайындалу тапсырылса, қабілеті жақсы оқушыға: «Сәкеннің Көкшетауы мен Ілиястың Көкшетау суреттерін салыстыру», сол арқылы екі ақындағы ұқсастық, өзіндік ерекшеліктерді саралау, қабілеті орташа , орташадантөмен оқушыларға оқулықтағы талдаулар, сондай-ақ, өздерңне ұнаған өлең үзінділерін жаттау, соған талдау жасау тапсырылады, (Көкше көріністері, Құлагер сипатын жаттау.)
Үй тапсырмасын беру оқылып жатқан тақырыптан ауыр, жеңілдігіне де байланысты. Мұғалім оған кететін уақытты мөлшерлейді, сондай-ақ басқа пәндердің тапсырмасын да ескеріп отырғаны жөн. Мысалы, математикада бақылау болатын, орыс әдебиетінен жазба жұмыстары алынатын күндерге орындалуы күрделі, уақыт көп кететін тапсырмалар беруден бас тартқан жөн. Не сондай тапсырмаларды міндетті түрде сол мерзімде беру керек
224
болса, мұғалімдермен сөйлесіп, бақылау жұмыстарын басқа күнге ауыстыру жөнінде келіскен жөн.
Үй тапсырмасын түсіндіріп беру, үлгі, көмек көрсету оның жемісті орындалуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, қабілеті орташадан төмен оқушыға мүғалім үнемі көмек көрсетіп, «көмек-нұсқау» беріп отыруы керек. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясын оқу, әсіресе, кейіпкерлер іс-әрекетін талдау-аса күрделі. Мәселен, кейіпкерлер іс-әрекетін талдауда міндетті түрде көркем туындыға жүгіну керек. Ал, «Абай жолындай» төрт томдық эпопея ішінен Абайдың не Құнанбайдың іс-әрекетіне мысалдар келтіру сондай күрделі шаруа екені айтпай-ақ түсінікті, осы мәселеден, тіпті, барлық оқушыларға да көмек керек.
Үй тапсырмаларының түрлері
Оқулық бойынша берілетін тапсырмаларға мыналар жатады:
а) Тақырып бойынша сұрақтарға жауап.
ә) Тақырыптарды оқу, мазмұндау.
б) Тақырыптың ең негізгі, түйінді дәнін бөліп алу.
в) Тезис-конспекті жасау.
г) Өз беттерімен тақырып бойынша сұрақтар әзірлеу.
Көркем мәтін, көркем туынды бойынша:
а) Сюжеттік, композициялық жоспар жасау.
ә) Аннотация жазу.
б) Поэтикалық талдау жасау (көркем компонеттеріне).
в) Жазушы тіліне, стиліне талдау.
г) кейіпкерлердің сөйлеу тілінен, іс-әрекетінен мысалдар алу, оны жуаптарында, не шығармаларында пайдалану.
д) Негізігі оқиғалады сұрыптап ала біліу, сол бойынша мазмұндау, не образдардың іс-әрекетін ашу.
Бұл тәсіл, әсіресе көлемді шығармаларды оқуда пайдалы. Мысалы, 4
томдық «Абай жолын», оның барлық оқиғаларын есте ұстау – өте қиын. Сондықтан, әр кітаптың ең негізгі, басты оқиғаларын сұрыптап ала біліудің маңызы зор. Мұғалім көмегімен ол тапсырма былай орындалады:
225
Үлгі:
