- •Қ.О.Бітібаева қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2 – (1-кітап)
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 25 – 5
- •I тарау Нәтижеге бағытталған білім беру және әдебиет пәнін оқытудың өзекті мәселелері
- •Әдебиетті оқыту – ғылым, шығармашылық үдерісті оқыту әдістері
- •Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді, оқыту технологияларын таңдау жолдары
- •Көркем шығарманы оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
- •Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері
- •Іі тарау. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары
- •Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары
- •Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары
- •Абай-Құнанбай (Әмір – Үмітей оқиғасына байланысты)
- •«Абай жолындағы» абай бейнесін проблемалап оқыту
- •Эпикалық шығармаларды оқыту
- •М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопесын оқыту
- •Абай, феодалдық қоғам және құнанбайлар
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 2-кітап:
- •Абай бейнесі (3-4 кітаптар бойынша)
- •Әңгіме жанрын оқыту
- •«Кек жолында»
- •Мысал жанрын оқыту
- •Ертегілерді оқыту
- •Мұғалім баяндауының үлгі-жоспары. Әдіс-тәсілдер
- •Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту
- •Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері
- •Шоқанның демократтық көзқарасы Дәйекті пікір дәлелдеме
- •Батырлар жырларын, лиро-эпикалық жырларды оқыту
- •«Құлагер» поэмасы. Сюжеті, композициясы, поэтикалық компоненттері
- •Поэманы талдауға қойылатын сұрақтар жүйесі
- •Драмалық шығармаларды оқыту
- •М.О.Әуезов-драматург,аудармашы
- •Ііі тарау ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту жазушы өмірбаянын
- •Сәкен Сейфуллин (үзінді)
- •С. Мұқанов, ә.Марғұлан еңбектері
- •Шолу тақырыптарын оқыту
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
- •Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту
- •Тапсырма мына үлгіде орындалады:
- •Абайдың уытты сатирасы
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
- •Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары
- •Үй тапсырмаларының түрлері
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 1-кітап
- •Әбіш – Абай
- •Оқушыларды тіл мәдениетіне, ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне баулу
- •Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары
- •Ы.Алтынсарин: Үсенге мінездеме(ауызша)
- •Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
- •Бақтығұлдың тағдыры (м. Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы», 8-сынып)
- •М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы»
- •Шығарма, оған қойылатын талаптар, шығарманың негізгі түрлері
- •Шығарма жазуда басшылыққа ал:
- •Оқушыларды шығарма жазуға даярлау
- •Әдебиет сабағындағы көрнекілік
- •Көрнекілік түрлері
- •Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
- •М.Әуезов. «Абай жолы». Әйелдер бейнесі
- •Абай бейнесі. 1-кітап
- •IV тарау сыныптан тыс жұмыстар сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
- •Ақын-жазушыларға байланысты мынадай кештер өткізуге болады:
- •Әдеби конференциялар
- •Сыныптан тыс оқулар
- •Сыныптан тыс оқу сабақтары
- •Төменде сабақтан тыс уақытта оқуды қалай ұйымдастыруға болады, соның үлгісі ұсынылып отыр
- •Сабақтан тыс уақытта шетел әдебиетімен таныстыру
- •Әдебиетті тереңдетіп оқыту мәселелері
- •Абай «Жаз»
- •Сабақ үлгілері мен түрлері
- •Әдебиет пәнінің маңызы мен негізгі міндеттері. Абайдың табиғат лирикасы.
- •Абайдың суреткepлік шебеpлігі
- •Абай, әбіш және толық адам
- •Конструкторлық жoбалау технологиясы
- •Vііі шумақ
- •Vіі шумақ
- •«Сегіз аяқ» үлкен бір белдей әрі мол, әрі бір жағынан көркем, келісті шыққан, зор шығарма.
- •Дебат үлгісіндегі тапсырма
- •Жоба, Үлгісі:
- •А. Құнанбаев. Қара сөздер
- •Мемуарлық құжаттармен орындалатын іздендіру тапсырмалары
- •Өзіңді-өзің таны, өз біліміңді өзің сарала
- •Сауалнама-интревью
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
Қай сыныпта болсын, әдеби-теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі. Мысалы, 5-сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерінен «Керқұла атты Кендебай» ертегісі беріледі. Мұғалім ертегіні оқыту үшін, сабақ дайындығы кезінде осы шығармаға байланысты қандай әдеби-теориялық ұғым беру керек, оны қандай әдіс-тәсілдермен оқушы санасына жеткізуді ойластырады.
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінен оқыта отырып, мынадай әдеби-теориялық ұғым беріледі:
Фольклор, ауыз әдебиеті туралы алғашқы қарапайым түсінік.
Ертегілер, оның ішінде қиял-ғажайып ертегілер жайында әңгіме.
Ертегі оқиғалары, сюжет, эпизод, кейіпкерлері туралы алғашқы ұғым.
Әсірелеу туралы түсінік.
Енді осы әдеби-теориялық ұғымдарды сабақтың қай кезеңінде беру тиімді, соған тоқталайық. Фольклор, ауыз әдебиеті, ертегі туралы жалпы ұғымды ертегіні бастайтын алғашқы сабақта, кіріспеде берген жөн. Бүгін өткелі отырған «Керқұла атты Кендебай» ертегі екендігін, ертегі деген «ерте-ерте ертеде» болған оқиғаларды қарасөзбен баяндайтынын, халық ерте кезде, жазу-сызу жоқта оны ауызша шығарғанын, сондықтан ол ауыз
217
әдебиетінің үлгісіне жататынын, ауыз әдебиеті деген ауызша шығарылып, ауызша таралып, халықтық сипат алған ертегіліер, аңыздар, батырлар жыры екендігін қарапайым тілмен, түсінікті тұжырымды етіп әңгімелеу керек. Ертегіні талдау барысында мұғалім басты – басты оқиғаларға тоқталады, балалармен біріге отырып, жоспар жасайды, оқиғаларға ат қояды. Мысалы, ол тапсырма былай орындалады:
«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі басты оқиғалар:
1-оқиға: Кендебайдың тууы, алып болып, тез өсуі.
2-оқиға: Кендебайдың көкжалды өлтіруі.
3-оқиға: Еркек құлынды үйге әкеп асырауы. Одан Керқұла аттың өсуі.
4-оқиға: Керқұламен аң аулауы. Халықты асырауы, атының әлемге әйгілі таралуы.
5-оқиға: Жетім балаға кездесуі. Жетімнің басынан өткендері.
6-оқиға: Керқұла атқа тіл бітуі, ақыл беруі.
7-оқиға: Кендебайдың сапарға аттануы.
8-оқиға: Кендебайдың аралға тап болуы.
9-оқиға: Хан жарлығы. Екі баласына берген тапсырмасы.
10-оқиға: Күзеттегі оқиға. Хан тапсырмасының орындалмауы.
11-оқиға: Кендебадың алтын құйрықты қолға түсіруі.
12-оқиға: Кендебайдың дәулермен соғысы. Арыстанмен соғысы.
13-оқиға: Құлынды тауып, ханға оралуы, өтініші.
14-оқиға: Ханның жаңа шарты.
15-оқиға: Хан шартын орындап, жетімді де, халқын да бақытқа бөлеуі.
Осы мәселелерді кесте-плакатқа жазып, ертегіні талдауда оны көмекші, әрі көрнекілік ретінде пайдалану да тиімді. Мұғалім осыған қарай отырып, оқушыларға оқиға деген не екенін түсіндіреді, ертегілердің оқиғалардан тұратынын әңгімелейді. Енді ертегі деген не, оның қиял-ғажайып түрі қандай болады, содан хабар беру үшін, жоғарыдағы кесте-плакатты назарға ала отырып, оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды, тапсырма орындатады:
218
Балалар, бірінші оқиғаға қараңдар, әр кітаптан оқиғаны еске
түсіріңдер. Кендебай туа салысымен қалай өседі?
Кендебайдың алты жасында алып болып өсуі шындыққа сәйкес пе?
Керқұла аттың тіл бітіп, сөйлеуі қай оқиғада еді?
Биенің алтын құйрықты құлын табуына сенуге бола ма?
Жеті басты дәулер, алып арыстанда қиялдан туған ба, әлде оңдайлар
бар деп есептейсіңдер ме?
Міне, осы сұрақтар талқыланғаннан кейін, мұғалім ертегжайында,оның қиял-ғажайып түрі туралы қорытынды пікір айтады. Яғни, ертегінің халық арманы мен қиялынан туатыны, халықтың Кендебай деген алып қамқоршымыз болса, ол халық ұлы боп, халыққа еңбек етсе, жетім-жесірлерге пана болуды армандауы, сол арманның қиялға жол ашуы туралы әңгімелейді. Ертегідегі ғажайып, қиялға байланысты оқиғаларды бөліп ала отырып, қиял-ғажайып ертегілер туралы алғашқы түсінік береді. Ертегілердің көпшілігі «Ерте, ерте, ерте екен» деп басталатынына, оның қарасөзбен айтылатынына назар аудартады. Әдеби-теориялық ұғым мұнда оқушылардың өзін қатыстырса, ертегіні талдаумен бірлікте беріліп отыр. Әдеби-теориялық ұғымды берудің ең тиімді әдісі оны көркем туындыдан бөліп алып қарастырмай, бірге беруінде болып табылады.
ІІ. Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолдары- салыстырмалы жұмыстар, салыстыру әдістері. Мысалы: осы 5-сыныпта ертегілерден кейін әдеби ертегілер беріледі.
Әдеби ертегінің авторы болатыны;
Оның қара сөзбен де, поэма түрінде де жазылатыны, халық арасындағы аңыздарды негізге алатыны, соған құрылуы.
Әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегімен үндестігі.
а) Оқиғаларының қиял-ғажайыпқа құрылуы;
ә) Ертегідегі халық арманы, қиялы.
б) Әдеби ертегілерде жан-жануарлардың қатысуы. Әділдіктің, халықтың жеңуі.
Ал осы үндестік пен айырмашылықты, әдеби ертегінің өзіне тән
219
қасиеттері туралы ұғымды оларды оқыту кезінде, салыстыру арқылы беру керек. Мысалы: Ә.Тәжібаевтың «Толағай» туралы аңыз-ертегісін оқып, талдап болған соң, әдеби-теориялық ұғым беру мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізіледі.
Балалар, «Керқұла атты Кендебайдың» авторы бар ма?
Авторы неге жоқ?
Ал, «Толағайды» кім жазған екен? Ол туралы біз не деп едік?
Енді осы екі ертегіні салыстырайық.
а) Екеуінде қандай қиял-ғажайып оқиғалар бар? Қысқаша айтып беріңдер.
ә) Кендебай мен Толағайдың мінездерінде, іc-әрекеттерінде қандай ұқсастық бар?
б) Екеуіндегі әсірелеуді кітаптан тауып, оқып беріңдер.
Ал, енді, балалар сонымен әдеби ертегілер деп біз қандай ертегілерді айтады екенбіз? Оның халық ертегілерінен басты-басты айырмашылықтары мен ұқсастығы туралы ұққандарыңды айтып беріңдер. Ары қарай балармен біріге отырып, әдеби ертегі туралы әдеби-теориялық ұғым жинақталады. Мұғалім қорытынды, толықтыру жүргізеді, басқа да мысалдар келтіреді. Әдеби, теориялық ұғым берудің тиімді бір жолы салыстырмалы жұмыстар.
Әдеби-теориялық ұғымдар берудің маңызды бір саласы – әдебиеттің көркемдігі, тропа, фигуралар туралы білім беру. Бқл поэтикалық талдау жасау арқылы, яғни тәжірибелік жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мысалы, 5-сыныпта Абайдың «Қыс», «Күз» атты пейзаждық лирикалары беріледі. Талдау барысында оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдарды да қалыптастыру көзделеді. Ол, біріншіден, лирика туралы алғашқы, қарапайым түсінік, екіншіден, өлең құбылысы, тармағы, ұйқасы туралы алғашқы ұғым беру, үшіншіден, өлеңнің көркемдеу құралдары, бейнелеуіш сөздер: теңеу, эпитет, кейіптеу, метафора туралы сөз қозғау. Мұны сұрақ – жауап, поэтикалық талдау, кітаппен жұмыс арқылы жүргізуге болады.
220
Балалар, «Күз», «Қыс» өлеңдерінде қызықты оқиғалар бар ма?
Жауап: Жоқ...
Қане, өлеңге үңіліндерші, «Күз», «Қыс» суреті қандай сөздермен берілген?
Жауап: «Сұр бұлт», «дымқыл тұман», «ақ киімді, ақ сақалды», «кәрі құдаң...»(тағы басқа мысалдар келтіреді).
Ақын «Қысты» кім бейнесінде көрсетіп отыр, оның іс-әрекетін теріп
оқы ( Бурадай бұрқ-сарқ етуі).
Күз мезгілін көздеріне елестетіңдерші. Абайдың күзді суреттейтін
сөздері шындыққа сәйкес алынған ба?
Яғни, ақын суреттеген «түсі суық бұлт», «жапырағынан айырылған ағаш-қурайлар» бүгінгі күзде кездесе ме?
Осындай әңгімелесу жұмысынан кейін мұғалім оқушылар пікірін толықтырып, әрі қарай поэтикалық талдау жасайды. Ең алдымен, лирикалық өлеңдердің шағын болып келуін, онда оқиға болмайтынын, ақын сезімі табиғатты, не жазып отырған дүниесін өзі қалай түсінеді, қалай қабылдайды, сол арқылы беретінін айтады. Тіпті, осы күз, қыс туралы басқа да бір-екі ақынның өлеңдерін оқып, олардың Абай күзі, қысынан айырмашылығына тоқталуға болады(яғни, бейнелі, образды сөздері, суреттеу айшықтарындағы айырмашылық). Ары қарай поэтикалық талдау жасап, эпитет, теңеу, кейіптеу туралы түсінік беріледі. Өлеңнен нақты мысалдар келтіреді. Олардың күз, қыс суретін көрсетудегі орны дәлелді түрдетүсіндірілуі керек. Мысалы, қыс көріністерін «сұр бұлт», «дымқыл тұман» деген эпитеттер бере алмайтынын түсіндіре кетудің маңызы зор. Өлеңдердің құрылысы, ұйқасы туралы да ерекше тоқталу керек. «Күз» өлеңінің құрылысы.
Үлгі:
Сұр бұлт (түсі суық) қаптайды аспан, / а
болып (дымқыл тұман) жерді басқан./ а
Білмеймін ( тоңғаны ма, тойғаны ма, / б
Жылқы ойнап, ( бие қашқан) тай жарысқан, / а
221
Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы.
11 буынды өлең.
Өлеңнің әр шумағы 4 жолдан тұрады.
Әр тармағы үш буыннан тұрады.
Осы өлеңдерді бұрын өтіп кеткен Махамбеттің «Соғыс» өлеңімен салыстыруға болады. Осы үлгіде құрылысына қарай талдап, мына ерекшеліктерін бөліп алып, балалар назарына қсыну керек. Яғни, өлеңнің 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқасапен, ауыз әдебиетіндегі жыр үлгісімен келетінін түсіндірген дұрыс. Мұндағы басты мақсат – «өлең» туралы жалпы теориялық ұғым бере отырып, олардың ұйқасы, шумағы, құрылысы әр түрлі болатынына оқушылардың көзін жеткізу. Оқушыларға әдеби-теориялық ұғым беру – өте күрделі, әрі маңызды дүние. Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ерекше тиімді, «меншікті» деген әдістемесі жоқ. Ол әр мұғалімнің ізденісі, қабілеті, шеберлігіне байланысты. Өтіліп отырған көркем бірлікте талдау, тәжірибелік жұмыстар, салыстырулар, көрнекіліктер арқылы меңгерту– тиімді жолдардың бірі ғана.
Төменде әдеби-теориялық ұғымдар берудің бір жолы – іздендіруге негізделген топтық жұмыстар үлгісі беріліп отыр. Топтық жұмыстар мақсаты - алған териялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білу, әдеби-теориялық білімдерін бекіту, пысықтау.
Абай өлеңдерінің құрылысы. 10-сынып
Мақсат: Топ оқушыларға Абайдың қазақ өлеңдеріне (құрылысына) кіргізген жаңалықтарын сараптайды. Ол жаңалықтардың қайнар көзі туралы пікірлерін ортаға салады.
1-топ. (Салыстырмалы жұмыс.)
Мына салыстырмалы кесте арқылы, Абайдың қазақтың байырғы өлең түрлерінің негізінде қазақ өлеңдерінің құрылысына енгізген жаңалығын дәлелдеу.
Е с к е р т у: Толықтырылған түрі қабілеті «орташадан төмен» оқушыларға беріледі ( бірінші бөлімі ғана).
222
Негізгі мәселелер |
«Елім-ай» өлеңі |
«Көзімнің қарасы» |
Ұйқас түрлері Ұйқас тармақтары Өлең бунақтары |
Қара өлең ұйқасы 4 4 |
Қара өлең ұйқасы
3 буынды қара өлең |
Өлең буыны Шумақтары Ақын жаңалығы |
2 буынды қара өлең Әр шумағы төрт тармақтан тұрады |
Әр шуағы 4 тармақтан тұрады 2 буынды қара өлеңге 6 буынды кіргізу |
2-топ.
Абайдың қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын бір қлеңі арқылы дәлелде. Мына бағананы басшылыққа ал:
3-топ.
Өлеңнің аты |
Бунағы |
Буыны |
Шумақ түрлері |
Өлең құрылысы |
Өлең құрылысының соңылығы |
Форма мен мазмұн бірлігі |
Абайды зерттеуші ғалымдар еңбегі бойынша ақын жаңалықтарындағы орыс поэзиясының әсеріне тоқталу (Негізгі мәселелерді жоспар-тезис ретінде белгілеп алу.)
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер:
С.Мұқанов. «Жарқын жұлдыздар» (Абай бөлімі)
М.Әуезов. « Абай Құнанбаев» атты монографиясы ( 430-432- беттері).
4-топ. (Салыстырмалы талдау).
Абайдың қазақтың өлең ұйқастарына енгізген жаңалықтарын ақын өлеңдері арқылы дәлелде. Бұқар жырау өлеңдерімен салыстыр ( өзіңе ұнаған өлеңдерді ал).
Өлең құрылысы |
Бұқар жырау |
Абай |
Абай енгізген жаңалықтар |
|
|
|
|
223
