Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бітібаева Қ. Қазақ әдібиетін о.ә..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
559.34 Кб
Скачать

Әдебиетті оқыту – ғылым, шығармашылық үдерісті оқыту әдістері

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты. Әдіс-тәсілдер деген не? Оқыту үдерісінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі – әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізілетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты өзгеріп отырады.

Мектептегі оқыту үдерісі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Академик Ю.Н.Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру» деген еңбегінде (1982 ж., «Просвещение», 177-бет) әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.

  1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации учебно-позновательной деятельности).

  2. Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері (методы стимулирования учебно-позновательной деятельности).

  3. Оқушылардың оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за эффективностью учебно-позновательной деятельности).

Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, дәріс, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндеу), тәжірибелік (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар) әдістер жатады. Сондай-ақ,

13

репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыдаайтып кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.

Сөздік әдіс

Көрнекілік әдіс

Практикалық әдіс

Зерттеу әдісі

Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күретамыры деуге де болатындай.

Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ, оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.

Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілін, стилін анықтауда өте тиімді.

Берілетін білімнің ғылымдылығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру, өз беттерімен мәселені шешкізу тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлегін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

Әдебиет сабағындағы оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, бүкіл бітім-болмысымен түсіне білуі үшін мұғалім осы мақсатта іздене отырып, оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптап пайдалануы керек. Көркемдеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының

14

көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді. Әдебиетті өнер деп дамытуда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдатуда, сөз қасиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден-ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл әдістің негізгі тәсілдері: мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы, т.с.с. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы, сөйтіп, оқушыларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау, т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ, көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды, т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне жатады. Мұғалім осы жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады.

15