Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бітібаева Қ. Қазақ әдібиетін о.ә..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
559.34 Кб
Скачать

Ертегілерді оқыту

Оқулықтарда ертегілердің қара сөзбен жазылған түрлерімен қатар, өлеңмен жазылған түрлері де берілген.

Ертегілер 5-9-сыныптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болсын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды тартатын – оның қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешетін небір қызыққы істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері. Оқиға қызығымен кететін балаларға ертегі арқылы қандай білім беруге болады, икем-дағдысына қандай талаптар қою керек? Міне, бұл мәселелер әр мұғалімді толғантуы, ойландыруы тиіс. Ертегілерді оқытуда ең бастысы мына мәселелерге көңіл бөлу керек.

Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту, яғни, әдеби-теориялық ұғымдар беру;

Сюжет пен композициядағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді білдіру;

Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғаларының қызықтылығы, жатықтығы. Ертегінің бай тілі – халқымыздың ғасырдан-ғасырға беріліп келе жатқан байырғы, тарихи тіл екендігі.

Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, гуманизмі, адамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі. Қай ертегі болмасын, халық арманына, тілегіне сай, тек жақсылықпен, бақытқа жетумен аяқталады.

-Ертегілерді оқытуда қандай әдіс-тәсілдер, оқу формалары, сабақ типтері тиімді саналады?

«Ең алдымен, оқушыларға ертегіні оқыту, мазмұнын толық меңгеру мәселесін ойластыру керек. Мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген ой туралы сөз қозғау. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем-

121

дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу, соның ішінде өтілгелі отырған ертегіге сәйкес ертегілер құрастыруға баулу. Пікір айта білу, өз беттерімен талдауға дағдыландыру, мәтінге жуық мазмұндату, басты оқиғаларды ғана қамтып, мазмұндату мәселелерін ойластырады. Ертегілерді оқыту жолдарын «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5-сынып) арқылы қарастырайық.

Ертегі мазмұнын толық меңгерту, мәтінді оқыту мақсатында, әрі мұның оқушылар оқығалы отырған тұңғыш көлемді ертегі екенін ескеріп, мұғалім оны эпизодтарға бөліп, көрнекі етіп жазып қояды. Оқу, талдау барысында сол бөліктерге оқушыларға ат қойғызады. Ертегіні мына эпизодтарға бөлуге болады:

  1. Кендебайдың тууы және Керқұла құлын тарихы.

  2. Мергенбай батырдың баласы, оның басынан өткен жайлар.

  3. Кендебайдың Мергенбайды іздеп, сапарға аттануы, Керқұланың көмегі.

  4. Кендебайдың малшы болуы.

  5. Алтын құйрықты құлын тарихы. Оны Кендебайдың тауып, хан қолына табыс етуі.

  6. Ханның жаңа шарты, Кендебайдың оны да орындауы.

  7. Ата-анасына қосылып, баланың бақытқа жетуі. Кендебай батырдың елі.

Ертегіні оқу барысында мұғалім: «Балалар, қазір мына эпизодты оқимыз, онда қандай оқиғалар болады екен, кәне, тындап отырайық», -деп, олардың назарын үнемі негізгі эпизодтарға аударып отыру керек. Эпизодты оқып болған соң, сұрақтар арқылы қолма-қол мазмұндатудың маңызы зор болмақ.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Мысалы, 1-эпизодқа:

-Ертегі қандай сөздермен басталады?

-Қазанқап кедейдің іс-әрекеті, кәсібі туралы не айтылған?

-Кендебай дүниеге қалай келді? Оның сипатын, мергендігін айтып бер.

-Кендебай Керқұла құлынға қалай ие болды? Құлын қалай өсті?

Мазмұндап болған соң, эпизодқа тақырып қою жұмысын жүргізу

122

керек. Онда да балалардың өз пікіріне жол ашқан жөн. Балалармен бірге бұл көріністерге, «Кендебай және Керкұла құлын тарихы» деген тақырып қоюға болады. Мұғалім эпизодқа тақырып қоюдың негізгі шарттарын балаларға түсіндіреді, яғни тақырып сол эпизодтың ең басты, негізгі оқиғасы айналысында қойылатынын ескертеді.

Ертегі мәтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілмен жүргізіледі. Мұғалім өзі мәнерлеп оқып, балаларды да қатыстырып отыруы керек. Бүкіл сынып болып, кезектесе оқуға немесе жекелеген балаларға оқытуға да болады. Соңғысында балалар мәтінді үнемі іштей ілесе оқып отырады, мәнерлеп оқуға дағдыланады, мұғаліммен бірге бәрі де мәтінмен жұмыла жұмыс істейді. Сондай-ақ, эпизод бойынша кезектесе оқудың да тиімділігі бар (тақтадағы көрнекілікті негізге алып). Ертегі мазмұнын меңгеру кезеңінде қызықты эпизодтарынан сахналау көрсетуге болады (үйірме мүшелерінің көмегі, жоғары сыныптың қабілетті оқушылармен). Онда кездесетін архаизм сөздерге түсінік беріп, сөздік жұмысын жүргізу – басты тәсілдердің бірі.

Содан кейін ертегі мәтінін мазмұндату жұмыстары басталады. Мазмұндату да бірнеше әдіс-тәсілдермен жүргізіледі. Мысалы:

  1. мәтінге жуық толық мазмұндау;

  2. эпизодтарға байланысты басты оқиғаларын теріп мазмұндау;

  3. өздеріне ұнаған оқиғаларды ғана мазмұндау;

  4. мұғалім сұрағына жауап-мазмұндау.

Мазмұнын толық меңгерткеннен кейін, ертегіге әдеби талдау жүргізіледі. Әдеби талдауды түсіндірмелі әдіс, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибелік тапсырмалар (проблемалық сипаттардағы сұрақ, тапсырмалар берудің тиімділігі зор), әңгімелесу, пікірлесу, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып жүргізген дұрыс.

Әдеби талдауды төмендегі үлгіден көруге болады.

123