Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бітібаева Қ. Қазақ әдібиетін о.ә..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
559.34 Кб
Скачать

Қ.О.Бітібаева қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы

5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал

Бірінші кітап

УДК 373 (072)

ББК 74.268.3

Б 94

Б 94 БІТІБАЕВА Қ.О.

Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы. Бірінші кітап. 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. /Қ.О. Бітібаева. Бірінші кітап. – Алматы. : “Дәуір - Кітап” баспасы, 2012, - 314 б.

Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2

Жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптарында «Қазақ әдебиеті» пәнінен тереңдетіп оқытуға арналған екі кітаптпн тұратын оқу құралының алғашқы кітабында нәтижеге бағытталған білім беру үдерісінің басты ұстанымдары, әлемдік білім беру кеңістігіне ену кезеңіндегі әдебиетті оқытудың мақсат-міндеттері кеңінен қарастырылған. Инновациялық технологиялар, оқыту түрлері ғылыми-теориялық тұрғыда талданып, оларды іс жүзінде тәжірибеде пайдаланудың әдістемесі жан-жақты көрсетілген.

УДК 373 (072)

ББК 74.268.3

Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2 – (1-кітап)

Isbn 978 – 601 – 7314 – 25 – 5

Бітібаева Қ.О., 2012

«Дәуір Кітап» баспасы, 2012

Алғы сөз

Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны түсінікті. Мақсатымыз – оның бәрін тізбектеу емес, әлі де алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы – әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүзеге асырылып жатқан жаңарулар арқылы күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа тастап, алдағы мақсаттарымызға ұмтылудамыз. Қай заманда, қандай реформа болсын, мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті де ардақты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Рухани байлық ең алдымен, әр халықтың ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық салт­-санасы, әдет-ғұрпы, көзқарасы, шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр оқушының қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау - міне, бүгінгі білім берудегі басты міндет осындай. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “мен” деген жан дүниесін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Бұл жерде ұлы дана Абайдың “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Талабың мен еңбегің екі жақтап” деген сөзі еріксіз ойыңа оралады.

Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өзінің лайықты, дұрыс, таза орнын тапқыза білудің қаншалықты қиын екені де түсінікті. Бұл мәселелер - бүгінгі замандағы білім беру ісінің күретамыры. Өзін-өзі таба алмай, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай , өзін-өзі тұншықтырып жүргендер, басқа жолға түсіп адасушылықтың негізгі себебі бір кездегі ұстаздарында, мектебінде жатқан жоқ па деген

3

сауалдардың бүгінгі ұстаздарды ойлантқаны жөн. Біздің пайымдауымызша, қазіргі білім беру ісінде әлі де шешімін таппай келе жатқан мынадай мәселелер бар сияқты.

1.Білім тұжырымдамасы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, мақсаттарды анықтау, толықтыру, оның барлығын жеке тұлғаға, оны дамытуға қарай бейімдеу, жетілдіру.

2.Біздегі білім беру, оқыту, пәндік жүйе арқылы жүзеге асып келеді. Әр пән арқылы мұғалім оқушының білімін жетілдіру, шығармашылық тұлға қалыптастырудың мақсаттары тұрғысынан ізденіп келе жатыр. Сол ізденістерді жүйелей, саралай отырып, ортақ бір тұжырымдама жасау керек-ақ. Әсіресе, оқушының өзін-өзі тануы, “Мен кіммін?” деген, яғни, ”Мен” тұжырымдамасын қалыптастыруды ойластыру. Жинақтап айтсақ, жеке тұлға қалыптастырудың ортақ бір жүйесін жасау қажет.

3. Баға қайдан шығады, оқушының білімі, іскерлік дағдысы, талабы, дарынын қалай бағалау керек деген мәселе – кезек күттірмейтін мәселе. Сол “5” балдық жүйемен жүре береміз бе, баланы бағаға жегіп қою дұрыс па, басқа да қандай жол бар деген сұрақтар да әлі шешімін таба алмай келе жатыр.

4.Әр сабақ неге міндетті түрде 45 минут болу керек. Неге ол 45 минут, неге 40 немесе 35 минут емес (бұл жерде шартты түрде айтып отырмыз), тақырыптың жеңіл, ауыр түріне қарай оны мұғалімнің өзі неге таңдап алмайды, жалпы мұғалім өзі ісіне өзі неге қожайын емес (құқықты) деген мәселелер де көптің көкейіндегі сұрақтар.

5. Өзіміздің төл мектептеріміз қандай болу керек, еліктеу,көшіру (тиімдісін пайдалану туралы сөз басқа әрине) мерзімі біткен жоқ па? - деген сұрақтар алғы бетке шыққандай. Әрине, бұл мәселедегі жекелеген талпыныстарды жоқ деп айта алмаймыз, бірақ тиімді қорытынды жасайтын уақыт пісіп жетілген сияқты.

6.Ұлттық ділімізді қалыптастыру ең алдымен мектептен,білім беру, тәрбиеден басталатыны түсінікті.Тәрбие берудің қонымды жолдарынан, өнімді жолдарынан іздену, ұлттық тәрбиені, адамзат баласының ұрпағын тәрбиелеудегі ұтымды іс-тәжірбиесімен қштастыра отырып жүргізудің де нақты бағыттары керек-ақ.

4

7. Білім мазмұнын байыту, жетілдіру, оны жүзеге асыру технологиясынан іздену де қазіргі басты мақсаттардың бірі ғана емес, бірегейі. Білім берудің ең бастысы – білім мазмұны. Білім мазмұны технология арқылы жүзеге асады. Ал «технология» дегеніміз не? Ғалымдар пікіріне үңілсек, орыс ғалымы С.А.Смирнов өзінің «Технология как средство обучения второго поколения» деген еңбегінде: бұл сөздің өндірістен келгенін, яғни шикізатты өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да, оған өзіндік анықтамасын береді: «Технология представляет собой алгоритмизированную последовательность операции получения какого-либо продукта, построенного на использовании технических или любых других средств под управлением человека. Это определенный способ обучения выполняет средство обучения под управлением человека. При этом учитель выполняет функции стимулирования и координации их деятельности» дейді.

Ал Безрукова оны (технологияны) модельдеу, жобалау, конструкциялау амалдарымен байланыстырады. Штейнберг конструкторлық технологияға ерекше назар аударады. Ол ойды бейнелеудің маңызын дәлелдеуге тырысады. Білімді тек сөздік әдісі емес, бейнеге, модельге түсірудің жолдарынан іздестіре отырып, оның әсіресе, тәжірибелік білім берудегі орнын анықтайды. Әрине, модель дегенде оның макет, сұлба, кесте түрінде болатынын ұмытпау керек. Модель, әсіресе, болжам (прогноз) жасаудың негізі ретінде белгілі.

Технология туралы өз пайымдауымызға келсек, ол – ең біріншіден, диагностиканы басшылыққа алған жеке тұлғаға қарай бағыттаған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға ең алдымен өз әрекеті арқылы ғана дамиды. Ал әрекет іс-қимылдармен жүреді. Технология – жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технология оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа, нәтижелі ізденістерін талап етеді. Оқушының білім алу, даму, т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен меңгеруіне түрткі жасау – технологияның басты белгілері.

5

  1. Ұсынылып отырған оқулықта, алдымен, әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясының мына мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді:

  1. Педагогика ғылымының соны жетістіктері сапынан орын алып келе жатқан тиімділік (оптимизация) идеялары негізінде сабақ мақсаттарын бірлікте қарастыру.

  2. Әдіс-тәсілдер мен оқу жүйелерінің тиімді деген түрлерін сұрыптап алу, әрі оны ұтымды пайдалана білу.

  3. Берілетін білімнің ішінен ең негізгі мәйегінің, түйінін нақты бір жағдай, нақты білім беру кезеңдеріне орай сұрыптап, бөліп алу, негізгі ұғымдарды анықтау, оларды оқушыға жеткізудің нәтижелі жолдарын іздестіру.

  4. Оқушыларды даралап, әрі саралап оқыту әдістемелерін қолдану. (дифференциалдап оқытуды басшылыққа ала отырып)

  5. Әдебиетті оқытуды, тәрбие беруде сабақ түрлері мен үлгілерін іздестіру.

  6. Интеграциялап оқыту, оны әдебиетті оқыту мәселелерінде тиімді пайдалану.

  7. Әдебиетті тереңдете оқыту жолдары.

  8. Проблемалап оқыту және әдебиет сабақтары.

  9. Оқулықпен, кітаппен жұмыс істеудің, пайдаланудың тиімді жолдары.

  10. Оқушы біліміне тақырыптық есеп жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері.

  11. Дидактикалық материалдарды нәтижелі пайдаланудың жолдары (үлестірме-көмек, үлестірме-нұсқаулар, т.с.с)

  12. Топтық, жұптық және жеке жұмыстар оқушыларды танымдық-іздендіруші, зерттеу бағытындағы жұмыстарға, ғылыми сипаттағы жұмыстарға баулу әдістемесі мен технологиясы.

  13. Оқушының білімі мен іскерлік дағдыларын жетілдірудің жолдары.

6

  1. Оқулықта әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық ұғымдарымен қатар, оларды тәжірибеде пайдаланудың тиімді жолдары нақты мысалдармен беріліп отыр. Мысалы, «Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту» тарауында теориялық ұғыммен қатар Шоқан, Сәкен, Мағжан, Мұхтар өмірбаянын (11-сынып) оқытудың тиімді әдістемесі берілді, т.с.с.

  1. Мұндай тәсілдің пайдасы не?

Әрине, оқулықта әдебиетті оқытудың ғылыми тұрғыдағы өзіндік заңдылықтары, теориялық мәселелері кеңінен сөз етілуі керек. Әйтсе де, студенттермен жұмыс істеу тәжірибемізде әлі ұстаздық жолын бастамаған жастарға тек теориялық білім берудің жеткіліксіз болатынына көзіміз жетіп жүр. Сондықтан теорияға қоса, оның тәжірибедегі көрінісін сөз етуді дұрыс деп санадық.

Оқулық студенттер мен мұғалімдерге арналғандықтан, оларға тәжірибелік көмек берудің де артықтығы жоқ деп есептейміз.

  1. Мүмкіндігінше әдебиетті жанрлық жағынан оқытудың әдістемелерін саралап беріп отырмыз. Эпикалық, лирикалық, драмалық жанрдағы шығармаларды оқыту жолдарының өзіндік қадау-қадау ерекшеліктері, айырмашылықтары бар екені түсінікті (Методологиялық ортақ ұстанымдармен қоса).

  2. Соның ішінде, мысалы, эпикалық жанрды алайық. Оған роман, хикаят (повесть), эпопея, мысал, әңгіме, батырлар жыры, поэмалар жатады. Оқулықта оларды оқыту әдістері жеке-жеке сөз етіледі (нақты мысалдар арқылы). Мұндағы басты мақсат – теориялық біліммен қоса, нақты көмек, үлгі, нұсқау беру, оқыту мақсатын қалай жүзеге асырудың жолын көрсету.

Публицистикалық, эпистолярлық жанрдағы шығарамаларды оқыту әдістемесі мен технологиясы да нақты мысалдармен берілді.

  1. «Әдеби, сын-зерттеу еңбектерін оқыту» тақырыбында, әсіресе, оларды меңгертудің жеңіл жолдары, оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу тәсілдері, әр түрлі іздендіру сипатындағы тапсырмалар жүйесі нақты мысалдармен дәлелденді.

Мектепте әдеби білім беру – оқытудың, білім берудің жүйелі,

7

жалғаспалы, бірізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек.

Ол мынадай кезеңдерден тұрады:

1-кезең: 1-4 сыныптар;

2- кезең: 5-8 сыныптар;

3-кезең: 9-11 сыныптар.

Бірінші кезеңнің негізгі мақсаты, міндеті оқуға, жаза білуге, мазмұндауға үйретуімен, көркем туындыға оқушы ынтасын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы болуымен айқындалады.

Екінші кезеңде көркем сөздің көркем туынды, көркем шығармалардағы рөлі, маңызын танып білу жұмыстары жүргізіледі. Көркем туындыдағы авторлық көзқарасты танып-білу үйретіледі ( көркем образ, сол арқылы автор мұратына (идея) болжам жасау). Оқу бағдарламасында оқуға, талдауға ұсынылатын шығармалар жанрлық жағынан қамтылуы тиіс. Оқушылардың көркем шығармалардың әр жанрдан тұратынын түсініп білуі осы кезеңнен басталады. Көркем туынды туралы өз пікірлерін, ойларын айта білуге дағдыландыру (алған әсерлерді, не ұнады, не ұнамады), шағын әдеби айтысқа жетелеу, сөйтіп, әдеби талдау дағдыларын қалыптастыру да осы кезеңнің негізгі міндеті болмақ.

Үшінші кезеңде әдебиетті оқыту ауыз әдебиетінен басталып, әдебиет тарихымен жалғастырылады. Оқушыларды өз беттерімен көркем туындыны оқытуға, талдауғы баулу, әдебиет тарихы, сыны, әдебиеттік ғылымнан білім беру, көркем шындық, өмір шындығы, ақын-жазушы стилі, тілі, әдеби әдістер, т.б. Көркем туындыны талдауда әдебиеттану ғылым басшылыққа алынады. Оқушылардың оқырман ретінде оқитын туындыларын өздері таңдап алу қабілеттері жетілдіріледі. Мағлұматтар тереңдетіліп беріледі. Көркем туындыға олардың сын көзбен қарауы (төменгі сыныптағыдай тартымды, сюжетті шығармаларды оқуға қызығушылығы, т.б.) қалыптасады.

Әдебиеттану ғылымынсыз, яғни әдебиет туралы ғылымсыз әдебиетші мұғалімдер әдебиетті ғылымның, әрі өнердің бір саласы ретінде оқытуы мүмкін емес. Әдебиеттен білім беру әрі әдебиет ғылымынан, әрі сөз өнерінен білім беру дегенге саяды. Бұл пәнді

8

оқытудың күрделілігі де, қызықтыратындағы да осыдан келіп туындайды.

Әдебиетшы мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай-ақ, көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелері мен технологиясын жетік меңгеруі міндет. Әдеби шығармаларды талдау кезінде мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, оқушыны субъект тұрғысында қарым-қатынас жасау – қазіргі оқытудың басты талаптарының бірі.

Оқу құралы екі кітаптан тұрады. Әдістемелік тұрғыдан жазылған бірінші кітабы мұғалімдерге арналса, екінші кітабы оқушыларға арналып дайындалды. Бұл кітаптың негізгі мақсаты қазақ әдебиетін жан-жақты тануға, көркемсөзге деген қастерлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастыруға бағытталған. Көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, білімді оқушының өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру – оқу құралының басты ұстанымы.

Ұстаз ұсынып отырған білімнен – құзіреттілікке қағидасына негізделген инновациялық оқыту әдістемесі мен технологиясы оқушылардың танымдық қызметінің заңдылықтарына, оқытудағы құндылық бағдарға, яғни оқушыны зерттеушілік, шығармашылық және рухани-адамгершілік тұрғысынан жан-жақты дамытуға негізделген технология болып табылады.

9