- •*Пульмонология*1*8*1*
- •*Кардиология*1*10*1*
- •*Гастроэнтерология*1*11*1*
- •*Гематология*1*4*1*
- •*Ревматология*1*12*1*
- •*Пульмонология*2*33*1*
- •*Кардиология*2*39*1*
- •*Гастроэнтерология*2*37*1*
- •12 Елі ішектің ойық жарасы
- •*Гематология*2*10*1*
- •*Нефрология*2*9*1*
- •*Ревматология*2*16*1*
- •*Эндокринология*2*10*1*
- •*Жұқпалы аурулар*2*17*2*
- •*Пульмонология*3*17*1*
- •*Кардиология*3*29*1*
- •*Гастроэнтерология*3*12*1*
- •*Гематология*3*7*1*
- •*Нефрология*3*7*1*
- •*Ревматология*3*8*1*
- •*Эндокринология*3*9*1*
- •*Жұқпалы аурулар*3*20*2*
- •*Фтизиатрия*3*12*1*
*Жұқпалы аурулар*3*20*2*
#21
*!40 жастағы әйел адам, терапевтке ауруының 1-ші күні келген. Қонақта болғаннан кейін бір тәуліктен кейін жедел ауырған: эпигастрийде және кіндік айналасындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, 4-5 рет құсу, 7-8 рет іштің өтуі пайда болған. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38ºС. Іші жұмсақ, эпигастрий және оң жақ мықын аймағында ауыру сезімі анықталады. Ішек спазмы жоқ. ҚҚ - 100/60 мм с.б. Пульс - 90 рет/мин. Нәжісі сұйық, көп мөлшерлі, жасыл түсті, нашар иісті, шырыш қосылған.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы Ең ықтимал болып табылады?
* Shigella flexneri
* Salmonella typhi
* Enterobacter cloacae
* Salmonella enteritidis++
* Vibrio cholerae cholerae
#22
*!30 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілген. Шағымдары: ауызының құрғауы, әлсіздік, бас айналуы, аяқ-қолдарының құрысуы. Кеше ауырып бастаған: ішінің толған тәрізді ауыруы, жүрек айнуы, 10 рет құсу, 10 рет іштің өтуі пайда болған, дене қызуы 38,0ºС-қа дейін жоғарылаған. Эпид.анамнез: бір күн бүрын тауық етінен жасалынған кәуәб жеген. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0ºС. Дауысы сырылдаған. Тері жабындылары бозғылт, суық. Іші жұмсақ, кіндік айналасында және оң жақ мықын аймағында ауыру сезімді. ҚҚ - 70/40 мм с.б. Пульс - 100 рет/мин. Нәжісі сұйық, көп мөлшерлі, жасыл түсті, нашар иісті, шырыш қосылған. Зәрі жоқ.
Сипатталған асқыну дамыған кездегі дәрігердің Ең дұрыс тактикасы қандай?
* Гормонотерапия
* Дегидратациялық терапия
* Регидратациялық терапия++
* Гипербариялық оксигенация
* Жүрек гликозидтерін еңгізу
#23
*!40 жастағы әйел адам жедел ауырып бастаған. Шағымдары: жүрек айнуы, құсу, кіндік айналасындағы және іштің төменгі аймақтарындағы ауыру сезімі, іштің жиі өтуі, дене қызуының жоғарылауы. Эпид.анамнез: Қайнамаған су жиі ішеді. Такси жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы - 38,5ºС. Тері жабындылары бозғылт. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, кіндік айналасында және сол жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Сигма тәрізді ішек жиырылған, ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш қосылған.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы Ең ықтимал болып табылады?
* Shigella flexneri++
* Salmonella typhi
* Enterobacter cloacae
* Salmonella enteritidis
* Vibrio cholerae cholerae
#24
*!50 жастағы әйел адамды терапевт ауруының 2-ші күні тексерген. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауыру сезімі, жүрек айнуы, бас ауыруы, 10 рет ішінің өтуі, тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 37,5°С, ҚҚ - 100/60 мм с.б. Іш пальпациясы: сол жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі анықталады, сигма тәрізді ішек жиырылған. Үлкен дәреті нәжіссіз, қан араласқан шырыш. ЖҚА: эр.-4,0х1012/л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109 /л, э – 1%, т/я – 2%, с/я – 75%, л – 18%, м – 5%. ЭТЖ - 17мм/сағ.
Қандай дәріні тағайындау Ең дұрыс болып табылады?
* Аспирин
* Милдронат
* Пенициллин
* Доксициклин
* Ципрофлоксацин+
#25
*!36 жастағы Оңтүстік-Қазақстан обылысының тұрғыны ауруханаға жатқызылған. Сегіз күн бойы бас ауыруы, әлсіздік, ыстық сезімі, ұйқысыздық мазалаған. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,0ºС, тежелген, сұрақтарға көңілсіз, бір-екі сөзбен жауап береді. Терісі бозғылт, іштің алдыңғы бетінде бірлі-жарлы розеолалар байқалады. Тілі құрғақ, ортасы лас-сұр жабындымен жабылған, шеттерінде тістердің ізі көрінеді. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады, бауыры 1,0 см.
Этиотропты ем мақсатымен қандай дәріні тағайындау Ең дұрыс болып табылады?
* Левомицетин+
* Гентамицин
* Тетрациклин
* Цефазолин
* Амикацин
#26
*!30 жастағы ер адам учәскелік дәрігерге келген. Шағымдары: көп рет құсу және жиі іштің өтуі, ауыздың құрғауы, қол бұлшық еттерінің тырысуы. Эпид.анамнез: Екі күн бұрын Шымкентте қонақта болып келген. Қарап тексергенде: Жағдайы орташа ауырлықта. Әлсіз. Дене қызуы – 36ºС. Бет әлпеті үшкірленген. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ҚҚ - 110/70 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мқлшері аз. Нәжісі «күріш қайнатпасы» тәрізді. Дәрігер науқасты оқшаулаған, ауруханаа жіберу мақсатымен жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған.
Емхана дәрігерінің осыдан кейін орындайтын Ең дұрыс тактикасы қандай?
* Телеарнаға хабарлау
* Гормонотерапия тағайындау
* Антибактериальді терапия тағайындау
* СЭС-ға шұғыл хабарлама беру++
* Науқастың туыстарына хабарлау
#27
*!40 жастағы әйел адамға учәскелік дәрігер шақырылған. Шағымдары: ауызының құрғауы, көру қабылетінің нашарлауы, заттардың қосарланып көрінуі, шашалу. Эпид.анамнез: 4 күн бұрын қонақта болған, салаттар, кәуәб, консервіленген қызанақтар жеген. Қарап тексергенде: есі анық, көз қабақтары төмен түскен (птоз), мидриаз. Сұйық тағамды қиналып жұтады. Дауысы анық емес, «мыңғырлап» естіледі. Менингеальді симптомдар теріс. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 88 рет/мин. ҚҚ – 130/80 мм с.б. Үлкен дәреті бүгін болмаған.
Учәскелік дәрігердің қандай тактикасы Ең дұрыс болып табылады?
* Амбулаторлық ем ұсыну
* Үй жағдайында невролог кеңесін ұйымдастыру
* Үй жағдайында инфекционист кеңесін ұйымдастыру
* +Жұқпалы ауруханаға жатқызу мақсатымен жедел жәрдем бригадасын шақыру
* Неврологиялық бөлімшеге жатқызу мақсатымен жедел жәрдем бригадасын шақыру
#28
*!20 жастағы бойжеткенге жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, көр рет құсу, жиі ішінің өтуі, аяқ-қолдарының құрысуы. Анамнезде: базардағы асханадар тамақтанған соң 4 сағаттан кейін ауырған. Қарап тексергенде: дене қызуы - 36,5°С, терісі бозғылт, көздері үңірейген. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Ішек спазмы жоқ. ҚҚ - 70/40 мм с.б., пульсі - 120 рет/мин. Зәрі жоқ. Нәжісі көп мөлшерлі, сулы, «ет жуындысы» түстес. Дәрігер жұқпалы ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады.
Жедел жәрдем дәрігерінің ауруханаға жеткізу барысындағы қандай тактикасы Ең дұрыс болып табылады?
* Гормонотерапия
* Антибиотикотерапия
* Спазмолитиктерді бұлшық етке енгізу
* Тұзды ерітінділерді көк тамырға енгізу +
* Коолоидты ерітінділерді көк тамырға енгізу
#29
*!35 жастағы ер адам, зәр түсінің қоңырлауына, нәжістің түсізденуіне шағымданады. Екі ай бұрын стоматологта тісін емдеткен. Бір апта бойы ауырады, жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаан. Кеше кешкісін зәр түсі қоңырланған. Бүгін таңертең сарғыштықты байқаған. Жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, Тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған. Бауыры 2,0 см, консистенциясы тығыздау. АЛТ-1050 б., АСТ-650 б., жалпы билирубин-265 ммоль/л, тікелей-197 ммоль/л. ИФА: HВsAg-« », HbеAg-« », antiHBeIgM-« », antiHВc total-« ».
Қай маркер гепатит В вирусының репликациясы туралы мәліметтейді?
* HВsAg
* HbеAg+
* anti HВе IgM
* anti HBe IgG
* anti HCV total
#30
*!18 жастағы бойжеткен ауруының 8-ші күні учәскелік дәрігерге келген. Бірінші күндері әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының жоғарылауы, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі мазалаған. Аурудың 6-шы күні көз склераларының сарғаюын, зәр түсінің өзгеруін байқаған. Бір күннен кейін сарғыштығы күшейген, бірақ жалпы жағдайы жақсарған. Асханаларда және үйде тамақтанады. Жатақханада тұрады. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Тері мен көз склералары сарайған. Бауыры 1,5-2 см, нәжісі түссіз, зәрі қоңыр. АЛТ-250 б./л, АСТ-150 б./л, жалпы билирубин-105 ммоль/л, тікелей-70 ммоль/л.
Дәрігердің қандай тактикасы Ең дұрыс болып табылады?
* Гепатологиялық орталыққа жолдау
* Күндізгі стационарда ем тағайындау
* Терапия бөлімшесіне жолдау
* Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу ++
* Тұрғын орнында бақылауды ұйымдастыру
#31
*!30 жастағы жүкті әйел (жүктілік мерзімі 24-25 апта) 7 күн бұрын ауырған. Шағымдары: жүрек айнуы, көп рет құсу, айқын әлсіздік, мұрыннан қан кетуі. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, ұйқышыл. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғыштанған. Инъекциялар орнында тері астылық геморрагиялар байқалады. Іші жүктілік себебінен үлкейген. Жатыры қозусыз. Бауыр көлемі қалыпты. Зәрі қоңыр түсті. Қанның биохимиялық анализінің нәтижесі: АЛТ-1230 б/л, билирубин жалпы-135,6 ммоль/л, тікелей-98,6 ммоль/л. ИФА: anti-HЕV IgM .
Қандай тактика Ең дұрыс болып табылады?
* Перзентханаға ауыстыру
* Бөлімшеде емдеу
* Қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстыру+
* Босану қызметін шұғыл белсендіру
* «Кесарь тілігі» әдісімен босандыру
#32
*!28 жастағы жүкті әйел (жүктілігі 8-9 апта), 2-ші қаңтарда ауырған: дене қызуы 39,0°С-қа дейін жоғарылаған, қалтырау, басының ауыруы, мұрынның бітелуі, тамағының қышуы, құрғақ жөтел пайда болған. 31-ші желтоқсанда қонақта болып, тұмаумен ауыран адаммен қатынаста болған. Ауруының 2-ші күні ауруханаға жеткізілген. Объективті: жағдайы ауыр, склералар қан тамырлары инъекцияланған, акроцианоз. Аңқасы қызарған. Мұрыны бітелген. Тынысы везикулярлы, төменгі аймақтарыда әлсіреген, сырылдары жоқ. ТАА – 26 рет/мин. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс-108 рет/мин. ҚҚ 100/60 мм с.б. Лейк. – 3,2х109/л.
Қандай вирусқа қарсы дәріні және қандай мөлшерде тағайындау Ең дұрыс болып табылады?
* Осельтамивир 150 мг
* Оосельтамивир 300 мг++
* Ингавирин 90 мг
* Ингавирин 180 мг
* Виферон 500 000 Ед
#33
*!29 жастағы әйел адам, балалар бақшасының тәрбиешісі, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 40°С-ай дейін жоғарылаған, бас ауыруы, құсу, әлсіздік пайда болған. Тері жабындылары таза, бөртпе жоқ. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі мен Керниг симптомы «оң». ҚҚ 90/60 мм с.б., пульс 100 рет/мин. Ауруының екінші күні ауруханаға жатқызылған. Ауруханада жұлын сұйықтығы алынған: ликвор лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы ( ), цитоз 1200 жасуша 1 мкл-де (нейтрофилдер-98%, лимфоциттер-2%), белок – 0,066, глюкоза 2,8 ммоль/л. Менингококтты менингит диагнозы қойылды.
Сипатталған ауруға АСА тән ликвордағы өзегірстер қандай?
* Лифоциттер есебімен цитоз
* Жасушалар санының 10 астам болмауы
* Нейтрофилдер есебімен цитоз++
* Белок мөлшерінің төмендеуі
* Глюкоза мөлшерінің көбеюі
#34
*!29 жастағы әйел адам, балалар бақшасының тәрбиешісі, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 40°С-ай дейін жоғарылаған, бас ауыруы, көп рет құсу, әлсіздік пайда болған. Тері жабындылары бозғылт, аяқтарында дүрыс емес пішінді геморрагиялық бөртпе байқалады. ҚҚ 90/60 мм с.б., пульс 100 рет/мин. Ауруының 2-ші күні жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қабылдау бөлімде алынған қандағы лейкоциттер саны – 27,8х109/л. Науқас қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған.
Дәрігердің қандай тактикасы Ең дұрыс болып табылады?
* Антибиотикотерапия тағайындалмайды
* Ампициллин 4,0/тәул. б\е тағайындалады
* Метронидазол 1,0/ тәул. к/т тағайындалады
* Пенициллин 18 млн.Ед/ тәул.. б/е тағайындалады
* Левомицетин-сукцинаты 4,0/ тәул. б/е тағайындалады+++
#35
*!16 жас жігіт ауру басталғанынан 7 сағаттан кейін ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Ауруы Н қатты қалтыраудан, бас ауыруынан, құсудан, дене қызуының 39ºС-қа дейін жоғарылауынан басталған. 4 сағаттан кейін терісінде көптеген геморрагиялық бөртпе пайда болған. Ауруханаға түскен кезде: дене қызуы 36,5ºС, ентігу, цианоз, қозғалыс қозуы байқалады, пульс «жіп тәрізді», ҚҚ 60/40 мм с.б.
Қандай дәрі Ең алдымен енгізу керек?
* Маннит
* Фуросемид
* Пенициллин
* Преднизолон +++
* 5% глюкоза ерітіндісі
#36
*!18-ші мамырда Алматы қаласының 22 жастағы тұрғынына учәскелік дәрігер шақырылған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа дейін жоғарылауы, бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу. Эпиданамнезде: ауру басталғанынан 5 күн бұрын кене шаққан. Қарап тексергенде: шүйде бұлшық еттерінің кернеуі 5 см, Керниг симптомы «оң». «Кенедік энцефалит» диагнозы қойылған.
Қандай лабораторлық диагностика әдісі Ең ақпаратты болып табылады?
* Бактериоскопиялық
* Бактериологиялық
* Иммунологиялық
* Вирусологиялық
* Серологиялық+++
#37
*!52 жастағы ер адам лет, Қызылорда обылысының тұрғыны, шопан, ауруының 5-ші күні терапевтке қаралған. Шағымдары: басының қатты ауыруы, қалтырау, денесінің сынып ауыруы, мұрыннан қан кетуі. Амбулаторияда ЖРВИ диагнозы бойынша дезинтоксикациялық ем қабылдаған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 39,9°С, әлсіз, беті, мойыны қызарған. Денесінде петехиальді бөртпе, инъекциялар орындарында гематомалар байқалады. «Жгут» және «шымшу» симптомдары «оң». Ps-50 рет/мин. ҚҚ – 90/60 мм с.б. Өкпедегі тынысы везикулярлы. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Бауыры 1,5 см-ге ұлғайған.
Қандай вирусқа қарсы дәріні тағайындау Ең дұрыс болып табылады?
* Рибавирин +++
* Ацикловир
* Интерферон
* Циклоферон
* Осельтамивир
#38
*!62 жастағы әйел адам емханаға келген. Екі күн бойы қалтырау, бас ауыруы мазалаған, бүгін сол жақ балтырының ауыру сезімі, ісінуі және қызаруы пайда болған. Бес күн бұрын жедел іріңді тонзиллит бойынша ем қабылдаған. Дене қызуы - 39°С. Сол жақ балтырында және аяқ басында айқын гиперемия, шеттері анық ісіну байқалады, терісі ыстық, сипап тексергенде ауыру сезімі мазалайды.
Қандай дәріні тағайындау Ең дұрыс болып табылады?
* Амикацин
* Пенициллин++
* Доксициклин
* Азитромицин
* Ципрофлоксацин
#39
*!51 жастағы ер адам, Алматы обылысының тұрғыны, жедел ауырып бастаған – дене қызуы жоғарылаған, жалпы интоксикация белгілері мазалаған, оң қолында ауыратын жара пайда болған. Осы жерде шабысқан кенені алып тастаған. Қарап тексергенде: Жағдайы орташа ауырлықта, оң жақ білегінде іріңді-геморрагиялық бөліндісі ар жара, лимфангит, өолтық астындағы лимфаденит (тығыз, орташа ауыратын бубон) байқалады. Болжама диагноз: Туляремия, жаралы-бубонды түрі.
Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдеу .шін Ең ақпаратты болып табылады?
* Жалпы зәр анализі
* Жалпы қан анализі
* Қанды бактриологиялық себу
* Жарадан және бубоннан алынған материалдың микроскопиясы
* ++Жарадан және бубоннан алынған материалды бактриологиялық себу
#40
*!42 жастағы Манғыстау обылысының тұрғынына үйге дәрігер. Шағымдары: дене қызуының 39-40ºС-қа дейін жоғарылауы, айқын қалтырау, денесінің сынып ауыруы, қатты басының ауыруы, кеуде торшасындағы ауыру сезімі, құрғақ жөтел. Ауру кеше кешкі уақытта жедел басталған. 3 күн бұрын ауырған түйені бауыздағанда қолын кесіп алған. Айқын интоксикациядан науқастың жағдайы ауыр. ТАА -30 рет/мин. Пульсі – 140 рет/мин., ҚҚ-90/60 мм/сағ. Оң жақ өкпесінде құрғақ сырылдар естіледі. Гемограммада: лейкоциттер – 24х109/л, т/я нейтрофил -14%, с/я нейтрофил – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Зәрі жоқ.
Қандай ем шарасын Ең алдымен жүргізу керек?
* Оксигенотерапия
* Гормондарды көк тамырға енгізу
*Антибиотиктерді көк тамырға енгізу
* Антибиотиктерді бұлшық етке енгізу
* Инфузиялық ерітінділерді көк тамырға енгізу+++
