- •*Пульмонология*1*8*1*
- •*Кардиология*1*10*1*
- •*Гастроэнтерология*1*11*1*
- •*Гематология*1*4*1*
- •*Ревматология*1*12*1*
- •*Пульмонология*2*33*1*
- •*Кардиология*2*39*1*
- •*Гастроэнтерология*2*37*1*
- •12 Елі ішектің ойық жарасы
- •*Гематология*2*10*1*
- •*Нефрология*2*9*1*
- •*Ревматология*2*16*1*
- •*Эндокринология*2*10*1*
- •*Жұқпалы аурулар*2*17*2*
- •*Пульмонология*3*17*1*
- •*Кардиология*3*29*1*
- •*Гастроэнтерология*3*12*1*
- •*Гематология*3*7*1*
- •*Нефрология*3*7*1*
- •*Ревматология*3*8*1*
- •*Эндокринология*3*9*1*
- •*Жұқпалы аурулар*3*20*2*
- •*Фтизиатрия*3*12*1*
*Кардиология*3*29*1*
#18
*!Ер адам С., 45 жаста. Ауруханаға бір сағаттан аса болған, төс артындағы интенсивті түрде қысып ауыртатын ауру сезіміне шағымданып , ауыр жағдайда түсті. Кенет науқас бозарып, суық тер басты. ЭКГ:
Қай емдік шара осы патология кезінде бірінші 6 сағатта ең эффективтісі болып табылады:
* фибринолитикалық терапия++
* антикоагулянттар енгізу
* бета-блокаторларды енгізу
* наркотикалық аналгетик енгізу
* тамырішілік нитрат енгізу
#19
*!Науқас Н., 77 жаста. Ауруханаға бір сағаттан асатын төс артындағы қысатын ауру сезіміне шағымданып, ауыр жағдайда түсті. Кенет науқас бозарып, суық тер басты, есін жоғалтты. Пу льс және АҚ анықталмайды, көз қарашығы үлкейген. ЭКГ (сурет).
Бірінші кезекте жүргізілетін іс – шара?
* фибринолитикалық терапия жүргізу
* наркотикалық аналгетикті тамыр ішіне енгізу
* электроимпульсті дефибрилляция жүргізу++
* эпидуральды анестезия жүргізу
* натиагрегантты препараттарды тамыр ішіне енгізу
#20
*!Науқас 57 жаста, 3 жыл бойы күштемелі стенокардиямен ауырады, атенолол 50 мг/тәу қабылдайды. Жоғарлаған физикалық жүктеме фонында стенокардия ұстамасы жиіледі, кешкі уақыттан бері айқын ауру сезімді созылмалы ұстама дами бастады. Нитроглицеринге басылмады, суық тер, әлсіздік болды. АҚ 100/70 мм с.б. ЖСЖ -115 рет мин. ЭКГ:QS I, II, aVL, V2-V5 шықпаларында, SТ сегментінің элевациясы мысық арқасы тәрізді.
Алғашқы 6 сағатта қандай препаратты енгізу БАРЫНША эффективті болып табылады?
* гепарин
* аспирин
* альтеплаза++
* фентанил
* изокет
#21
*!Науқаста 63 жастағы бір жыл бойы физикалық жүктеме кезінде орташа интенсивті жүрек аймағындағы ауру сезімі, 2 апта бұрын ауру сезімі аз ғана жүктемеден пайда болатын болды. Бүгін ауру ұстамасы тыныштық жағдайда және 1,5 сағатқа созылды. Нитроглицеринге басылмады, суық тер, әлсіздік болды.
Қай емдік шаралар осы патология кезінде ауру сезімін басу үшін БАРЫНША тиімді?
* 1% морфин 0,4-0,8мл 15мл физ р/р т/і стр+++
* изокет аэрозоль 1-2 доза тіл астына
* 50% анальгин 2мл т/істр
* 300мг клопидогрельпероральды
* 325 мг аспиринаді шайнауға беру
#22
*!Науқас В., 46 жаста төс артындағы нитроглицеринге басылмайтын күйдіріп ауруға шағымданды. Ауыр жұмыс атқарғаннан 1 сағат алдын ауырған. Қарағанда:жағдайы ауыр, тері жамылғылары бозғылт, салқын тер басқан, жүрек ұшында І тон әлсіреген, ритмі дұрыс емес. ЖСЖ-96 рет. мин., АҚ-100/70 мм.рт.ст. ЭКГ: жиі қарыншалық экстрасистолия, QS I, II, aVL, V2-V5 шықпаларында, SТ сегментінің элевациясы мысық арқасы тәрізді.
Коронарлық қан айналымды қалпына келтіру үшін қандай препаратты тағайындау БАРЫНША маңызды?
* гепарин
* аспирин
* альтеплаза++
* фентанил
* изокет
#23
*!Науқаста 63 жастағы бір жыл бойы физикалық жүктеме кезінде орташа интенсивті жүрек аймағындағы ауру сезімі, 2 апта бұрын ауру сезімі аз ғана жүктемеден пайда болатын болды. Бүгін ауру ұстамасы тыныштық жағдайда және 1,5 сағатқа созылды. Нитроглицеринге басылмады, суық тер, әлсіздік болды.
Қандай емдік шараларды қолдану осы патология кезінде ауру сезімін басу үшін БАРЫНША тиімді?
* наркотикалық анальгетиктерді++
* наркотикалық емес анальгетиктерді
* тромболитикалық препараттарды
* бета-блокатор препараттарын
* антикоагулянт препараттарын
#24
*!Науқас 57 жаста, 3 жыл бойы күштемелі стенокардиямен ауырады, атенолол 50 мг/тәу қабылдайды. Жоғарлаған физикалық жүктеме фонында стенокардия ұстамасы жиіледі, кешкі уақыттан бері айқын ауру сезімді созылмалы ұстама дами бастады. Нитроглицеринге басылмады, суық тер, әлсіздік болды. АҚ 100/70 мм с.б. ЖСЖ -95 рет мин. Тропанин жоғарлаған.
Осы науқаста ЭКГ-да қандай өзгеріс болуы керек?
* Q = Rтісшесінің 1/3, I, AVL, V4-V6 тіркемелерінде ST изолинияда, Т тісшесі оң
*+++ ЭКГ II, III, AVF - QS, SТ доға тәрізді жоғарлаған, Т тісшесімен біріккен.
* QRS –QS түрінде, ST изолинияда, Т тісшесі әлсіз теріс
* ST сегменті изолиниядан жоғары тек ұстама кезінде
* II, III,AVL -Р тісшесі кең екі шыңды, ST изолинияда
#25
*!Науқаста 63 жастағы бір жыл бойы физикалық жүктеме кезінде орташа интенсивті жүрек аймағындағы ауру сезімі, 2 апта бұрын ауру сезімі аз ғана жүктемеден пайда болатын болды. Бүгін ауру ұстамасы тыныштық жағдайда және 2 сағатқа созылды. Нитроглицеринге басылмады, суық тер, әлсіздік болды.
Алғашқы 6 сағатта қандай емдік шараларжүргізу БАРЫНША эффективті болып табылады?
* ++фибринолитикалық терапия
* антикоагулянт енгізу
* бета-блокаторларды енгізу
* наркотикалық аналгетик енгізу
* тамырішілік нитрат енгізу
#26
*!Науқас А., 50 жаста, жұмысындағы стресстік жағдайдан кейін кенет ауырып қалды. ЭКГ: V1-3 – тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі, Rтісшесі жойылып кеткен, ST сегменті 6 мм жоғарлаған. Аурудың 3 күні кенет төстің сол жағында II, III, IV қабырғааралықтарында дөрекі систолалық шу, ірікілісті жүрек жетіспеушілігінің тез дамуымен ауру сезімі пайда болды. Қандай диагностикалық әдістер диагнозды дәлелдеуде ең ақпаратты болып табылады?
*++ эхокардиография
* өңеш арқылы стимуляциялық сынама
* Рентген КҚМ
* дипиридамолмен сынама
* ВЭМ,тридмил тест
#27
*!Науқас С., 45 жаста, трансмуральды миокард инфарктына байланысты стационарлық ем қабылдайды.инфаркта миокарда. Ауру басталуынан 2 аптадан кейін науқаста мына симптомдар пайда болды: жүрек шекараларының солға ығысуы, І тон әлсіреуі, III-IV қабырғааралықтарында перикардиальды пульсация, жүрек ұшында систолалық шу" писк шуы". ЭКГ –да БАРЫНША анықталатын өзгеріс?
* +++комплекс QS ST изолиниядан ары қарайғы динамикасыз жоғарлауымен
* комплекс QR, ST доға тәрізді жоғарлауы , Т тісшесімен біріккен ары қарайғы динамикада.
* QRS –QS түрінде, ST изолинияда, Т тісшесі әлсіз теріс
* Q = R тісшесінің 1/3 , I, AVL, V4-V6тіркемелерінде, ST изолинияда, Т тісшесі оң
* QRS -QSтүрінде, ST изолинияда, кеуделік тіркемелерде терең теріс Т тісше
#28
*!Ер адам С., 68 жастағы кардиология бөлімінде жатқан науқаста артқы- диафрагмалық ірі ошақты миокард инфарктына байланысты 2 аптадан кейін субфебрильді температура, ентігу, кеуде қуыснда ауру сезімі дамыды. Қарап тексергенде: плевральды қуыстың түсуі байқалады. Аускультативті перикард үйкеліс шуы естіледі, ЭТЖ жоғарлаған, ЭКГ өзгерістердің динамикасы, ешқандай асқынулар жоқ.
Қандай емдік шараларды қолдану осы патология кезінде БАРЫНША тиімді?
* гепарин
* дигоксин
* морфин
* фентанил
* преднизолон++
#29
*!Науқас В., 46 жаста төс артындағы нитроглицеринге басылмайтын күйдіріп ауруға шағымданды. Ауыр жұмыс атқарғаннан 4 сағат алдын ауырған. Қарағанда: жағдайы ауыр: тері жамылғылары бозғылт, салқын тер басқан, жүрек ұшында І тон әлсіреген, шоқырақ ырғағы. ЖСЖ-96 рет. мин., АҚ-100/70 мм.рт.ст. ЭКГ: жиі қарыншалық экстрасистолия, QS I, II, aVL, V2-V5 шықпаларында, SТ сегментінің элевациясы мысық арқасы тәрізді. Қандайпрепаратты қолданған БАРЫНША тиімді?
* атропин
* дигоксин
* амиодарон++
* изокет
* верапамил
#30
*! 52жастағы ер кісі, физикалық жүктемеден кейін пайда болатын, жүрек тұсындағы басып тұрғандай ауру сезіміне, АҚҚ тұрақсыздығына шағымданады. 7 ай бұрын миокард инфарктымен ауырған. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы– бұғана ортаңғы сызығынан 1,0 см. сыртқа қарай ығысқан. Өкпесінде: везикулярлы дыбыс, сырыл жоқ. ТАЖ-16рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ- 84рет/ мин. АҚҚ- 160/90мм.сын.бағ. Бауыр қабырға доғасының деңгейінде. Қанда: холестерин -6,8ммоль/л, ТЖЛП-0,78 ммоль/л, ТТЛП- 3,44 ммоль/л, ТГ 1,46 ммоль/л, Креатинин- 75 мкм/л. Глюкоза-5,4 ммоль/л.
Қандай препатттылипидтіалмасуды реттеу үшін тағайындау БАРЫНША тиімді?
* клофибрат
* аторвастатин+
* витаминдер комплексі
* никотин қышқылы
* холестирамин
#31
*! Ер кісі 62 жаста, 1 жылбұрын миокардинфарктын алған. Шағымдары: 3-ші қабатқа көтерілгенде пайда болатын стенокардия ұстамасына және ентігуге, жүректің қағу сезіміне шағымданады. Изокет – спрей көмектеседі. Велоэргометрия мәліметі бойынша физикалық жүктемеге толеранттылық II функциональды классқа сәйкес келеді. Қан анализінде: холестерин -6,8ммоль/л, ТЖЛП 0,5 ммоль/л,ТТЛП 4,6 ммоль/л. Глюкоза -5,9ммоль/л.
Қандай препараты тағайындау БАРЫНША қажет?
* симвастатин+
* фенофибрат
* холестерамин
* никотин қышқылы
* клофибрат
#32
*!33 жастағы әйелдің шағымдары: жүктеме кезінде және горизонталды қалыпта дамитын инспираторлық ентікпе, жүрекқағуы. Анамнезінде жас кезінде ангинаның жиі қайталануы. Жүрек аускультациясында: ритмі ырғақсыз, жүрек ұшында 1 тон күшейген және систоло-диастолалық шу, жсж-110 рет/ мин. Пульс 92 рет/ мин, ырғағы бұзылған. АҚҚ– 120/80 мм. с.б. ЭКГда:
Тромбоэмболияның алдын алу үшін қай препаратты қолданған БАРЫНША тиімді?
* ацетилсалицил қышықылын
* варфаринді, МНО көрсеткішін бақылай отырып++
* клопидогрельді
* ангиагреганттар мен антикоагулянттарды қолданбау
* альтеплазаны
#33
*!52 жастағы әйелде ЖИА және жүрекшелер фибрилляциясы бар. Қабылдап жүрген дәрілері: амиодарон, ацетилсалицил қышқылы, аторвастатин, триметазидин, изосорбид динитрат. Кезекті түсірілген ЭКГде: ритм синустық, жсж-60 рет минутына, QT-0,40сек, QRS-0,10 сек.
Қай препарат синустық ритмнің қалыптасуына БАРЫНША ықпал етуі мүмкін?
* ацетилсалицилқышқылы
* амиодарон++
* аторвастатин
* триметазидин
* изосорбид динитрат
#34
*!33 жастағы ер адам вирустық миокардитпен ауырған. 7 айдан кейін бас айналуы, аз жүктемеден кейінгі ентікпе пайда болған. Қарап тексергенде: жүрек тондары тұйықталған, ритмі ырғақты, жсж-46 рет минутына, бауыры 2 см. қабырға доғасынан төмен, аяқтарында ісіну пайда болған. ЖҚА қалыпты. ЭхоКГ: СДК-7,6см, ССК-4,5см, лақтырыс фракциясы 45%. ЭКГ-ні тәуліктік мониторлаған кездегі көрініс:
Осы асқынуды емдеу үшін қандай емдік тактика БАРЫНША тиімді ?
* уақытша электрокардиостимуляция
* тұрақты электрокардиостимуляция+
* жүрек трансплантациясы
* медикаментоздық ем
* электрической кардиоверсии жүргізу
#35
*!67 жастағы ер адамның шағымдары: төс артындағы интенсивті ауру сезімі сол қолга, мойынға беріледі. Ауру сезімі айқын жүрек қағуымен, әлсіздікпен, бас айналумен қабаттасады. Қарап тексергенде науқас бозарған, тер басқан. ТАЖ – 18 рет 1 минутта, АҚҚ– 80/60 мм с.б. ЭКГ(25 мм/сек жылдамдықта түсірілген):
Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін, аталгандардың ішінен?
* үдемелі стенокардия, жиі қарыншалық экстрасистолия
* жедел коронарлық синдром, жүрекшелік пароксизмалдық тахикардия
* аортаның жарықшақтанған аневризмасы, синустық тахикардия
*++ жедел коронарлық синдром, қарыншалық тахикардия
* жедел коронарлық синдром, АВ пароксизмалдық тахикардия
#36
*! Қабылдауға артериялық гипертензиямен 5 жылдай зардап шегетін ер кісі келді. Амлодипинжәне индапамид қабылдайды, АҚҚ 135\85 мм. сын.бағ.деңгейінде. Күйзелістен кейін, 4 сағат бұрын басының ауруы кенет күшейіп, құлағында шу пайда болған. Қарап тексергенде: беті гиперемияланған, ошақтық неврологиялық симптоматикасы жоқ. Өкепесінде: везикулярлы дыбыс. АҚҚ 160/100 мм.рт. ст., жүрек тондары ритмді. ЖСЖ-90рет/ мин. Қолқада 2 тон акценті.
Қандай дәрілік препаратты тағайындау БАРЫНША тиімді?
* Пропраналол көктамырға
* Нитроглицерин көктамырға
* Каптоприлтіл астына ++
* Фуросемидкөктамырға
* Эналоприлат көктамырға
#37
*! 40 жастағы ер кісіде 1 ай бұрын медициналық тексерістен өту кезінде АҚҚ 160/90 мм.сын.бағ. болды. Анамнезінде: тәулігіне 1,5 қорап темекі шегеді. Бойы-176см, салмағы-86 кг. 2 рет өлшенген АҚҚ - 160/100 мм. сын. бағ. ЖСЖ 82 рет/ мин. Ырғағы дұрыс. правильный. Жүрек ұшы сол жақты бұғана ортаңғы сызығынан 0,5смcыртқа қарай, 5 қабырға аралықта орналасқан.Қолқада 2 тонакценті. Холестерин 5,5 ммоль\л, глюкоза 5,7 ммоль\л. R тісшесі биіктігі V5 >RV4, SV1 терең, ЖЭО горизонтальды. ЭХОКГ: қарынша аралық перде қалыңдығы 1,1см, ЗСЛЖ 1,2см.
Қандай емдік тактика БАРЫНША нәтижелі
* кальций антагонистерімен монотерапия
* бета-блокаторларменмонотерапия
* физикалық жүктеме
* АПФ ингибиторларымен монотерапия
* 2 гипотензивті препаратты тағайындау+
#38
*! 63 жастағы ер кісі, артериальдыгипертензиямен ауырады. 7 ай бұрын миокард инфарктымен ауырған. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы– бұғана ортаңғы сызығынан 1,0 см. сыртқа қарай. Өкпесінде: везикулярлы дыбыс, сырыл жоқ. ТАЖ-16рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ- 84рет/ мин. АҚҚ- 160/90мм.сын.бағ. Бауыр қабырға доғасының деңгейінде. ЭКГ: синусты ритм, ЖСЖ -84 рет/ мин. РQ-0,16сек, ЭКГ: II, III, AVF - QR , ST изолинияда, оң Т-тісшесі. Қанда: холестерин -5,5 ммоль/л, креатинин - 75мкм/л, глюкоза -5,4 ммоль/л.
Қандай гипотензивтіпрепаратты тағайындау БАРЫНША қажет?
* амлодипин
* бисопролол+
* индапамид
* гидрохлортиазид
* дилтиазем
#39
*! 33 жастағы ер кісі, артериальдыгипертензиямен және қант диабетінің 1 типімен ауырады. АГ және қант диабеті бойынша тұқым қуалаушылық анықталған. Инсулинотерапия қолданылады. Өкпесінде: везикулярлы дыбыс, сырыл жоқ. ТАЖ-17рет/ мин. Жүрек тондары айқын, ырғағы дұрыс. ЖСЖ- 88 рет/ мин. АҚҚ- 140/90мм.сын.бағ. Бауыр қабырға доғасының деңгейінде. БҚА: холестерин -5,5 ммоль/л, креатинин - 65мкм/л. Глюкоза -5,8 ммоль/л.
Қандай гипотензивтіпрепаратты тағайындау БАРЫНША қажет?
* каптоприл
* бисопролол,
* метопролол
* гидрохлортиазид
* фозиноприл+
# 40
*! 42 жастағы әйел, АҚҚ максимальды 200/110 мм.сын.бағ. дейін жоғарлайтын жиі кризденуіне, жалпы әлсіздікке, басының айналуына, түнгі уақытта зәрдің көп бөлінуіне шағымданады. Зәрде: салыстырмалы тығыздығы- 1009. БХА: жалпы холестерин-6,5 ммоль/л, триглицерид-1,1 ммоль/л, ТТЛП-4 ммоль/л, ТЖЛП-1,8 ммоль/л. ЭКГ: ритм синусты, дұрыс. ЖЭС горизонтальды. ЖСЖ-75 рет/мин. R биіктігі-V5-6> R –V4, изосызықтан ST сегментінің қиғаш төмен ығысуы, T тісшесі теріс.
Осы пациентте электролиттік баланс көрсеткіштерінің нәтижесі БАРЫНША қандай болуы мүмкін?
* гиперкалиемия, гипонатриемия
* гипернатриемия, гипокалиемия+
* гиперкальциемия, гипохлоремия
* гиперхлоремия, гипокальцемия
* гипонатриемия, гиперхлоремия,
# 41
*!30 жастағы әйел, терапевт дәрігерге жалпы әлсіздікке, тәбетінің жоғарлауына, 2 ай ішінде 10 кг дейін салмақ тастауға, жүрек қағуға, бүкіл денесінің дірілдеуіне, қозғыштыққа шағымданып жүгінді. Дене Т-37,2 С. Сонымен қатар АҚҚ 220/110 мм,сын.бағ. дейін жоғарлайды, гипотензивті терапияға нашар көнеді. ЖСЖ-120 рет/мин. Көңіл-күйі лабильді, шыдамсыз, саусақ ұштарының ұсақ дірілі анықталады. Қалқанша безінің пальпациясы кезінде: 2 дәрежеге дейін ұлғайған, жұмсақ, ауру сезімінсіз.
Төменде көрсетілген қан құрамының қандай өзгерістері БАРЫНША кездесуі мүмкін?
* ↑ ТТГ, ↓ бос Т4, ↓бос Т3
* ↓ТТГ, ↓ бос Т4, ↓бос Т3
* ↓ТТГ, ↑ бос Т4, ↑бос Т3+
* ↑ ТТГ, бос Т4, бос Т3 в норме
* ТТГ-қалыпты, ↓ бос Т4, ↓бос Т3
#42
*!30 жастағы ер кісі, баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң, кенет бетінің ісінуі, терісінің бозғылттығы, аяқтарындағы, бел аймағындағы массивті ісінулер, асцит пайда болған. Тәуліктік бөлінетін зәр мөлшері 150,0 мл. дейін азайған. АҚҚ 190/100 мм.сын.бағ. ЖЗА: сал.тығ-1010, белок-3,0 г/л., эритроцит-50-60 к/айм., цилиндрлер: гиалинді, дәнді. ЖҚА: гемоглобин 120 г/л, эритроцит 4,6х10/л, лекоцит 8,3х10/л, ЭТЖ-20 мм/сағ. БХА: креатинин 600мкмоль/л, мочевина 20ммоль/л, калий 6,9 ммоль/л, натрий 150 ммоль/л. Плевра қуысының УДЗ: гидроторкс, сол жақта-200,0 мл, оң жақта-350,0 мл.
Гипотензивті дәрілік топтың қандай комбинациясын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* В блокаторлар, тиазидтер
* АПФ ингибиторлары, тиазидтер
* кальцийантогонистері, тиазидтер
* В блокаторлар, ілмектік диуретиктер
* ілмектік диуретиктер, АПФ ингибиторлары++
#43
*! 18 жастағы студент қыз бала кенет етеккірінің төмендеуіне, артық салмаққа шағымданады. Қарап тексеру кезінде: салмағы-96, бойы-160см. Орталық типті семіздік, диспластикалық семіздік өзіне көңіл аудартады. Іштің ақ сызығында, бетінде еркектік тип бойынша түктену кездеседі. ЖСЖ -56 рет/мин., АҚҚ 190/100 мм.сын.бағ. Ашқарынға қант деңгейі-5,5 ммоль/л, 2 сағаттан сон- 10,0 ммоль/л. Түрік ершігінің рентгенографиясы: ерекшеліксіз. Гормондардың ИФА: ТТГ-9 мЕД/л, бос Т4-8,0 пмоль/л, таңертеңгілік кортизол-900 нмоль/л, кешкі кортизол-1200 нмоль/, АКТГ-3,3 пг/мл. Бүйрекүсті безінің УДЗ: сол бүйрекүсті безі аймағында көлемі 4х6 см. ісік тәрізді түзіліс.
Қандай гипотензивті препаратты тағайындау БАРЫНША тиімді?
* амлодипин++
* бисопролол
* лизиноприл
* фуросемид
* индапамид
#44
*!58 жастағы ер адамның шағымдары: ентікпе, жүрекқағуы, аяқтарындағы ісінулер.2 ай бұрын Q миокард инфарктын алған. Миокард инфарктының жедел сатысы қарыншалар фибрилляциясымен асқынған, 2 рет қарыншалық тахикардия байқалған Об-ті қарағанда: аяқтарындағы ісінулер, өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ–110/мин Кеуде рентгенографиясында: кардиомегалия, өкпедегі іркіліс белгілері. ЭхоКГ: лақтырыс фракциясы- 34%.
Аталған шаралардың қайсысы кенеттен өлімнің алдын алу үшін БАРЫНША тиімді?
* кардиовертера- дефибрилляторды имплантациялау++
* ЖСЖ белгілерін жоюға арналған шаралар
* АПФ ингибиторларын тағайындау
* бета-адреноблокаторладыр тағайындау
* амиодаронды тағайындау
#45
*!48жастағы ер адам созылмалы жүрек жетіспеушілігінің айқын белгілерімен келіп түсті. Анамнезінде: ЖИА, екі рет миокард инфарктын алған. ЭКГ-да синустық ритм, тыртықтық өзгерістер, Гиса шоғырының сол аяқшасының толық бөгмесі, QRS - 0,14сек. ЭхоКГ – жүректің барлық бөлімдері кеңейген, ЛФ -30 %.
Аталған шаралардың қайсысы БАРЫНША тиімді
* медикаментоздық емді жалғастыру
* жүректі ресинхронизациялау тәсілін қолдану +
* кардиовертер–дефибриллятор имплантациялау
* атрио-вентрикулярлық қосылысқа аблация жасау
* жүрек трансплантациясы
#46
*!35жастағы ер адам гриппен ауырып тұрғаннан кейін жүрек тұсында ауру сезіміне, аз күш түскенде ентігуге, түнгі ентігу ұстамаларына, жүректің жиі қағуына шағымданады. Об-ті қарағанда: еріндері көгерген. Өкпелердің төменгі бөліктеріндегі ылғалды сырылдар. Жүрек шекаралары кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, патологиялық 3 тон, систолалық шу. Аяқтарының төменгі бөліктеріндегі ісінулер. ЖСЖ-102 рет минутына. АҚҚ - 105/80мм. с.б. ЖҚА: лейкоциттер-5•109/л, ЭТЖ-35мм\с. ЭКГ:
Науқаста аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* ЖИА, үдемелі стенокардия, СЖЖ,1
* ЖИА, алғашқы пайда болған стенокардия, СЖЖ,IІБ.
* миокардит вирустық этиологиялы, СЖЖ,IІА. ++
* ЖИА, жедел миокард инфаркты, СЖЖ, IІА
* ЖИА, инфарктан кейінгі кардиосклероз
