Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_o_1179_u (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.11 Кб
Скачать

17. Конфуций ілімінің мәнін тұжырымдаңыз.

Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:

  • Бос қиялға салынбау.

  • «Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.

  • Қасарыстық көрсетпеу

  • Өзінің жеке басы жайлы ойламау.

Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлендер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, «Сұқбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.

Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы: әділеттік табиғатты сүю әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау

Конфуций адамдарды екіге бөледі:

Текті адамдар – заңдар мен адамгершілік қағидалармен өмір сүреді

Төменгі адамдар – тек өз басының қамын ойлайды.

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол — алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ.

18. Сократқа дейінгі антика дәурінің философиясын сыпаттап жазыңыз.

Көне шығыс философиясынан кейін біз Батыс философиясына көшеміз. Әдебиетте оны антикалық философия дейді. Оның Отаны - қазіргі Греция. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық негіздері – патриархалдық-құлдық қоғамынан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде, байлықтың көзі ашылып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенцияның дүниеге келуі т.с.с. Бұл үрдістер Vқ-V б.ғ.д. өтті.

Грек философиясының қайнар көзі – оның бай мифологиясында, гректердің өте терең нақыл сөздер қалдырып кеткен 7 дана аталарында. Сондықтан қысқаша оларға тоқтап кетпеуге болмайды.

Грек мифологиясы – осы күнгі уақытқа дейін адамзатты таңғалдыратын мәдени құбылыс. Ол – бүкіл Европа өркениетінің іргетасына сіңген, бүкіл ағарған адамзаттың рухани өміріне осы уақытқа дейін ықпалын тигізіп, шығармашылық шабыт туғызатын көне мәдениет туындылары.

Грек мифологиясынан сонау көне замандағы адамдардың өмір-салтын, олардың қиялдар мен үміттерін, табиғаттың құбылыстарына оның ашылмаған сырларына деген көзқарастары мен қорқыныш сезімдерін, Дүниенің қалайша пайда болғаны жөніндегі алғашқы түсініктерін байқауға болады.

Грек мифологиясының кейіпкерлері осы уақытқа дейін өнер, философия, әдебиетте қолданылады. Кейбіреулерін атап өтейік. Грек мифологиясында ең жоғарғы құдай – Зевс, - Кронның баласы. Ол өзінің інілері Посейдон мен Аидпен Дүниені бөліп алады. Зевсқа аспан, Посейдонға – мүхит, Аидқа жер тиеді. Зевс аспандағы бұлттарды жинап, жерге жаңбыр жаудыртып найзағайды жібереді, ол үй шаруасына көмектесетін Құдай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]