Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_o_1179_u (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.11 Кб
Скачать

12. Ақиқаттың қазіргі қоғамдағы ролін анықтаңыз.

Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талданып келе жатқан "ақиқат пен сенім" мәселесіне көшейік. Өз уақытыгда Ибн-Рошд белгілі бір нәрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол – біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі қажет, - деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинскиге келер болсақ, ол, керісінше, сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені, ол Құдайдың аяны,- деген пікір ұстады. Бүгінгі таңда бұл мәселе "ғылым және мораль" мәселесіне айналды. Өйткені, адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық құндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет. Басқаша жағдайда, ғылым өз мән-мағнасын жойып, адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке айналып кетуі мүмкін. Осы арада қазіргі ғылымды талдауға уақыт келген сияқты.

13. Танымның шындықты бейнелеу процесі ретінде қарастырыңыз.

Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе – дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Біріншісі - адамның биологиялық табиғаты, яғни, оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар, нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдениет ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса, адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? – Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.

Әрине, жалпы түрде алғанда өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол адам, әлеуметтік топ, я болмаса, жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар, онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі бізге тәуелсіз мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында сәйкес бейнеленуін айтамыз.

14. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты сыпаттап жазыңыз.

Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым – қатынастың мән – мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой – толғамдар жүйесінде ерекше дүниетанымдық маңызы бар.

Адамзат тарихында даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінуге болады: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен, т.б. шұғылданбас бұрын ең әуелі тармақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет. “Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды” – деп халқымыздың тұжырымдағандай, қарыны аш, киімі жыртық, үйсіз – күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қалай айналыспақ.

Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады ден заңды сұрақ туады. Әрине, олар дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғаттан өндіреді, яғни табиғатпен байланыссыз ешқешан өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да – табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі – жан – жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.

Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы – материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз.

Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді.

Ендеше, бұл ретте адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны өоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекені таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.

Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттек адамға ғана тән. Башқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.

Табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Каммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.

Географиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылдықтар арқылы өтеді.

Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруалықтың дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сүранымдарына, өндіріс құрал – жабдықтарының деңгейіне тәуелді.

Бұл айтылғандардың туындайтын тағы бір маңызды мәселе – географиялық отраны ұқыпты да мақсатқа сай пайдалануда қоғамдық құрылыс сипатты рөл атқарады. Мысалы, антагонистік қайшылығы бар таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса солай, стихиялы түрде пайданылады дедік.  Табиғат қорғау ғаламдық мәселеге айналған соңғы кезде ғана “жау кеткен соң‚ қылышынды тасқа шап” деп, сан соғып, өкініп жатқан жай барлық елдерге де төн болып отыр.

Географиялық ортаның қоғам дамуындағы рөлін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс арқылы даму қарқынына ғана әсер етеді. Бұл ретте соцеологияда бағыт (географиялық детерминизм) деп аталатын ағымның кең таралғанын айта кеткен жөн.

Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адамболса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекені таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.

Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]