Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_o_1179_u (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.11 Кб
Скачать

8. Қайта өрлеу философиясын сыпаттап жазыңыз.

Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқуына, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.

Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып, жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әр-түрлілігімен, күнбе-күнгі өзгерістерімен, қызықтығымен көзге түседі.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі.

Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрісінен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты.

Табиғаттың заңдылықтарының бірде-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм (emperіa, -грек сөзі, - тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе ағарған интеллигенцияның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой-еңбегі негізінен дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.

Қайта Өрлеу Заманындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік сауда-саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәнінің өсуі, ұлттық сана-сезімнің қалыптаса бастауы т.с.с. көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың ішіндегі ең ірі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға – ол Н. Макиавелли.

9. Жаңа заман философия өкілдері көзқарастарын тұжырымдаңыз(ф. Бэкон, р. Декарт)

Френсис Бэкон Ағылшын философы (1561-1626ж.ж.) сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлiк - әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков 1 оған Верлуам деген жердегi үлкен қорғанды сыйға тартып, “Верлуам лорды² деген атақ бередi. Алайда, саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Ендi оның философиямен айналысуына жол ашылады.

Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерiнiң iшiнде “Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуi жөнiнде², “Жаңа Органон²,Жаңа Атлантида² деген еңбектерiн атап өтуге болады.

Ф.Бэконның шығармаларының ерекшелiктерi - ол бiлiмнiң өмiрге деген қажеттiлiктен пайда болатындығын асыра көрсетуi. Ол әсiресе, табиғатты зерттеудiң қажеттiгiне көп көңiл бөледi, ал оның негiзгi жолы - тәжiрибелiк зерттеулер. “Не iс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты², ғылымның жетiстiктерi мен жемiстерi - оның ақиқаттығының көрiнiсi,- дейдi ұлы ойшыл.

Рене де Карт Француз философы (1596-1650ж.ж.) - Жаңа дәуiр философиясына өз үлесiн қосып негiзiн қалаған iрi тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарында оқып бiлiм алған. Егер бiз оны Ф. Бэконмен салыстырсақ, ол бүкіл өмiрiн ғылым жолына арнаған тұлға.

Ұлы математик, механик, физиологияның негiзiн жасаушы, психолог, - Декарт Аристотельден кейiнгi жан-жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың нәтижелерiмен ұштастыра бiлген бiрде-бiр ойшыл болды. Негiзгi еңбектерi “Диоптрика²- күн сәулесiн зерттеуге арналған, “Метеорлар²- метеорологиялық мәселелерге арналған, “Геометрия², “Философияның бастаулары², “Әдiстемелер жөнiндегi ойлар²т с.с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]