Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_o_1179_u (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.11 Кб
Скачать

40. Шәкәрім шығармашылығындағы Алла мен адам болмысы, жан мен тән арақатынасын ашыңыз.

Ұлы Абайдың туысы Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858-1931ж.ж.) - ХIХ ғ аяғы - ХХ ғ басында өзiнiң терең де жан-жақты рухани еңбектерiмен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы ойшыл-философ, тарихшы, ағартушы, ақын. Оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлiм-тәрбие берушiсi - Абайдың - ықпалы өте зор болды. Өзiнiң аса дарындылығының арқасында Шәкәрiм бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн өзiндiк жолмен оқып-бiлiп, соның нәтижесiнде Батыс және Шығыс философиясы, әдебиетi мен поэзиясынан сусындап өзiне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын дүниеге әкелдi.

Терең философиялық мәнi бар ерекше мәселе - жан мен тәннiң арақатынасы, өзара байланысы.

“Жансыз тән қалайша жүрмек ?

Сол жан емес пе денелердi қозғап өсiрмек.

Бас қозғалыс қой жанның атасы,

Ол жаратады түрлеп.

Сол жаннан талай жан өскен,

Жанына қарай тән өскен.» Сонымен, ақынның ойынша, жан мен тәннiң арақатынасында басымдылық бiрiншiде, тәуелдiлiк екiншiде, яғни, сана, ақыл тәндi билейдi.

41. Экзистенциализм бағытындағы адам мәселесын анықтаңыз.

ХХ ғасырдағы қоғамдық өзгерiстерге келер болсақ - олар да қайшылықтарға толы. Бiр жағынан адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған “жерұйығын² - коммунизмдi дұниеге еңгiзуге бағытталған орасан-зор батыл да қайғылы әлеуметтiк тәжiрибе ХХ ғ 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкелiп тiредi. Дұниенiң байлығын қайта бөлу әрекетi екi бұрынғы-соңды болмаған Дүниежүзiлiк соғыстарға әкелiп, миллиондаған қыршын жастардың өмiрiн алып кеттi. Гитлер мен Сталиннiң жасаған залымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван-Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқты! Мұндай жағдай философиядағы адам өмiрiне деген терең тебiренiстердi тудырып “өмiр философиясын», әсiресе, экзистенциализм бағытын күшейтiп, оның “дiни² және “атеистiк² бағыттарын дүниеге әкелдi.

ХХ ғ екiншi жартысында дамыған капиталистiк елдер “постиндустриалдық цивилизацияның² шеңберiне кiрiп өздерiнiң халықтарына жеңiл де бай өмiр салтын ұсынды. Демократия бiршама жетiстiктерге жетiп, “адам құқтарының² сақталуына көп көңiл бөлiне бастады.

Бiрақ байлықтың өсуi адамзаттың рухани-адамгершiлiк жолындағы өрлеуiн тездеткен жоқ, тiптi, керiсiнше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бiр жағынан, жер бетiнде өмiрдiң қызығына тоймай, күнбе-күнгi өмiрден ләззат iздеген дамыған елдердегi “алтын миллиард, екiншi жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да “миллиард², ал ол екеуiнiң ортасында аласапыран қиындықтарды басынан өткiзiп, жақсы өмiрге ұмтылып жатқан кедей елдердегi адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бұгiнгi таңда ХХ ғ орта кезеңiнде пайда болған адамзаттың жарқын болашағы жөнiндегi идеялар бiршама сөнiп, ғасырдың аяғына қарай пессимистiк антисциентистiк дүниесезiм бой алып келе жатқан секiлдi.

Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл бөледi. Ерiктiк - “қажеттiктi тану², я болмаса, “табиғи дарынды iске асыру² емес, ол экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын пәнде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне “Causa sui². Ал ерiктiк дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам ерiктi пәнде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “ерiктiк дегенiмiз - адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi²,- деген болатын. Адам тек өз iсiне ғана емес, басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады. Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi - трансцендiлеу, яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз шеңберiнен аттап өтiп не нәрсеге жеткiсi келедi? Дiни экзистенциализм Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз ерiктiктi содан iздеу, дiни трансцендiлеу болып есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң айтуына қарағанда, “адам табиғи дұниедегi үзiлгендiк², екi жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан, оны түсiну - одан да жоғары тұрған - Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия адамның құдайлығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi, Христостың өзi адам болып туды. Құдай дегенiмiз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]